-->
Главная » Статьи » Экономика

Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз етілуі

Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз етілуі

Кәсіпорынның еңбек ресурстары – кәсіпорынның басшылығы тарапынан қамқорлық жасайтын әрқашан бақыланатын объектісі болып табылады.

Нарықтық қатынастар кезінде еңбек ресурстарының ролі елеулі түрде жоғарылайды. Өндірістің инвестициялық сипаты жоғары ғылымилықты талап етуі, өнімнің сапасы жөніндегі мәселелерді маңызды деп қарауы жұмыскерге қойылатын талапты, оның еңбекке деген қатынасының творчестволық маңыздылығын және жоғарғы біліктілігін күшейтті. Осы талаптар кәсіпорын қызметкерін басқарудағы тәсілдер мен әлеуметтік-психологиялық мәселелердің, принциптердің елеулі түрде өзгеруіне алып келді.

Жақсы іріктелген еңбек ұжымы – кәсіпкердің ең негізгі міндеті болып табылады. Бұл кәсіпорын басшылығының ойлағанын ұғынып, біліп және жүзеге асыруға мүмкіншілігі барп әріптестердің және пікірлестердің тобы болуы тиіс.

Еңбектік қатынастар – кәсіпорын жұмысының ең күрделі жағы, ұжымда пайда болған араздық жағдайларды шешу кезінде, әр адамның жеке бейімділігін, тұлғалық мінезін, психологиялық таңдауын есепке алуы керек. Әрине техникалық немесе технологиялық ақаулықтарды қалпына келтіру әлдеқайда оңай.

Кәсіпорынның алдында қандай да бір ұйымдастыру, басқарушылық артықшылығы, техникалық мүмкіндіктері ашылғанымен, лайықты еңбек ресурстарынсыз ол тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені кәсіпорындағы түпкі нәтиже адамдарға, олардың біліктілігіне, жұмыс істеу қабілетіне, ықыласына байланысты. Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылымына зат пен адамның капиталының біріккен жері деп қарауы керек.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға, адам факторларының әсер етуінің негізгі жақтары мыналар болып табылады:

1. Персоналды іріктеу және алға жылжыту.

2. Персоналды дайындау және оларды үздіксіз оқыту.

3. Жұмыскерлер құрамының бірқалыптылығы және тиімділігі.

4. Жұмыскерлердің еңбегінің материалды және модельді бағалануын жетілдіру.

Жұмыскерлерді іріктеу мен әрі қарай жылжытудың екі негізгі белгілері бар: біріншіден, ол жоғары кәсіптік біліктілігі мен оқытуға бейімділігі, екіншіден, қатынасу тәжірибесі мен қоян-қолтық араласып жұмыс істеуге дайындығы.

Кадрлардың жұмыспен қамтылуы және тұрақты жұмыс істеуі елеулі экономикалық нәтиже береді және жұмыскерлердің еңбек тиімділігін жоғарылатуға ықыласын қалыптастырады.

Еңбекақы жүйесі тиімді, еңбек өнімділігін жоғарылатуға себепші, жеткілікті нәтиже беретіндей болуы керек. Еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігінің, тиімділігінің өсуінен аспауы керек. Еңбекақы жүйесінің тиімділігі, оның анықталған бөлігінің кәсіпорындағы жұмыстың тиімділігіне тәуелді деген мағынаны білдіреді; егер жұмыскер қателік жасаған күнде, ол сол қателігі үшін материалдық тұрғыда жауапты болуы керек.

Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру мен ұжымды басқарудың құрамында мыналар болуы мүмкін:

- жұмыс істеушілердің жетіспеушілігі жағдайында қызметкерлерді талдау;

- қалыптасқан өндірістік жүйеге байланысты жұмыскерлерді дұрыс орналастыру;

- олардың арасында міндеттерді бөліп беру;

- персоналды дайындау және қайта дайындау;

- еңбектің жандануына жағдай жасау;

- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

- әртүрлі жағдай-себептермен кәсіпорынға керексіз болып қалған жұмыскерлерге қамқорлық көрсету.

Еңбек ұжымы қалыптасқан өндірістік процестің жүйесіне бейімделеді.

Өндірістік процестің құрылымы келесі еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптеріне сәйкес болуы тиіс:

- өндірістік процестің ақылға сыйымды бөлшектері негізінде еңбекті бөлуді тереңдету және еңбекті кооперациялау;

- жұмысшылардың кәсіптік-біліктілік құрамын тиімді іріктеу және оларды орналастыру;

- еңбек процесіндегі тиімді әдістер мен тәсілдерді дайындап, енгізу арқылы жетілдіру;

- жұмыс орындарына қызмет көрсетуде қызмет тәртібін нақтылау арқылы жақсарту;

- ұжымдық жұмыстың тиімді түрлерін енгізу, көп агрегатты қызмет көрсету мен қос қызметтілікті мамандықтарды дайындау;

- резервтерді қолданып, еңбек шығындарын төмендетіп және қондырғылардың жұмысын тиімді ете отырып, еңбекті нормалауды жетілдіру;

- өндірістік нұсқауларды ұйымдастырп, жүйелі түрде өткізу, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, еңбектің озат тәсілдерін тарату және тәжірибе алмасу;

- санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, эстетикалық жағынан алғанда еңбек ету жағдайы мен қауіпсіздігіне, жұмыс істеу тәртібіне, демалысқа жағдай жасау.

Осы принциптердің жүзеге асырылуына керекті жалпылама көрсеткіштерге мыналар жатады:

- еңбек өнімділігінің жоғарылауы;

- еңбек шартының санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық жағдайымен қанағаттануы;

- еңбектің мазмұндылығымен, тартымдылығымен қанағаттануы.

Еңбекті бөлудің мына түрлері кеңінен таралған:

- технологиялық-жұмыс, мамандық пен кәсіп түрлері бойынша;

- операциялық-технологиялық процестің жеке операциялық түрлері бойынша;

- атқарылатын жұмыстың қызметі бойынша – негізгі, көмекші, қосымша;

- мамандық бойынша.

Персоналды іріктеу барысында еңбек шартының немесе контрактінің маңызы өте жоғары. Бұл – кәсіпкер мен жалданатын адамның тікелей келісімін айғақтайтын құжат. Бұл жүйе шетелдерде кеңінен дамыған, біздің елімізде енді қолға алынып келеді. Еңбек келісімшартында еңбектің қызмет, жұмыс орны, лауазымдық міндеттері, мамандығы, біліктілігі, лауазым атауы, еңбекақы мөлшері мен жұмыс басталу уақыты көрсетіледі. Еңбек шарты бекітілетін уақытына қарай бөлінеді.

3.1.Негізгі қорлар.

Негізгі капитал – бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалау.

Негізгі қордың құрамын жіктегенде екі бөлікке бөлінеді:

- өндірістік;

- өндірістік емес.

Өндірістік негізгі қорға:

- өнеркәсіп;

- құрылыс;

- ауыл шаруашылығы;

- көлік құралдары;

- байланыс, сауда;

- басқа да материалдық салалар жатады.

Өндірістік емес негізгі қорға:

- тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық;

- денсаулық сақтау;

- білім беру;

- мәдениет және т.б. қатысты.

Негізгі қор натуралдық заттық белгілеріне қарай:

- ғимарат;

- құрылыс;

- техника күштері және құрал-жабдықтар;

- көлік құралдары;

- аспап;

- өндіріс;

- шаруашылық мүлкі;

- жұмыс малдары;

- көп жылдық көшеттер деп бөлінеді.

Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:

- актив;

- пассив.

Актив бөлігі (машина, құрал-жабдық) өндіріске, өнімнің (қызмет- жұмыс) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.

Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды.

Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:

- негізгі қордың тозуы;

- амортизация;

- негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;

- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кез-келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық жағынан тозады.

Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.

Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.

Кәсіпорынның және басқа да әртүрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:

- өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты;

- өндірістің техникалық деңгейі;

- мамандандыру және т.б.

Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру.

Негізгі қор өндірістік процесте:

- натуралды;

- ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды нысандағы құралдардың есебі:

- негізгі қорлардың техникалық құрамын;

- кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;

- құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;

- басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:

- негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;

- амортизациялық аударымдардың есебін;

- дайын өнімді тасымалдау құнын;

- капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік.

Айналыс қорлары

Өндірістік айналым қоры – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны. Мұның экономикалық мәні - өздерінің толық құнын дайын өнімге түгелдей көшірілуімен сипатталады.

Айналыс қоры - өндіріс процесіне тікелей қатынаспайды, алайда өндіріс және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өндірістік айналым қоры мен айналыс қоры ауыспалы айналым қаражаттарын үздіксіз қамтамасыз етуде тұрақты қозғалыста болуы тиіс. Осыдан авансты құнның тұрақты және заңды ауысым нысаны пайда болады:

- ақшалайдан тауарларға;

- одан кейін өндірісте;

- қайтадан тауарлы және ақшалай.

Қорытындысында айналым қаражатын береді.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын-ала берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем-есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына жалғасады.

Айналым қаражаты ауыспалы айналым процестеріне қарай:

- өндірістік айналым қоры;

- айналыс қоры;

қалыптастыру көздеріне қарай:

- меншіктік;

- қарыз;

жоспарлау ерекшеліктеріне қарай:

- мөлшерлеу;

- мөлшерлемеу болып бөлінеді.

Кәсіпорын жарғылық қорын анықтағаннан кейін, дербес өндірістік қызметінің мүмкіндіктеріне қарай айналым қаражатының мөлшерін белгілейді.

 

Бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорын персоналының күйін талдау

2. Персоналдың сандық және сапалық сипаттамаларын талдау

3. Негізгі қорлар түсінігі, құрамы.

4. Айналыс қорлар түсінігі, құрамы, құрылымы.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Закон РК  «О частном предпринимательстве» (с изменениями и дополнениями) от 11. 11. 2006г

2. Гражданский кодекс РК. – Алматы,1995 г.

3. Правовые основы предпринимательской деятельности (Учебное пособие в двух частях). Сост.В. Ермаков. - Алматы: «Центр обслуживания предпринимателей», 2001.-148с

4. Коуз Р. Фирма, рынок, право.- М 1993г.

5.И Шумпетер.Теория экономического развития. М.1999

6. Курс предпринимательства. Учебник для ВУЗов. Под ред.проф.Горфинкеля В.Я.- М.: Финансы, ЮНИТИ,1997.-439с.

7. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. Под. ред. Жатканбаева Е. Б.-Алматы,2001.

8. Тулегенова М.С. Финансовый капитал в постсоветской экономике. - Алматы, 2003.

9. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. – Астана, 2005

10. Ерали А.Қ., Қабылбеков М.Ғ. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы, 2004

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 3151 | Теги: Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: