-->
Главная » Статьи » Экономика

Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары

Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары

Білімгерлермен нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формаларын талдау. Шаруашылықтың әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын құрудың негізі – меншік түрлерінің алуан түрлілігін қарастыру. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. «Иемдену-айыру» қатынастары. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары. Қоғамда меншік формаларының көптүрлі болуының заңды қажеттілігі. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері, әдістері, проблемалары.

 

Негізгі терминдер: акционерлік қоғам, кіші кәсіпорындар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, суды тұтынушылар қоғамдастығы, мемлекеттік кәсіпорындар, жекеше кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, толық серіктестік, аралас серіктестік, өндірістік кооперативтер.


1. Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары

2. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі

 

1. Шаруашылықтың жаңа формалары: акционерлік қоғам, кіші кәсіпорындар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, суды тұтынушылар қоғамдастығы және т.б.  Акционерлік қоғам (корпорация) - корпоративті капитал негізінде құрылған заңды тұлға болып табылады. Ақшалай қаржы – акциялар шығару және сату жолымен, негізгі капитал жекешелендірілген мемлекеттік меншікті сатып алу есебінен құрылады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (кеңшарларды) қайтадан ұйымдастыру кезінде кәсіпорындардың мүлкі оның қызметкерлеріне үлестер бөліп беру жолымен ұжымдық-үлестік меншікке айналдырылуы мүмкін, яғни акционерлік кәсіпорын болады. Шаруашылықтар мұнымен қатар акциялар шығара алады және сата алады.

Акционерлік кәсіпорынды иемдену құқығы акциялар санымен анықталады. Акционерлер қоғамның қарыздары бойынша жауапкершілікті акцияларға салған өз салымдары шеңберінде ғана атқарады. Сондай-ақ кіріс те акциялар саны бойынша бөлінеді.

Акционерлік қоғамдардың мүшелері өздерінің акцияларына дивиденд түрінде кіріс алады.

Акционерлердің мүліктік және жеке құқықтары бар. Мүліктік құқықтарға дивитденд алу, сондай-ақ фирманың жойылуы мүмкін жағдайда мүлік құнының бір бөлігін алу құқығы жатады. Жеке құқыққа акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа ие болу құқығы жатады.

Салымшының өз акциясын сату және қоғамнан шығу құқығы бар.

Бизнесті ұйымдастырудың корпоративті түрі қоғамның капиталын құруға ірі инвесторларды да, көптеген ұсақ инвесторларды да тартуға мүмкіндік береді.

Қоғамның жалпы басшылығын акционерлердің жалпы жиналысында сайланған директорлар кеңесі жүзеге асырады. Компанияның директорлары болып компанияның акционерлері де, жалдамалы менеджерлер де сайлана алады.

Директорлар кеңесі басқарушыларды тағайындайды және олардың жалақыларын белгілейді, маңызды келісім-шарттар бойынша шешім қабылдайды және дивидендтер мөлшерін айқындайды.

Басқарушылар (менеджерлер) акционерлік қоғамның атқарушы органы болып саналады, сондықтан олардың басты міндеті – компанияның ағымдағы істеріне басшылық ету.

АҚ рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да заңды тұлғаларда хақылы. А.қ. құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келсім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. А қ ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. А.қ. негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.

Ауыл шаруашылығында өндірісті ұйымдастырудың осы түрі бойынша шаруашылық аралық кәсіпорындар мен берлестіктер, жекешелендірілген ірі кеңшар негізіндегі өндірістік бірлестік, құс фабрикасы және акционерлік қоғамның басқа түрлері құрыла алады.

Агробизнес кәсіпорындары, акционерлік қоғамдардан басқа, шарт бойынша ассоциацияларға, әртүрлі салааралық және аймақтық бірлестіктерге кооперация негізінде біріге алады.

Қазіргі жағдайларда бірнеше шаруашылықтардың күш біріктіруінсіз өндірісті қарқындатудың жүзеге асырылуы қиын. Мысалы, көкөністі сақтау мен қайта өңдеу жөнінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету, көлікті бірлесіп пайдалану, суландыру жұмыстармен жүргізу үшін шаруашылық аралық кәсіпорындар құру экономикалық тұрғыдан жөн болады. Осы мақсаттар үшін әртүрлі шаруашылықтардың, тіпті өнеркәсіптік кәсіпорындардың күш-жігері мен қаржыларын бірыңғай технологиялық жүйемен жұмыс істейтін мамандандырылған шаруашылық аралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер құру ұстанымы бойынша біріктіру экономикалық жағынан тиімді.

Ауыл шаруашылық өндірісі технологиялық үрдісінің әрбір кезеңі өзінің жүзеге асырылуы үшін машиналардың белгілі бір жүйесін, кадрлардың кәсіби дайндығын талап етеді. Көпсалалы құрылымы кезінде, материалдық және еңбек ресурстарының белгілі бір жетімсіздігі жағдайында шаруашылықтар, барлық салалар былай тұрсын, тіпті өзінің негізгі салаларын да оңтайлы түрде қарқындатуды қамтамасыз ете алмайды, себебі бар ресурстар бытырап шашырайды.

Ғылым және қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жерді, еңбекті, техниканы, сондай-ақ қарқындандырудың басқа факторларын да ұтымды қолданудың және осының негізінде өнімді молайту мен ауыл шаруашылық өндірісі тиімділігін арттырудың сенімді жолы – еңбектің одан әрі бөлінуі мен шаруашылықаралық кооперация.

Шаруашылық кооперация кезінде ауыл шаруашылық өндірісі салалары индустриялық негізге көшіріледі, ал кәсіпорындардың өзінде қалдырылған салалар олардың жалпы саны қысқартылуы нәтижесінде неғұрлым шоғырлана түседі.

Кооперацияның мақсаты – ауыл шаруашылық өнімін өндіруді ұлғайту, еңбек өнімділігі мен негізгі және айналмалы қаржыларды пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындарды мынадай негізгі түрлерін бөліп айтуға болады:

- шаруашылықаралық кәсіпорындардың иіндеттерін орындаушы шаруашылықтар;

- шаруашылықаралық кәсіпорындар (ұйымдар);

- ауыл шаруашылығындағы өндірістік бірлестіктер;

- агроөнеркәсіптік кәсіпорындар;

- агроөнеркәсіптік бірлестіктер;

- ғылыми-өндірістік бірлестіктер.

Кәсіпорындардың бірінші формасы әртүрлі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кооперациялану негізінде өнімдер мен шикізатты жеткізіп тұру туралы шартқа сәйкес құрылады. Бұл ретте шаруашылық құралдары біріктірілмейді, бірлескен өндіріс жүргізілмейді. Мысалы, мал бордақылау шаруашылықтары, бұларға көрші кәсіпорындарға мал жеткізу туралы шартқа сәйкес бордақыланатын малды жеткізіп тұрады.

Серіктестік – жарғылық қоры  құрылтайшылардың салымдарына бөлінген  заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік  құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады. Толық серіктестік –қатысушылары кәсіпорынының міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік. Сенім серіктестігі - серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үестіруге бөлінген серіктестік. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік тің қатысушылары серіктестік міндеттемелеріне  өздерінің салымымен ал бұл жеткіліксіз болса салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Коперативтер - азаматтардың өз еркімен бірлескен шаруашылық немесе өндірістік  қызмет үшін пай жарналарын біріктіру нәтижесінде түзіледі. Кәсіпорын – белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

Ауыл шаруашылық кәсіпорны салалық құрылымының үлкен маңызы бар, ол кәсіпорын орналасқан аймақтың ерекшеліктерін, экономикалық ресурстардың қаншалық бар екендігін ескеруге тиіс.

Қазақстан үшін ауыл шаруашылық кәсіпорнының өндірістік құрылымын айқындайтын маңызды жағдайларға мыналар жатады:

- жыл мезгілдері бойынша жауын-шашынның мөлшері;

- су көздерінің болуы мен орналасуы;

- топырақ құрамы және оның эрозияға шалдыққыштығы;

- жарамды жерлердегі егістіктің үлесі;

- табиғи жайылымдардың болуы мен өнімділігі;

- еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

- инвестициялар тарту мүмкіндігі;

- өнім өткізу рыногының болуы мен қашықтығы;

- қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының орналасуы;

- көлік жағдайлары: жолдар, жүк тасу бағалары, арнайы көлік.

Республиканың әртүрлі аймақтарында бұл факторлардың әр түрлі қилысымы болады.

Нарық жағдайында өндірістің тауарлы салалары, яғни кәсіпорынның кірісін қамтамасыз ете алатын саласы маңызды.

Тауарлы ауыл шаруашылық салалары негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі сала өндірістің мамандандырылуын айқындайды және оның өнімінің үлес салмағы кәсіпорынның тауарлы өнімінде анағұрлым көп болуы керек. Әрбір кәсіпорында бірнеше негізгі сала болуы керек. Мысалы, қала маңындағы аймақта сүт және көкөніс өндіру болса, солтүстік аудандарда астық өндіру мен құс өсіру және басқалар қатар жүреді. Анағұрлым ірі негізгі саланы – басты сала деп атайды.

Негізгі саладан басқа бірнеше қосымша салалар да тауарлы болуы мүмкін.

Қосымша салалар үстеме тауарлы өнім өндірісін қамтамасыз етеді және негізгі салалармен қиылысатын кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұтымды құруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер астық және құс етін өндіру – негізгі салалар болып табылатын шаруашылықта табиғи жемазық жайылымдары үлкен болса, онда бұл жайылымдарда қосымша тауарлы салалар ретінде жылқы шаруашылығы немесе қой шаруашылығы өнімдерін өндірген жөн.

Ірі шаруашылықта негізгі және қосымша салалардан басқа қосалқы өндірістер де болуы мүмкін, олардың өнімдері негізінен ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірнеше салалардан тұруы, көпсалалы болуы, сондай-ақ бір ғана саладамамандандырылуы да мүмкін (құс фабрикалары, жылыжай комбинаттары және басқалары).

Сөйтіп, сала – ауыл шаруашылық өндірісінің бөлімі. Саланың айырықша белгілері:

- өнім құрамы (ет, сүт, астық және т.б.);

- еңбектің қолданылатын жарақтары мен құралдары (астық өндіруге комбайн қажет, сүт өндіру кезінде сауу агрегаттары керек);

- өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуы;

- еңбеккерлердің (комбайншылардың, сауыншының, шопандардың) кәсіби ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығында ірі екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын бөліп айтуға болады. Өз кезегінде өндірілетін өнімге байланысты бұл салалар көптеген басқа салаларды да қамтиды.

Өсімдік шаруашылығын – астық шаруашылығы, мақта шаруашылығы, қызылша шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы және т.б. шаруашылықтар сияқты салалардың жиынтығы деп білген дұрыс. Мал шаруашылығына – қой шаруашылығы, қарамал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, үй қоянын өсіру шаруашылығы, ара өсіру шаруашылығы және басқалары кіреді.

Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салалардың қайсысымен немесе олардың қандай жиынтығымен шұғылданғандығы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс. Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иемдену мүмкіндігін, өнім өткізу рыногын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және басқадай экономикалық факторларды ескеруі керек.

Салаларды таңдағанда олардың өзара байланысын ескерген жөн: технологиялық және экономикалық байланыстар болуын; кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі, саланың ресурстарға қатынастары жөнінен бәсекелестігі жоқтығын ескеру қажет.

Мысалы, бір шаруашылықта шошқалар мен құстарды қатар ұстау тиімсіз, өйткені мұның екеуі де құрама жемазықты көп тілейді.

Сондай-ақ көкөністер мен техникалық дақылдардың тауарлы өндірісімен бір мезгілде айналысу жөн емес, өйткені оларға тыңайтқыштарды және қол еңбегін көп жұмсау керек.

2. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты­настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық  ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас­тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.

Экономикалық теория меншіктік қатынастарда  барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді. 

Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:

-              өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

-              өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

-              қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық,  көп пайдалы­лық,  белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің  еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 2897 | Теги: Нарықтық экономика саласындағы шару | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: