-->
Главная » Статьи » Экономика

Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны

Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны

1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны

2. Меншік түрлері мен формалары

3. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:этаптары, формалары, әдістері

 

1. Меншік- күрделі де көпжақты құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың 2 тәсілдемесін ажырату керек:

1-ші, меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастыру. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысынан қатынастар.

2-ші, меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:

А) иемдену қатынастары;

ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;

б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену –қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;

г) суъектілік-объектілік талдау.

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.

Мнешік құқықтарының айрықшалануы-бұл мншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.

Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:

А) иелік ету

ә) пайдалану;

б) билік ету.

 

2. Меншік- тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңбәрінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болғандықтан, түрлі иемдену нысандары немесе меншік нысандары ажыратылады. Оларға:

1.            жеке иемдену нысандары;

2.            ұжымдық иемдену нысандары;

3.            қоғамдық иемдену нысандары.

Меншік түрлері мен формалары:

Жеке меншік:

А) еңбекке негізделген жеке меншік;

ә) еңбекке негізделмеген жеке меншік.

Ұжымдық меншік:

а) серіктестіктер;

ә) кооперапивтік;

б) акционерлік;

в) біріккен.

Қоғамдық меншік:

а) жалпы мемлекеттік;

ә) муниципалдық болып бөлінеді.

 

3. Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты.

Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы.

Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.

Жекешелендіру формалары:

А) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объетілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;

г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;

д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады:

І-ші кезең 1991-1992 жылдар арлығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.

ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объетілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емс активтерді өтеусіз және өтеуімн өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.

ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылады.

3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.

ІІІІ-шікезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген "1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.

 

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 16212 | Теги: Меншік қатынастары және олардың эко | Рейтинг: 5.0/5
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: