-->
Главная » Статьи » Экономика

Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

1. Жер нарығы

2. Еңбек нарығы

3. Капитал активтерінің нарығы

 

1.  Жер және оның қойнауындағы қазба байлықтарын, қозғалмайтын мүлікті пайдаланудан алынатын табысты алу және баға белгілеу қатынастарын- рента деп атайды.

Қысқаша мағынада экономикалық рента дегеніміз- кәсіпкерлік қызметке байланыссыз, қарызға берілген жерден, капиталдан, мүліктен тұрақты процент түрінде алынатын табыс.

Рента-пайда табу және өнімді пайдалану мүмкіндігі үшін арендатордың меншік иесіне төлейтін жер бағасы. Жерге  оның табиғи ресурстарымен бірге ғпмараттар түрінде салынған қозғалмайтын мүлікке иелік ету, одан таза, яғни абсолютті рента алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арендалық төлем түрінде табыс алады. Арендалық төлем- тек қозғалмайтын мүлікті, яғни өндірістік үйлер, ғимараттарды пайдаланғаны үшін жасалатын төлемдердің ерікті формасы.

Өндіріс факторлары нарығында жер, оның ресурстары және қозғалмайтын мүлік тауар айналымы өрісінде өзіне ауыстырылатын балама жоқ ресурстар ретінде түседі. Экономикалық рента алып келу себебі: нарықта оларды ұсыну өте икемсіз.

Таза экономикалық рента нарықта   Баға белгілеу кезіндегі негізгі шарттардың бірі- жерге, оның ресурстары мен қозғалмайтын мүлікті ұсынудың икемсіздігі салыстырмалы түрінде оларға деген  нарықтық сұранымға байланысты.

Кәсіпкерлер үшін жерге және оған байланысты өндіріс ресурстарына сұраным олардан алынатын шекті өнімнің ақшалай көрінісіне тең болу керек.

Жерге деген сұранымның өзгеру шарттарының бірі- проценттің нарықтық мөлшері. Рентаны анықтау кезінде прцент нормасын қолдану жер және оның байлықтарын дисконттау арқылы жүргізіледі. Болашақ табыстың көлемін рента түрінде есептеу, яғни дисконттау келесі түрде орындалады:


ДР- рентаның дисконтталған көлемі;

Р- жылдық рента;

Ч- % мөлшері.

Дисконттау арқылы дифференциалдық рента анықталады. Дифференциалдық рента дегеніміз- жердің құнарлығына, орналасуына және сол жерден алынатын пайдалы қазбалардың орналасуына, өндірілу мазмұнына қарай алынатын табыс.

Дифференциалдық рента 2-ге бөлінеді:

а) Дифференциалдық рента І - өте құнарлы және рынокқа жақын орналасқан жердегі учаскілерде құрылатын үстеме баға.

ә) Дифференциалдық рента ІІ- табиғи жағынан құнарсыз учаскілерге қосымша жұмсалатын капитал шығынының айырмашылығы.

Диффференциалдық рента өндірілген өнім бағасы мен оны өндіруге кеткен шығын арасындағы айырмашылыққа тең.

 

2. Еңбек нарығы дегеніміз- жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшіне сұранымды кәсіпкер немесе жалдаушы тілегі көрсетеді. Жұмыс күшіне ұсыным қызметкерлердің тілегін көрсетеді.

Жұмыс күші нарығының ерекшелігі- жұмыс күшін ұсынытын жұмыскердің қанша уақыт жұмыс істегісі, қанша уақыт демалғысы келетінін анықтауы. Осыған байланысты келісім ұзақтығы белгіленеді, бұл уақытта жұмыскерді берілетін еңбек ақы қанағаттандырады. Еңбек нарығында "жұмыс-демалыс” дилеммасы қалыптасады. Жоғары табыс табу үшін жұмыскер өзінің бос уақытын жұмсайды.

Жұмысшы өзінің материалдық жағдайын жақсартып алғаннан кейін, өз еңбегін ұсынуды тоқтатып, қосымша жұмыс орнынан бас тартады.

Еңбек нарығында жұмыс күшін ұсыну келесі шарттарға байланысты:

а) халықтың жалпы саны;

ә) еңбекке жарамды белсенді халықтың саны;

б) 1 жылда атқарған жұмыс сағатының орташа саны;

в) жұмсалатын еңбектің саны мен сапасы, мамандық деңгейі, өніиділігі.

Жұмыс күші нарығында еңбек бағасы жалақымен анықталады. Жалақы арасындағы айырмашылық- жұмысшының біліктілігіне, орындайтын жұмыс түріне байланысты.

Жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінің бұзылуына кәсіподақтардың монополиялық күші әсерін тигізеді:

1-ден, басқа экномикалық шарттарды есепке алмай, жалақыны көтеруді талап етеді;

2-ден, еңбекті капиталмен ауыстыруды тездету, жұмыс күшіне деген сұранымды төмендетеді;

3-ден, кәсіподақпен қамтылған сапаларға еңбекті ұсынуды шектеу шараларын қолдануды талап ету.

Салаларға еңбекті ұсынуды шектеу шараларын қолдануды талап ету.

Еңбек ақы тауар бағасына шығын ретіндеқосылатын болғандықтан, тауар бағасы жоғарлап, оған деген сұраныс төмендейді. Тауар бағасының өсуі капитал жинау мен жинақты төмендетеді.

 

3. Капитал активтеріне жататындар: үйлер, ғимараттар, өндіру бағытындағы техника мен машиналар, жабдықтар мен құралдар; энергия және ойлар; ЭЕМ-дік бағдармалар және экономикалық бағыттағы әртүрлі ақпараттар.

Өндіріс факторлары нарығында қызмет ететін сұраным мен ұсыным заңдары бойынша капитал активтерінің бағаларын қоюға болады. Олардың бағасы- өндіру кезінде, пайдалану нәтижесінде алынатын табыс түрінде көрінеді.

Капитал, капиталдық активтерден алынатын табыс жылдық проценттік ставка түрінде болады, яғни белгілі уақыт аралығында, әсіресе 1 жылда қолданылатын капитал деңгейіне проценттік қатынаста белгіленетін табыс деңгейі. Алынатын табыс көлемі капитал және капитал активтерінің бағасы болып табылады.

Кез-келген формадағы капитал активінің құнын ақшалай бағалауға болады. Ақшалай көріністе гидростанциялардың, компьютер, машиналардың, құрылыс материалдары мен шикізаттардың құнын анықтауға болады. Ақшалай өлшемде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар номиналы белгіленеді.

Капитал активтерінен алынатын табыс процент түрінде белгіленеді. Өндіріс факторлары ретінде капитал активтері түрінде көрсетілген нақты экономикалық игіліктердің өнімділігі жоғары болса, қойылатын процентте жоғары болады.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 8398 | Теги: Өндіріс факторларының нарығы және ф | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: