-->
Главная » Статьи » Экономика

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру

Қарастырылатын сұрақтар:

1. өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

3. өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау

4. өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

 

Дәрістің мақсаты: өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері толығымен қамтылған.өндірісті техникалық дайындаудың кезеңдері қарастырылған.өндірісті техникалық жетілдіру жолдары талқыланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мәліметтер ашылады. өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (өҒТД) жөнінде қарастырылады.өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты талқыланады.

 

1. Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері. өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.

Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:

· Жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның  тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады.

·  Жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады.өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.

·  Өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады.

Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.

Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.

Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен  игерілген өнімнің  жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

 Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстарымен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.

 

         2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жаңалықтар ашу, өнертапқыштардың, патенттермен лицензиялар құқықтық актілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады.

         Жаңалықтар ашуға тылсым дүниедегі белгісіз болып келген обьективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады десек, ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс салаларындағы техникалық мәселені шеше отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтады.

         Жаңалық ашқанды растайтын құжат авторлық куәлік деп аталады.

         Лицензия дегеніміз–патенттелген жаңалықтың негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.

         НОУ-ХАУ–құқық қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Патент берілмеген обьектілер үшінші біреулерге «ноу-хау»беру туралы шарт жасасу арқылы берілуі мүмкін.

         Нарықтық экономикалық қатынастардың даму барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындар дами бастайды. Оларға ғылыми немесе инженерлік зерттеулермен, сараптамаларымен, жаңалықтар енгізумен, сонымен қатар құрамында ірі фирмалардың тапсырысы мен мемлекеттік келісімшарттары орындаумен айналысатын шағын және орташа кәсіпорындар жатады.

         Нарыққа келіп түскен жаңа өнім түрінде тұтынушы «салқын қанды» қарауы да мүмкін.Жаңа тауарды таратуда жарнамаға, маркетингтік іс-шаралар жүргізуге үлкен мән беріледі жіне ақпараттық сипат алуы керек.Сонымен қатар жаңа өнім түрін жасау кезінде экономикалық ынталандыру, мотивация жүйесі үлкен рөл атқарады.Бұл жүйеге қаржыландыру, несиелендіру, жеңілдіктері бар салық салу, жаңа техникаға баға қою, жұмысшыларды материалдық ынталандыру жұмыстары кіреді.

         3. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (ӨҒТД) деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

         Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндірі жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі- технологиялық шаралар кешенін айтады.

         Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты болады.Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады:

·              Техникалық факторларға–типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану, технологиялық жабдықтарды қолдану, бөліктерді өңдеудің механикалық және теримялық өңдеудің прогрессивті тәртібін қолдану, ұнтақты металлургия, электрофизикалық, электрохимиялық және т.б. әдістерді дайындау, сапаны тексеруде белсенді және обьективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану, технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады.

·              Экономикалық факторларғ-өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген  несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б. жатады.

·              ұйымдастыру факторларға құрамына өндірісті  мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, көмекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, саларалық кооперациялауды кеңейту кіреді.

·              Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту саналады.

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттілікті пайда болады.

Өндірісті конструкторлық дайындаудың келесі сатыларын қарастырайық: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эксиздік жоба және жұмыс жобасы.

Техникалық тапсырма бастапқы құжат болып табылады.Оның негізінде жаңа өнімді жобалау бойынша барлық жұмыстар жүргізіледі.Ол өнім өндіруші кәсіпорынның және тапсырыс берушінің келісімен немесе тапсырушының тапсырмасымен келісіп отырып жаңа өнімнің жобасы жасалады.

Техникалық ұсыныс тапсырыс беруші жаңа өнімді әзірлеушіге техникалық тапсырма берген жағдайда аталады.Техникалық ұсыныс техникалық тапсырманы жан-жақты талдауды, өнімді жобалау кезінде мүмкін болатын техникалық шешімдерді техника-экономикалық негіздеуді ескере отырып салыстырмалы түрде баға беруді, сонымен бірге патенттік материалдарды талдауды қамтиды. Техникалық ұсынысты үйлестіріп және бекіткеннен эскиздік жобаны дайындау үшін негіз болады.Эскиздік жоба техникалық тапсырманы мен техникалық ұсыныста қарастырылғаннан кейін ғана дайындалады, онда жұмыс көлемі мен құрамы анықталады.

Эксиздік жоба графикалық бөлім мен түсіндірме хаттан тұрады.

Жұмыс жобасы конструкторлық құжаттау, графикалық бейнелер нысандарын қысқарту және оған өзгеріс енгізуді, сонымен қатар техникалық құжаттарды өңдеуді механикаландыру мүмкіндігін және олардың түпнұсқасын алуды алдын ала қарастырылады.

Технологиялық құжаттау жүйесі. Конструкторлық құжаттау жұмысынан кейін технологтар технологиялық құжаттарды дайындаумен айналысады. Ол екі міндетті шешуге негізделген: ақпараттық және ұйымдастырушылық.

 

4. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру. өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені қарастырған жөн.Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісуі қажет.өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындауы қажет.

Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.

Бұл жүйенің негізгі мақсаты халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет болады.

Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша топталады.

Өндірістік үрдіске қатысты кіруші бақылау, операциялық бақылау, шығушы операция болып бөлінеді.

Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызатын болса, операциялық бақылауға өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады.

Шығушы операцияға дайын өнімді,жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді бақылау жатады.

Атқаратын міндетіне қарай бақылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып үш топқа бөлінеді.Ағындық (ескерту) бақылауға өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтамыз. Қабылдауды бақылау іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін бақылау жатады.Инспекциялық бақылау өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкердің жұмысын айтады.

Бақылау операцияларын жүргізу орнына байланысты стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді.

Стационарлық бақылау дегеніміз арнаулы бақылау пунктерінде бақылаушылардың жұмыс істеуін айтады.

Жылжымалы бақылауға негізгі жұмысшылардың жұмыс орындарында бақылау жұмыстарын жүргізуді жатқызады.

Кәсіпорын техникалық бақылау шартымен жұмыс істейтін жұмысшылардың өндірген өнімін сатуға хақысы бар. 


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 8523 | Комментарии: 1 | Теги: Өндірісті ғылыми-техникалық дайында | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
1 Жулдыз   (11.12.2013 02:23)
реферат


Имя *:
Email:
Код *: