-->
Главная » Статьи » Экономика

өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

өндірістік инфрақұрылымды  ұйымдастыру негіздері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

2.Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

3.Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

 

Дәріс бойынша тақырыпты кеңінен қарастыру. Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану талқыланады. Құрал-жабдықтарды жоспарлау. Жөндеуаралық қызмет көрсетуді толығымен қамту. Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатын талдау. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету.

 

         1.Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттері:

·                        Негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу

·                        Кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату

·                        Қолданылатын құрал-жабдықтарын модернизациялау

·                        Қосымша бөліктерді дәне түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау

·                        Жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды дайындау жатады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.

Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет.

Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеу жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады.Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру, жинау жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеудің  ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшелінеді.

Күрделі жөндеуге агрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.

Күрделілік категориясы мен жөндеу бірлігі кез келген агрегат бойынша сәйкес келеді:

·                   Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.

·                   Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көрсетеді.

·                   Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтамыз.

·                   Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтамыз.

 

         2.Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру. Энергетика шаруашылығының мақсаты, міндеттері мен құрамы. өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады.

Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.Мына міндеттер шешілуі тиіс:

· Жалпы өндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру

· Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау

· Энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау

· Энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.

Кәсіпорынның энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, электр жөндеу бөлімшелері жатады.

Жылу күштік бөлімшесі  қазандық, компрессорлық қондырғы, жылу және канализациялық, су қондырғысын қамтиды.

Электр күштік бөлімшесі  электр желілері мен трансформаторлық қондырғыларды біріктіреді.Оның негізгі міндеті-кәсіпорынның барлық бөлімшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.

Газ бөлімшесі  өндірістік желдеткішті көміртекті және тоңазытқыш қондырғыларды, газ топтарын қамтиды. Ол өндірісті көміртекпен, ацетиленмен және т.б.газдармен қамтамасыз етеді.

Әлсіз токты бөлімшеге зауыттың телефон және радио тораптар байланысы жатады. Бұл берілген тәртіпте кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.

Электрлік жөндеу бөлімшесі (цех) электрлік құралдарды және электр аппаратураларын жөндеуде техникалық құралдарымен қамтамасыз етуден және онда жұмыс істейтін мамандардан тұрады.Ірі кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты бас энергетик басқарады.

Энергоресурстарды өндіру және оны жұмсауды мөлшерлеу және жоспарлау.

Мысалы,механикалық цехтағы жоспар жылындағы өнім өндіруге энергияны жұмсау шығыны келесі формуламен есептелінеді:

 

                   Pжос = H эл * N

 

Мұнда,

Pжос – жоспар мерзіміндегі электроэнергияны жұмсау шығыны, кВт.сағ;

H эл – машина бөлікке цех бойынша электроэнергияны жұмсау мөлшері;

N – жоспарлы мерзімге есептелінген  машина бөлікке  бағдарлама.

Энергияны ұтымды пайдалану. өнеркәсіптік өндіріс энергия ресурстарын көп пайдаланатын тұтынушыларға жатады.Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарда энергия ресурстарын үнемді пайдалану шараларын дәйекті жүргізу экономика үшін маңызды зор мәселе болып табылады.

         Энергия тарату жүйелерін дұрыс таңдау.өндірістік үрдісті орындау үшін әр түрлі энергия таратушы жүйелерді пайдалануды қажет етеді.Оларды пайдалану барысында салыстырмалы сипаттамаларын жасау қажеттігі туындайды.

         Қайталама энергоресурстарды пайдалануға мысалы,пештен шыққан газдарды,генератор газының физикалық жылуын, бу конденсаторын, суытылған суды, кокс және домна газдарын толық пайдалануды жатқызуға болады.

         Негізгі өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдіру. Энергияны үнемді пайдаланудың негізгі технологиялық шараларына өндірістік үрдістерді интенсивті жүргізу, жаңа жетілдірілген технология мен техниканы енгізу жатады.

         Отын мен энергияны үнемдеудің жалпы шаруашылық шараларын жүргізу үшін желдеткіш жүйесінің, су құбырларының жетілдірілген түрлерін, отын мен энергияны үнемдеуді ынталандыру жүйесін қолдануды, отын мен энергияның барлық түрлеріне техникалық негізделген мөлшерлерді енгізу және т.б.пайдалану қажет болады.

3.Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру. өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және т.б. көптеген технологиялық құралдар кеңінен пайдаланылады.

Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, құрал-сайман шаруашылығын жетілдіру шараларын дайындау жатады.

Қолданатын құралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі қажет. Кәсіпорында толығымен қолданылатын құрал-саймандарды пайдалану сипаты бойынша арнайы және стандартты болып бөлінеді.Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-саймандарды айтады.Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді.

Өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарын құру келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:

·                   өндірістің құрал-сайманға қажеттілігін анықтау

·                   жаңа өндірісті қамтамасыз ету

·                   цехтың айналым қорларының өзгеруі

·                   ОҚҚ қорларының өзгеруі

·                   Шетке құрал-саймандарды дайындау.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал-саймандарды ұйымдастыруды жетілдіру кәсіпорынның тиімділігін арттырудың негізгі көзі болып саналады.Мысалы,

·                         Стандарттық құрал-сайман өндірісінің орталықтандыруы және мамандануы

·                         Арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы

·                         Кәсіпорында технологиялық жабдықтарды қайта құру немесе қалпына келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту

·                         Жұмыс орындарын жабдықтармен қамтамасыз ету әдістерін және прогрессивті жүйелерді қолдануды кеңейту

·                         Технологиялық жабдықтарды және құралдардың арнайы қоймаларын құру, қоймалық операцияларды автоматтандыру негізінде құрал-сайман қоймаларының жұмыстық жүйесін құру

·                         Оперативті-өндірістік жоспарлаудың алдыңғы қатарлы жүйелерінің және құрал-сайманмен қызмет көрсетуді ұйымдастыруына есептің кең енгізілуі

·                         Технологиялық жабдықтардың жағдайына және оның ережелерінің сақталуын қадағалау және бақылауды жүзеге асыру

 «құрал-сайман қызмет көрсету» жүйесін енгізу арқылы оларды бақылауды іске асыру және т.б.шаралар жатады.


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 5035 | Теги: өндірістік инфрақұрылымды ұйымдасты | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: