-->
Главная » Статьи » Экономика

Өндірісті ұйымдастырудың ағындық әдістерінің негіздері және оның тиімділігі

Өндірісті ұйымдастырудың ағындық әдістерінің негіздері және оның тиімділігі

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы

2. Ағындық сызықтың түрлері және оның негізгі есептемелері

3. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру негіздері

 

Өндірістік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру қарастырылған. Нарықтық экономика тұсында ағындық өндіріс түпкілікті ерекшелінеді.өндірістің ағындық әдістерін кең түрде талдау. Ағындық сызықтың негізін қалыптастыру. Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу жолдарына тоқталу. Еңбекті ұйымдастыру негіздерін толыққанды қамту.

 

1. Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы. өндірістік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негізінде өндіріске кешенді ағындық әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға ықпалын тигізеді.

Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып табылады.

Нарықтық экономика тұсында ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады.өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға септігін тигізеді.

Өндірістің ағындық әдістерін кең түрде қолдану өнім өндіруді,оны құрайтын түйіндері мен бөліктерінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді.Бұл бұйымдардағы стандартты элементтер мен түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.

 

2. Ағындық сызықтың түрлері және оның негізгі есептемелері. Ағындық өндірістің негізін ағындық сызық құрайды.Онда өнімді өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады.

Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады.өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай бір заттық немесе көп заттық ағындық сызықтар болып бөлінеді.Бір заттық ағындық сызықтарға ұзақ уақыт бір типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жүктеледі және ол жаппай өндіріске тән болады, ал көп затты да-екі немесе одан да көп типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жұмыстары орындалады.

Көп затты ағындық сызықтар топтық және айнымалы-ағындық болып бөлінеді. Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді. Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады.

өндірістік үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты бірзатты және көпсызықты сызықтар үздіксіз-ағындық және үздікті ағындық сызықтар болып бөлінеді.

Ағындық сызықтың жұмыс істеу тәртібіне - ағын тактісі, яғни екі бұйымды құрастыру немесе екі бөлікті дайындау арасындағы уақытты айтады.

Ағындық өндірісте қолданылатын барлық тасымалдау құралдарды білікті және біліксіз болып екіге бөлінеді.

Ағындық өндірісте жиі қолданылатын білікті тасымалдау құралдарына транспортерлер мен конвейрлер жатса, ал біліксіз тасымалдау құралдарына –сырғымалар, көтеру-тасымалдау құралдары (көтергіш крандар және т.б.) жатады.

Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу жолдарына тоқтап өтейік.

 

1.Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштеріне ағын тактісі жатады және ол мына формуламен есептелінеді:

 

         r = Fp / N ;

 

Fp – белгілі бір уақытқа белгіленген уақыт қоры, мин.

N – сол уақыттағы өнім өндіру бағдарламасы немесе көлемі, бірлік

        

         Fp = Dp * m * q ;

 

Dp – есеп жылындағы жұмыс күндерінің саны

m- жұмыстың кезектілігі

q- кезектің ұзақтылығы,мин.

        

Регламенттелген үзілістері бар ағындық сызықтарда есепті жұмыс уақыт қоры осы үзілістердің ұзақтығына қысқарады.

 

2.Бір жұмыс орнынан екіншісіне тасымалдау партияларын (р) тасымалдау ағындық сызықтық ырғағын (R) анықтайды.

Ол екі бөліктердің тасымалдау партияларын немесе бұйымның тасымалдау партияларын құрастыруды дайындау аралығындағы уақытты көрсетеді.

 

         R = r * p;

 

3. Ағын қарқыны (d) деп  бір уақыт бірлігінде, ағындық сызықтан шыққан өнім санын айтады, ол ағын тактісінде кері шама:

 

        

D = 1 ;

r

Егер,ағын тактісі r = 5 минут болса, шыққан өнімнің сағаттық қарқыны 12 данаға (60 / 5) тең болады.

 

4.Ағындық сызықтың әрбір опеарациясындағы жұмысшылар саны

 

         C і = t і / r;

 

Мұнда:

         t і –түріндегі операцияның ұзақтығы

         r – ағын тактісі.

 

5. Әрбір опеарациясындағы жұмыс орындарын жүктеу коэффициенті

 

         n= C і / C і n;

үздіксіз-ағындық өндірісте n бірге жақын болуы тиіс, бұл мына шарттың орындалуын талап етеді:

 

         t 1/ C 1= t 1/ C 1 = ... t n/ Cn = r

 

үздікті – ағынды өндіріс жағдайында жұмыс орындарының есепті саны жуық бүтін санға дейін дөңгелектенеді. Бұл жағдайда әр операциядағы жұмысшылар саны і ) келесі формуламен анықталады:

 

 Рі  = C і / n і ;

 

мұнда;

         C і – і операциясындағы жұмыс орындарының саны

                n і – көп станокты қызмет көрсету мөлшері (нормасы).

 

өндірістік үрдістің ұзақтығы еңбек және табиғи үрдістерді орындау уақыттары мен өндірістік үрдістерде болатын үзілістер уақытынан тұрады:

·        Кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің өндірістік бағдарламаларын есептеу үшін

·        өндірістік үрдістің басталу және аяқталу мерзімдерін анықтау үшін

·        аяқталмаған өндірістің шамасын анықтау үшін.

Еңбек үрдістері кезінде технологиялық және технологиялық емес операциялар орындалады.

         өнім өндірудің өндірістік циклының ұзақтығы дегеніміз шикізат,негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар дайын өнімге айналуы үшін кететін календарлық уақыт мерзімін айтады.

 

3. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру негіздері. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру өндірістік үрдістегі техника мен жұмыскерлердің ұтымды бірігуіне бағытталып, еңбекті бөлу мен кооперациялаудың белгілі бір түріне сүйенеді. Еңбекті ұйымдастырудың түрлеріне мыналалар жатады:

·        еңбек,мамандық және кәсіп түрлері бойынша

·        еңбектің атқаратын функциялары бойынша (негізгі, қосымша еңбек түрлері)

·        мамандардың ьіліктілігі бойынша .

Еңбек бөлінісі мен оның кооперациялаудың мәні орындаушының мамандандырылуы мен жұмыс кезінде олардың қарым-қатынасының қалыптасуымен түсіндіріледі.

Еңбекті ұйымдастыру өндіріс аясында ғана емес, сонымен қатар басқару жүйесін де қажет. Басқарушы қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудың негізін оның еңбек бөлінісі, мамандандырылуы және кооперациялауы құрайды.

Менеджерлердің жұмыс уақыты, жұмыс күні, өкілеттілігі дұрыс ұтымды тәртібін орнату, қызметкерлер арасындағы жауапкершілікті анықтау, құқықтар мен міндеттерінің бөлінуімен анықталады.

Еңбек бөлінісі берілген іске деген орындаушылардың жауапкершілігін арттырады. Бірақ оны жүзеге асыру үшін қызметкерлердің орындайтын жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қажет.Оның ең көп тараған түрлері: бөлімше, бөлім, өндірістік бригада жатады.

Өндірістік үрдістің ерекшеліктері мен орындалатын жұмыстың сипатына байланысты техникалық және эргономикалық нормативтер мен талаптар бойынша жұмыс орны құрылады.


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 4714 | Теги: Өндірісті ұйымдастырудың ағындық әд | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: