-->
Главная » Статьи » Экономика

Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы

Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы

1. Капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы

2. Негізгі және өзгермелі капитал

3. Инвестиция мәні мен түрлері

 

1. Кәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы.

Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады.

Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары.

Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.

Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.

1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.

2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.

3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ…Ө…Т – А – ҚЖ.

Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.

2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі капитал; б) айнымалы капитал.

Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.

Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.

Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.

 

3. Инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатында ұлттық және шетел экономикасының әртүрлі салаларына жеке немесе мемлекеттік капиталды ұзақмерзімдік формада салуды өткізу, шығындардың жиынтығы. Сондықтанда инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ұзақмерзімді инвестициялар жаңа құрылысқа, сонымен қатар өндірістік емес объектілер мен кәсіпорындар құру, ұлғайту және техникалық қайта жабдықтау формасындағы капиталдық құрылыспен іске асады.

Инвестициялар 2-ге бөлінеді:

- қаржылық;

- нақты.

Қаржылық инвестициялар дегеніміз – қаржылық инструменттерге, яғни акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға және банктік депозиттерге салу.

Нақты инвестициялар дегеніміз – қандай да бір өнімді өндіруге капитал салу.

Қаржылық емес инвестициялар дегеніміз – кәсіпорынға, бизнеске, жобаға мүлік, ноу-хау, лицензия, құқық формасындағы салынатын ақшалай емес инвестициялар.

Инвестицияға 2 түрлі анықтама беруге болады:

1-ден, қаржылық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – табыс табу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің (құралдардың) барлық түрлері.

2-ден, экономикалық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру, ұлғайту және өндіруге жұмсалатын шығындар, соныменен қатар бұған байланыссыз айнымалы капиталды өзгерту.

Қаржылық мағынадағы инвестицияны талдаудың келесідей бағыттарын қарастыруға болады:

Инфляциядан тазартылған инвестиция динамикасын талдау. Ол фирмалардың инвестициялық белсенділігін көрсетеді.

Инвестициялық құрылымын талдау. Оның объектілеріне жататындар:

инвестицияның өндірістік құрылымы;

инвестиция жағрафиясы;

инвестицияның ұлғаймалы құрылымы, яғни салымдардың арасындағы қатынасы: а) жаңадан салу; б) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды ұлғайту; в) техникалық қайта құру;

капитал салымының технологиялық құрылымы, яғни жабдықтарды, машиналарды, инструменттерді сатып алу мен құрылыстық-монтаждық жұмыстарға кеткен шығындардың арасындағы қатынас;

инвестициялардың концентрациялау аяқталмаған құрылыстың құны инвестицияның жылдық көлеміне қарағанда аз болса, соғұрлым жақсы болады.

Инвестицияны талдаудың басқа бағыттары, соның ішінде оның табыстылығын талдау.

Халықаралық инвестицияларда 2-ге бөлінеді:

А) тікелей инвестициялар;

Ә) қоржынды инвестициялар.

Тікелей инвестициялар дегеніміз – инвестордың салған объектіге басқарушылық бақылау жасауға мүмкіндігі бар кәсіпкерлік инвестиция.

Қоржынды инвестициялар дегеніміз – инвестордың капитал салған объектіні басқаруға мүмкіндігі жоқ қарыздық инвестиция.

Қазіргі таңда әртүрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсуі тенденциясы айқындала түсті.

Капиталды шетке шығаруда капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, отарланған, тәуелді елдерге шығарылды.

Ал қазіргі кезде капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетелдік инвестициялардың 70-75 пайызы өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр.

Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің негізгі себебі – дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын.

Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы 1 негізгі ерекшілігі- дамушы елдерден, атап айтқанда, мұнай өндіретін ОПЕК-ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.

Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді.

Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы зор. Себебі, бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол береді. Шетел капиталы республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді.

Қазақстан экономикасына тура инвестиция салатын донор елдер: Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Түркия және Италия.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 8275 | Теги: Кәсіпорын капиталының айналымы және | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: