-->
Главная » Статьи » Экономика

Кәсіпорындағы менеджмент

Кәсіпорындағы менеджмент

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Кәсіпорын басқару жүйесінің құрылымы, қағидалары

2.Басқару функциялары мен құрылымы

3.Басқарудың ұйымдық құрылымдары

 

Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне толық мәлімет беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады. Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін, ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.

 

1. Кәсіпорын басқару жүйесінің құрылымы, қағидалары. Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері – бұл жұмыс орындары, өндірістік учаскілерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар.

Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Мысалы, жұмыс күші, негізгі өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия, өндірілетін өнім.

Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы мүмкін. Кәсіпорынның басты ерекшіліктерінің бірі-барлық элементтерінің көрнектілігі және оның жұмысы туралы түрлі статистикалық, бухгалтерлік, оперативті ақпарат алу.

Ақпараттық жүйе екі кіші жүйеден тұрады.Оларға басқарылатын және басқарушы, басқарудың субьектілері мен басқарудың обьектілері басқару жүйесі жатады.

Кәсіпорынды жүйе ретінде 3 түрде қарастыруға болады:

·                   Физикалық (материалдық)

·                   Кибернетикалық (ақпараттық)

·                   Экономикалық (әлеуметтік)

Олардың бірігуі нақты біртұтас жүйені құрады.

Басқарудың жүйелі жолы - бұл логикалық ойлау сана-сезімі,кез келген шешім қабылдау үрдісі жүенің ортақ бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді.

Мақсат - жүйенің жоспарланған жағдайы, жүйе қызметінің түпкі нәтижесі. Мақсаттарды белгілеу үшін мақсаттардың деңгейі  бойынша көрсетеді. Орналасқан мақсаттарды маңыздылығына, орындалу мерзіміне қарай бөліп қарайды.

Қойылған мақсаттарға жету жолдары - мақсатқа жету жолдары неғұрлым көп болса, олардың ішінен ұтымдысын таңдау соғұрлым ыңғайлырақ жүзеге асырылады.

үлгі - жүйелі талдаудың соңғы кезеңі болып табылады.үлгілер нақты жүйенің мәнді ерекшіліктерін немесе оларды басқаруды зерттеу үшін құрылады.

Критерий. Критерий деп қойылған мақсатқа жету әдістерінің ең тиімдісін таңдау үшін белгіленетін шарт пен нысанды айтамыз. Критерийге жататындар-еңбек өнімділігі, табысты арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, т.б.

Кәсіпорынның  басқарушы және басқарылатын жүйелерінің өзіне тән құрылымы мен құрамы бар. Басқарылатын жүйе, құрылымдық жағынан, еңбекті кооперациялау көлемі бойынша және функционалдық белгілері бойынша сыныпталады.

Кәсіпорынды, өндірістік бірлестікті басқару менеджменттің заңдарына негізделеді. Сонымен бірге кибернетика және басқарумен байланысты т.б. ғылымдардың заңдары да басқаруда елеулі маңызды орынға ие болады.

 

2.Басқару функциялары мен құрылымы. Кәсіпорынды басқару қызметі жеті функцияға бөлінеді:

·        Болжау және жоспарлау

·        ұйымдастыру

·        үйлестіру және реттеу

·        Ынталандыру

·        Бақылау

·        Есепке алу

·        Қолдау және байланыс.

Басқару қызметі өндірістік үрдістің жекеленген сатыларына әсер етуі бойыншағөндірістің техникалық деңгейін үнемі көтеру және ұйымдастыру, жоғары сапалы өнім шығару, тұтынушылар талаптарын барынша толық қанағаттандыру мақсатында бұйымдар ассортиментін кеңейту және жаңарту міндеттеріне бағынады.

Міндеттерді шешудің маңызды бағыты-табыстың өсуі және кәсіпорынның экономикалық және әлеуеттік дамуын өзіндік қаржыландыруы негізінде ғылым мен техника жетістіктерін ауқымды, кешенді және дер кезінде енгізу.

Қазіргі кезде аталған функциялардың бәрі келесі жүйелерге бөлінеді:

·        Перспективті,ағымдағы техника-экономикалық және әлеуметтік жоспарлау

·        Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

·        өндірістің техникалық дайындығын басқару

·        Технологиялық үрдістерді басқару

·        өндірісті жедел басқару

·        Метрологиялық жабдықтауды ұйымдастыру

·        Техникалық бақылау және сынақ

·        Еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыруды басқару

·        Материалдарымен,техникамен қамтамсыз ету

·        өнімді өткізу

·        Капиталды құрылыс

·        Қаржылық қызметті ұйымдастыру

·        Есеп және есеп-қисап жүргізу

·        Экономикалық талдау.

Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы деп басқарудың органдарға және сатыларға бөліну жүйесі, олардың өзара байланысы және тәуелділігі түсіндіріледі.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыруда басқарудың типтік құрылымдарының бірқатар ережелері мен элементтерін пайдалану керек:сызықтық, функционалдық және сызықтық -  функционалдық.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ішінде жұмысшылардың еңбегінің саны мен сапасына байланысты еңбекақысын төлеу маңызды орынды материалдық ынталандыруды әдісін атап көрсетуге болады. Еңбекте жеке, ұжымдық ынталандыру қолданылады.

Басқару шешімдерін әзірлеу және жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:

·        өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау

·        басқару шешімдерін дайындау және негіздеу, шешімдерді оңтайландыру

·        басқару шешімдерін қабылдау

·        қабылданған шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұжымның жұмысын ұйымдастыру, есепке алу, бақылау, үйлестіру

·        қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижелерін талдау, бағалау, жаңа міндеттерді алға шығару.

 

3. Басқарудың ұйымдық құрылымдары. Басқару жүйесі берілген шарттар негізінде мақсаттарды оңай жүзеге асыратындай буындар мен байланыстардың жиынтығын білдіреді.

ұйымдық құрылымды таңдауға келесі факторлар әсер етеді:

·        кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны

·        қызмет ету аясы (өндірілетін өнім түрі, бұйымның ассортименті)

·        жұмыс ауқымы

·        шаруашылық қызмет ету үрдісінде кәсіпорын шығатын нарықтар

·        қолданылатын сыртындағы және ішіндегі ақпараттық ағындар

·        ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейі және т.б.

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қарастыра отырып:ұйымның сыртқы ортамен, ұйымның бөлімдері, ұйымның адаммен өзара әрекет ету деңгейі ескеріледі.


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 5285 | Теги: Кәсіпорындағы менеджмент | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: