-->
Главная » Статьи » Экономика

Фирманың /кәсіпорынның/ шығындары мен табыстары

Фирманың /кәсіпорынның/ шығындары мен табыстары

1. Шығындар: олардың мәндері, құрылымы

2. Пайданың мәні мен мағынасы

1. Шығындар  дегеніміз  -  кәсіпорынның өндірістік және өткізу қызметін атқару үшін керекті өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі. Кәсіпорын шығындары 2-ге бөлінеді:

Сыртқы шығындар - бұл өздері өндірмейтін өнімдерге шығындар және жеткізушілерге төленетін ақы немесе бухгалтерлік шығындар.

Ішкі шығындар - бұл кәсіпорын ішінде өз ресурстарын қолдануға жұмсалатын шығындар.

Кәсіпорын ішінде өндірілетін өнім көлеміне қарай шығындар 2-ге бөлінеді: а) тәуелді немесе өзгермелі шығындар - өнім көлеміне қарай өзгеріп отыратын шығындар; ә) тәуелсіз немесе тұрақты шығындар - бұл өнім көлеміне байланыссыз шығындар.

Жалпы шығындар - бұл кәсіпорынның ішінде өнім өндіруге жұмсалатын барлық шығындар. Ол тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысына тең. Кәсіпорынды басқару үшін 1 өнімге кеткен шығын деңгейін анықтауымыз керек. Ол үшін біз орташа шығындарды анықтаймыз (орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы шығындар).

Кәсіпорынның негізгі мақсаты пайда табу болғандықтан кәсіпорында шекті шығынды анықтаймыз. Шекті шығын дегеніміз - қосымша өндірілген өнімге кеткен шығындар.

2Пайда дегеніміз- нарықтық экономикада кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын көрсеткіш. Өндірістің негізгі мақсаты- пайда табу болып табылады. Пайда кәсіпорынға түсетін ақшалай түсімнің бір бөлігін көрсетеді. Пайда жалпы түсім мен жиынтық шығындардың арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Нақты және айнымалы шығындардың арасындағы айырмашылықтарды көрсете отырып, экономикалық ғылымда пайдаға анықтама беруге болады.

Бухгалтерлік пайда дегеніміз - фирманың жиынтық табысы мен нақты шығындары арасындағы айырмашылық.

Экономикалық пайда дегеніміз - жиынтық табыс пен барлық шығындар арасындағы айырмашылық.

Фирма қызметін жоспарлау және есептеу кезінде пайданың 3 түрі анықталады:

а) тауарлық өнімді өткізуден түсетін пайда;

әбаланстық немесе жалпы пайда;

б) есеп айырысу немесе таза пайда.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 8709 | Теги: Фирманың /кәсіпорынның/ шығындары м | Рейтинг: 3.0/8
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: