-->
Главная » Статьи » Экономика

Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндірістің мақсаты ретінде

Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндірістің мақсаты ретінде

1. Экономиклық өсу түсінігі

2. Экономикалық өсу қарқындары

3. Экономикалық өсу ресурстары

 

1. Экономикалық өсу дегеніміз- белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі. Ол мемлекеттік саясаттың әлеуметті-экономиклық мақсаттарының бірі. Оны процентпен немесе салыстырмалы көлемде былтырғы жылмен салыстыру арқылы анықтауға болады.

Экономикалық өсуге келесідей фокторлар әсерін тигізеді:

а) ғылыми-техникалық прогресс; ә) демографиялық өзгерулер; б) табиғи ресурстар көлемі; в) әлеуметтік факторлар.

Экономикалық өсу- экономиканың дамуын көрсетеді. Бұл кезде ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсуі қалыптасады.

Экономикалық өсу параметрлері, оның динамикасы экономиканы мемлекеттік реттеуде, ұлттық шаруашылық дамуын мінездеу үшін қолданылады. Экономикалық өсу, оның шаруашылық потенциалына ғана емес, сонымен қатар сыртқыэкономикалық және сыртқы саяси факторларға да байланысты.

Экономикалық өсудің 2 типі бар:

экстенсивті өсу- ұлтттық өнімді қосымша өндірістік факторларды тарту есебінен жоғарлату.

Интенсивті өсу- ҒТП есебінен, яғни жетілген өндіріс факторлары мен технологияны қолдану арқылы ұлттық өнім көлемін өсіру.

 

2. Экономикалық өсуді оның қарқындарының мөлшерінен көруге болады. Экономикалық өсу қарқынынының 4 түрі болады:

а) жоғары қарқын. Бұл жағдайда қоғам көп өнім алады және өз      қажеттігін жоғары деңгейде қанағаттандырады. Бірақ өнімнің сапасы төмен болады, өндірістік өсімнің құрылымы төмендейді.

ә) нөлді қарқын- өндірілетін өнім көлемі өзгеріссіз қайталанады;

б) теріс қарқын – ұлттық экономикадағы дағдарыстарға байланысты өндірілетін өнім көлемінің салыстырмалы азаюы;

в) оптималды қарқын- экономиканың дағдарыстан шығып көтерілуін көрсетеді. Бұл жағдайда ұлтттық экономикада тепе-теңдік қалыптасады.

Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсу динамикасының көрсеткіштері болып саналады:

ЖҰӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі;

ЖҰӨ мен 1 адамға шаққандағы ҰТ көлемінің өсу темпі;

өнеркәсіптік өндірістің толығымен, негізгі салалар бойынша және 1 адамға шаққандағы өсуінің темпі.

 

3. Экономикалық өсу бірнеше фактормен анықталады. Экономикалық ғылымда кең тараған өндірістің 3 факторы бар: еңбек және кәсіпкерлік мүмкіншілік; жер, капитал.

Ішкі және сыртқы элементтеріне қарай экономикалық өсу факторларын 2-ге бөлеміз: сыртқы және ішкі.

Сандық және сапалық өсуге байланысты факторларды 2 топқа бөлеміз: 1) экстенсивті факторлар:

технология деңгейінің сақталуы кезінде инвестиция көлемінің өсуі;

жұмыспен қамтылған жұмысшылардың көбеюі;

тұтынылатын шикізат, отын, материалдар көлемінің өсуі.

интенсивті факторлар:

ҒТП-тің жылдамдауы;

Жұмыскерлердің квалификациялық деңгейінің жоғарлауы;

Негізгі және айнымалы факторларды қолданудыжоғарлату;

өндіріс тиімділігін оның ең жақсы ұйымы есебінен жоғарлату.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 2303 | Теги: Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өнд | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: