-->
Главная » Статьи » Экономика

Ұлттық экономика жүйе ретінде

Ұлттық экономика жүйе ретінде

1. Макроэкономика - экономиканың күрделі бөлімі

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер

3. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы

4. Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні

5. Мемлекеттік реттеу түрлері мен формалары

 

1.Макроэкономика дегенімізұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға менжалпы жұмыссыздықтың деңгейінжалпы тұтыну мен инвестициялардыжиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттықэкономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы "Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.

Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады:

1) үй шаруашылығы секторы;

2) кәсіпкерлік сектор;

3) мемлекеттік сектор;

4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Үй шарушылығы дегеніміз - өз қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған  елдің ішіндегі шаруашылық ұяшықтары. Оның экономикалық белсенділігі  өндіріс факторларын ұынғанда көрінеді.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Шетелдік сектор дегеніміз - еддің шекарасынан тыс жерде тұрақты орналасқан экономикалық агент, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Оның экономикалық белсенділігі өзара тауар, қызмет, капитал және валюта айырбасынан көрінеді.

2. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар:

а) Ұлттық байлық- қазіргі таңда қоғамның қолында бар тарихи дамуда қорға айналған игіліктер, тұтыну құндарының жиынтығы (өндірістік қорлар, әлеуметтік инфрақұрылым, рухани байлықтар, ақпараттық ресурстар, тарихи, мәдени, әдеби құндылықтар).

ә) Жиынтық қоғамдық өнім дегеніміз- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.

б) Жиынтық ұлттық өнім- бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.

ЖҰӨ-нің 2 түрі болады:

1. Номиналды ЖҰӨ;

2. Нақты ЖҰӨ.

ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады:

а) ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша;

ә) шығындар бойынша;

б) табыстар бойынша.

в) Жиынтық ішкі өнім- бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссызбелгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді. ЖІӨ = ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.

г) Таза ұлттық өнім дегеніміз- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.

ТҰӨЖҰӨ- амортизациялық аударымдар.

д) Ұлттық табыс дегеніміз- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.

ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар.

  

3. Кез - келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждығын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады Әлеуметтік ұйымның субъектісі- мемлекет, ал объектісі- халық.

Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да рыноктық ережелерге сай қызмет етеді. Белгілібір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіліп, реттеу қажеттігі туындайды.

Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит "Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу” деген әйгілі кітабында (1776ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан толығымен босауы керек.

Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рол атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның ролі рынок жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әртүрлі тарифтер жасауды баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге  ұмтылыстардың бәріне қарсы.

Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70 жылдары ішінде қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдары АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Бұл үлгінің қалыптасуына Ж.Б.Сэйдің(1767-1832) өткізу теориясы жатады. Оның артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады деген пікірі, сұраныс пен ұсыныс арақатынас түсініктерін өте қарапайым туындауы. Өнім әрдайым өнімге айырбасталмайды, сондықтанда ол сатылады, ақшаға айналады, ал бұл айналыс өте күрделі процесс. Ұлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныста ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара – мемлекеттік араласу.

 

4Экономиканы мемлекеттік реттеу –бұл нарық механизмінің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің элементтері алғаш рет 1-ші дүниежүзілік соғыс кезінде болған. Ал 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналады.

Экономиканы реттеудің 2 әдісі бар: 1-шісі- рыноктық тетіктер – тауар –ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі- әкімшілік-әміршілік, директивалық әдіс. 1-ші әдіс бойынша өндірістің өсіп-дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. 2-ші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды.

Нарық мемлекетпен және тауар өндіретін кәсіпорындар арқылы реттеледі. Реттеу әдістерін 2 белгісі арқылы топтастыруға болады:

а) реттеу субъектілеріне қарай – мемлекеттік және мемлекеттік емес;

ә) нарықтық тепе-теңдікке әсер етуіне қарай- тікелей және жанама.

Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранысты құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланатын орталықтандырылған тәсілдер кіреді.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады.

 

5. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына  фискальдық, несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу жатады.

1. Фискальдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем ақылар, салық шаралары жатады.

2. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілділікпен несие беру жатады.

3. Бағаны және табысты реттеу саясаты.

4. Әкімшілік реттеулер.

5. Қысқа мерзімді  реттеулер.

6. Ұзақ мерзімді реттеулер.

Мемлекеттік емес реттеу әдістеріне жататындар:

тікелей шаруашылық келісім-шарттар;

несие мен қарызды беру немесе алу туралы өзара келісім;

кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын ақпараттық жүйелердіфирмалық дүкендердівалюталық және басқа да аукциондардыұйымдастыру;

мамандандырылған банктерқор және тауат биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 8226 | Теги: Ұлттық экономика жүйе ретінде, Макроэкономика дегеніміз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: