-->
Главная » Статьи » Экономика

Нарықтық экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Нарықтық экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Нарық жағдайында кәсіпорын  жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары

2.Жоспарлаудың элементтері мен кезеңдері

3.Жоспарлаудың түрлері

4.Бюджетті жоспарлау

 

Жоспарлау басқару функцияларына анықтама беру. Фирманың ішкі жұмыстарының жоспарлау және негізгі мақсаттары талқыланады. Жоспардың ұтымды варианттарын анықтау қағидасы кеңінен қамтылған. Жоспарлаудың негізгі элементтері көрсетіледі. Жоспарлау түрлері туралы мәліметтер толық қамтылған. Бюджеттік жоспарлау талқыланады. 

 

1. Нарық жағдайында кәсіпорын  жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:

·                   өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау

·                   негізгі міндеттерге ерекше назар аудару

·                   экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту.

         өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:

Жоспарды әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынандай қағидаларға сүйенеді:

- бейімділік (икемділік)

- жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер енгізу қағидасы

- ұтымдылық қағидасы.

Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:

- күрделі қаржының ең тиімді жолдарын анықтау, жоспардың негізгі көрсеткіштеріне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда

- өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды жолдарын анықтап алу

- сатылып алынатын шикізат мен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.

 

2.Жоспарлаудың элементтері мен кезеңдері. Кәсіпорынның ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

·        болжау

·        мақсатты анықтау (міндет қоя білу)

·        жоспарға түзету енгізу

·        бюджетті құрау

·        жоспарды нақтылау.

Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы,жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады.Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды.Болжау-фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.

Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады.Олардың жуық уақыттары белгіленеді.

Жоспарды түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі.Бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.

Бюджетті құрау. Бюджет дегеніміз-ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады.Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, бюджет және т.б. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.

Жоспарға түзету енгізу және оны нақтылау. Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады.Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақытылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі.Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді.Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне  де байланысты болады.

Жоспарлаудың кезеңдері. Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:

·        стратегиялық мәселелерді талдау

·        кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау

·        дамудың ұтымды вариантын таңдау.

Стратегиялық мәселелерді талдау.кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады.Талдау екі жақты болады:

·        нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек

·        нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.

Кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл катологқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі.

Дамудың ұтымды вариантын таңдау. Кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:

·        кәсіпорынның нарықтағы орны

·        кәсіпорынның қайсысы сала мен шаруашылық секторына жататындағы

·        өндірістік бағдарламаның ассортименттік құрылымы.

 

3. Жоспарлаудың түрлері. Жоспарлаудың үш түрі бар:

·        ұзақ мерзімдік жоспарлау

·        орташа мерзімдік жоспарлау

·        қысқа мерзімдік жоспарлау

Жоспарлаудың негізгі мақсаттарына мынандай көрсеткіштерді анықтау жатады:

·        сату көлемі

·        тауарлық масса

·        табыс

·        кәсіпорынның нарықтағы үлесі.

Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді.ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды.

Орта мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік жоспарға қарағанда нақты мақсаттар мен сандық сипаттамалары берумен ерекшелінеді.Бұл жоспар 2 немесе 3 жылға жасалады.Орта мерзімдік жоспарда ресурстарды бөлу негізгі орын алады.Орта мерзімдік жоспар үш кезеңнен тұрады.

1-кезеңде әрбір бөлімше өзінің мәліметтері негізінде дамудың болжамын жасайды

2-кезеңде болжамдар салыстырылады және олардың арасындағы айырмашылықтар анықталынады

3-кезеңде дамудың жалпы сценарийі дайындалып, ол жоғары басшыларға ұсыналады.

Қысқа мерзімдік жоспар бір жылға, жарты жылға, бір айға әзірленеді. Бір жылдық жоспар мынандай бөлімдерден тұрады:

·        өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау

·        материалдық-техникалық жабдықтау жоспары

·        күрделі қаржыны жоспарлау

·        еңбек ақы мен мамандарды жоспарлау

·        толық өзіндік құн, табыс пен табыстылықты жоспарлау

·        қаржыны жоспарлау және т.б.

Қысқа мерзімдік жоспарда серіктестіктер мен жабдықтаушылардың арасындағы байланысты нығайту жөніндегі мәселелер келісіледі.Айлық жоспар екі кезеңнен тұрады:

·        жоспарлаудан екі ай бұрын өндірілетін өнімінің көлемі мен модификациясы анықталады

·        толықтырылған жоспар әзірленеді.

 

 

 

4.Бюджетті жоспарлау. Жоспарлаудың негізгі құралына бюджет жатады.Бюджет жалпы түрде кірістер мен шығыстардың жоспарын жасау арқылы анықталады.Бюджет ақшалай және натуралды шамамен есептелінеді.

Бюджеттің беріктілігі бюджет мезгілінің аяғындағы жоспарланған және нәтижелі көрсеткіштерді салыстыру мүмкіндігімен анықталады.Бюджет көрсеткіштері және оның орындалуы бюджет мезгілінде қайта-қайта толықтырылып отырады.Кейде бюджетті жаңа ситуцияларға байланысты өзгертіп отыруға болады. Бюджеттің негізгі үш түрі бар:

·        күрделі қаржы бюджеті

·        ағымдағы операциялар бюджеті

·        жалпы бюджеттің құрамдас бөліктері

Күрделі қаржы бюджеті ұзақ уақыттық жоспарларды орындауда көп қаржылар қажет етілетін болса қолданылады.

Жалпы бюджеттің құрамдас бөліктері.Табыс табу жөніндегі тапсырма және болашақта табатын табыстың шамасын анықтау.

Ағымдағы операциялар бюджеті күнделікті өндірістік және өнім өткізуді бақылау және жоспарлау кезінде қажетті қаржылардың қолданылуын айтады. Кәсіпорындардың жұмысын жоспарлауда үздіксіз бюджет құрау әдісін қолданады.

Тағы да бір бюджет құраудың әдісіне бюджеттің әр түрлі варианттарын жасау әдісі жатады.Бұл жағдайда бюджеттің бірнеше :

·                        жоспарланған бюджет

·                        жоспарланған деңгейден жоғары бюджет

·                        жоспарланған деңгейден  төмен  бюджет


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 7288 | Комментарии: 4 | Теги: Нарықтық экономикадағы кәсіпорын жұ | Рейтинг: 3.7/6
Всего комментариев: 4
4 Нурболат   (26.12.2016 09:30)
oooouu

3 Ляззат   (20.12.2016 15:35)
как можно скачать эту работу

2 Gulbakhyt   (15.10.2016 12:18)
как можно скачать эту работу

1 жулдыз   (22.11.2015 23:28)
хочу эту работу


Имя *:
Email:
Код *: