-->
Главная » Статьи » Экономика

Макроэкономикалық тепе-теңдік

Макроэкономикалық тепе-теңдік

1. Жиынтық сұраным

2. Жиынтық ұсыным

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік

4. Мультипликатор.

 

1. Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған  жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.

Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі:

АД- жиынтық сұраным;

М- айналыстағы ақша саны;

У- табыс қозғалысындағы ақшаның айналу жылдамдығы;

Р- баға деңгейі.

Жиынтық сұраныс қисығы тауар сұранысы қисығы сияқты сұранымның кему заңымен мінезделедіҰлттық өнімге деген сұраным жоғарыболадыегерде ақшаның айналу жылдамдығы және айналымдағы ақша массасы жоғарласа.

Жиынтық сұраным мен баға деңгнйі арасындағы байланыс кері болып табыладыЖиынтық сұраным тұтыну мен инвестициялық тауарларғадеген сұранымды көрсетеді.

Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:

1. Процент ставкасы;

2. Инфляция деңгейі;

3. Импорттық тауарлар санының өсуі;

4. Тұтынушылар күтімі;

5. Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

Жиынтық сұраныс өзгеруіне екі фактор әсер етеді:

1). Бағалық факторлар:

а) байлық салдары (Пигу эффектісі)

б) пайыздық ставканың салдары (Кейнс эффектісі)

в) айырбас бағамдарының салдары (Манделл-Флеминг эффектісі) бағалар құлдырайды, ақшаға сұраныс азаяды, пайыздық ставка төмендейді, ұлттық валютаның айырбас бағамы төмендейді, таза экспорт ынталандырылады, АД өседі.

Бағалық факторлар әсер етуі тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс көлеміннің өзгеруі арқылы жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі.

2). Бағалық емес факторлар: жиынтық сұраныс АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді. Оларға жататындар:

а) тұтынушылар шығыны;

б) инвестициялық шығындар;

в) мемлекетттік шығындар;

г) таза экспорттық шығындар.

 

2.  Жиынтық ұсыным дегеніміз - өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.

Жиынтық ұсыным - бұл қалыптасқан баға  деңгейіне сәйкес ұсынылатын және  өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.

Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.

Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.

Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

а) шығынның үлестік деңгейі;

ә) өндіру деңгейі;

б) өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;

в) өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;

г) мемлекеттік саясат.

AS қисығының мұндай конфигурациясы немен түсіндіріледі? Барлық экономика масштабында үш түрлі жағдай тууы мүмкін: толық жұмыспен қамтылмау, толық жұмыспен қамтуға жақын келу, толық жұмыспен қамтылу. AS қисығында үш бөлікті бөліп көрсетуге болады:

- көлденең немесе кейнстік;

- шығыстық немесе аралық;

- тік немесе классикалық.

Көлденең немесе кейнстік бөлік өндірістің барлық факторлары толығыменен қолданылмайтынын мінездейді. Өндіріс процесі кезінде іске қосылмаған қуаттылықтар, шикізаттар, жұмыс күші болады. Өндіріс көлемі көтерілген сайын бос тұрған факторлар өндіру процесіне тартылады, ол баға деңгейіне әсерін тигізбейді, сондықтан да ол тұрақты. Мұндай жағдай ЖІӨ белгілі бір деңгейіне дейін ғана сақталады (суретте ол  Y1 ретінде белгіленген). Ү1-ге тең өндіріс көлемінен кейін экономика жағдайы өзгере бастайды. Көлденең (кейнстік) бөлікте ұлттық өндіріс көлеміндегі өзгеріс тұрақты баға кезінде жүзеге асырылады.

Шығыстық немесе аралық бөлік белгілі бір шекараға ие бос факторлардың біртіндеп өндіріске тартылуына сәйкес келеді. Олардың өндіріске әрі қарай тартылуы ең соңында шығындарды өсіреді, ол өнім құнына әсерін тигізеді де, тауарлар мен қызметтердің жалпы бағалары біртіндеп өседі, ал өндіріс бұрыңғыға қарағанда ондай тез өсе қоймайды. аралық (шығыстық) бөлікте ұлттық өндірістің нақты көлемінің өсуі бағалардың өсуімен бірге жүреді.

Тік немесе классикалық бөлік классикалық мектеп өкілдерінің негізгі алғышарттарынан шығады: экономикада барлық факторлар өндіру процесіне тартылу керек. Бұл кезде өндіріс көлемі бұл экономикалық жүйеде толық жұмыспен қамту кезінде жетуге болатын ЖІӨ мәніне сәйкес келетін Y* максималды мүмкін деңгейіне жетеді. Жиынтық ұсыным қисығының тік бөлігінде тек қана баға өседі де, нақты ЖҰӨ көлемі өзгеріссіз қалады. Классикалық мектеп бұл қисықтың тек тік конфигурациясын ғана мойындайды, осы кезде кейнсиандықтар қисықтың көлденең және шығыстық бөліктерін қосуға болатындығы туралы ойларын біртіндеп іске асырады. Бұл жиынтық ұсыным қисығының өзгеруі номиналдық қана емес, соныменен қатар нақты ЖҰӨ-нің де өзгеруіне алып келетінен, соның негізінде өндірісте, жұмыспен қамту да өзгеретінін білдіреді.

 

3. Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.

Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.

Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

- салықтарды төмендету;

- ақша массасын көбейту;

- мемлекеттік шығынды өсіру.

 

4. Мультипликатор дегеніміз – ұлттық табыс өсімімен осы өсімге әкелетін шығындардың арасындағы тікелей тәуелділікті көрсететін сандық көрсеткіш.

Инвестиция мен мемлекеттік шығындар ЖҰӨ-нің өсуіне қатаң әсер етуі – мультипликаторлық эффект деп аталады, ал осы әрекеттерді бейнелейтін үлгі – мультипликатор үлгісін көрсетеді.

Шығын көздеріне тәуелсіз (жеке инвестиция I немесе мемлекеттік шығындар G) экономикалық агенттердің қосымша тұтыну шығындары жоғарылаған сайын, мультипликатор эффектісі жоғарылайды. Ал жинақтауға икемделу жоғары болған сайын, эффект төмендейді.

Мультипликатор үлгісін төмендегідей көрсетуге болады: ∆ Y = k∆F.

Мұндағы: ∆ Y- ұлттық табыс өсімі;

k – сандық коэффициент немесе мультипликатор;

∆F – қосымша шығын.

Экономикалық жүйеге түсетін қандай да қосымша шығын экономикалық агенттердің көрсететін қызметтері мен тауарлардына алатын төлемдері – олардың табысы болып табылады. k = 1/1-MPC –шығын мультипликаторы.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 3946 | Теги: Макроэкономикалық тепе-теңдік, Жиынтық сұраным, мультипликатор | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: