-->
Главная » Статьи » Экономика

Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

1.Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері

2.Экономикалық теория пәніжәне зерттеу әдістері

3.Экономикалық теория қызметтері

4. Экономикалық теория және оның категориялары

5. Жалпы экономикалық түсініктер

1. Саяси экономия гректің "политейя”-қоғамдық құрылыс, "ойкос”-үй, шаруашылық, "номос”- заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.

Экономика дегеніміз – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:

1. Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен);

2. Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А.Тюрго);

3. Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А.Смит, Д.Рикардо, У..Петти);

4. Маркстік саяси экономия кезеңі (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин);

5. Қазіргі экономикалық ой-пікір (К.Менгер, Дж.Кларк, А.Маршалл,Дж. Мейнард Кейнс).

Меркантелизм итальянның "мерканте”-сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.

Физиократтар "Қоғамдық байлық- ауыл шаруашылығы” деп есептеп, алғашқы рет "Экономиалық кестені ” жасап шығарды.

Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар "Еңбек-құн теориясын” жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.

Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.

Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.

2.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.

Методология дегеніміз - ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Диалектикалық әдістің негізін салушы неміс философы Гегель. Ғылыми танудың формалары мен әдістері көп. Ол объектіні бақылаумен жинақталған материалдарды талдау және синтездеу, индукция және дедукция, жүйелік қарау, гипотезалар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық формаларда үлгілер жасау.

Экономикалық зерттеудің маңызды әдісі- ғылыми абстракция.

Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

Өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Олар өзара байланысты ғылымның іздегені - шындық әрқашанда жүйе формасында болады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция мен дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

Индукция дегеніміз - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукция дегеніміз - керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшкліктері сипатталады.

Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген елеулі бағыттың негізін қалаушылар: М.Вальрас, В. Парето, У.Джевонс. Қазіргі көрнекті өкілдері: В.Леонтьев, Шаталин, Макаров.

Экономикалық теория пәні дегеніміз - шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.

Оның мақсаты: пайда табу негізінде адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру.

Экономикалық теория пәнін 2 ірі бөлімге бөліп оқиды:

1. микроэкономика;

2. макроэкономика.

3.Экономикалық теория қызметтері. Тауар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту барлық ғылымдарда қарастырмай болмайды. Соның ішінде экономикалық ғылымдарда да. Оның бастысы- күнделікті бақылау, интуиция. Одан кейін- ғылыми білім. Осыдан барып теориялық ғылым туады. Көптеген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, экономикалық теория таным мен қайта құруда үлкен роль атқарады. Осыған байланысты экономикалық теорияның бірнеше қызметтерін қарастырамыз:

методологиялық

 сынаушылық

танымдылық

прагматикалық (практикалық)

болжам жасау

идеологиялық

Экономикалық теорияның бастапқы 5 қызметі нарық экономикасына сәйкес келеді, ал соңғы 6-шы қызметі әкімшілік-әміршілік жүйеге сәйкес келеді.

4. Экономикалық категориялар дегеніміз - адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау. Экономикалық ғылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Экономиалық категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.

Экономикалық заңдар - адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:

1. жалпылама заңдар;

2. ерекше заңдар

Жалпылама заңдар – бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы).

Ерекше заңдар - жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.

Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:

1. ұйымды-экономикалық қатынастар;

2. әлеуметті-экономикалық қатынастар.

 

5. Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:

1. Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес;

2. Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кездеседі.

Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:

Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:

1. Материалдық

2. рухани немесе мәдени

3. әлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.

Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз. Ресурстардың 5 түрі болады:

1.      материалдық

2.      табиғи

3.      қаржы

4.      еңбек

5.      ақпараттық.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 11582 | Теги: Экономикалық теорияның қоғам дамуын | Рейтинг: 4.0/5
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: