-->
Главная » Статьи » Экономика

Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

1. Циклділік түсінігі және мәні

2. Экономикалық цикл мәні мен классификациясы.

3. Экономикалық ауытқулардың себептері: сыртқы және ішкі.

 

1.Циклділік экономикалық динамиканың теңсіздігін бейнелейтін экономиканың табиғи даму тәсілін, қозғалыстың жалпылама формасын көрсетеді.

Циклділік – бұл ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық қозғалысының жалпылама формасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру. Ол ұлттық шаруашылықтың әртүрлі элементтерінің қызмет ету тепе-теңдігінің бұзылуын көрсетеді. Циклділік шеңбер түрінде емес, спираль түрінде жүреді. Әрбір цикл өзінің фазаларын, ұзақтығын көрсетеді. Маркстің теориясы бойынша, әрбір цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күйзеліс, жандану, көтерілу.

Циклділік теориясын құрған Н.Д.Кондратьев. Ол анықтаған циклділік ұзақ толқындардан құралады. Ұзын толқындар теориясы макроэкономикалық тепе-теңдіктегі ауытқу жағдайында болатын экономикалық жүйені көрсетеді. Циклділіктің қалаыптасу себептері:

1-ден, бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы ауытқулар;

2-ден, бұл ауытқу өндіріс құралдарына сұраныстың өзгеруімен байланысты;

3-ден, бұл тепе-теңдіктен 40-60 жылды құрайтын ұзақ ауытқулар.

Экономикалық өсу үлгілері:

- Әмбебап үлгілер (Ф.Кенэ, К.Маркс);

- "Шығындар-шығару”үлгісі (В.Кондратьев);

- Кейнстік үлгілер (Дж.М.Кейнс);

- Неоклассикалық үлгілер (Ж.Б.Сэй, Дж.Кларк, П.Дуглас пен Х.Кобб, П.Самуэльсон).

 

2. Экономикалық цикл – бұл экономикалық өсуге ұзақмерзімді тенденция болған кездегі бір-бірінен ұзақтылығымен және интенсивтілігімен ерекшеленетін экономикалық белсенділік деңгейінің көтерілуі мен құлдырау деңгейінің бірнеше жыл бойы қайталануы.

Экономикалық циклдерді 5 белгісіне қарай топтастыруға болады:

1-ші ұзақтылығына қарай 3-ке бөледі: қысқамерзімді (3 жыл 4 ай), ортамерзімді (30 жылға дейін) және ұзақмерзімді (60-70 жыл);

2-ші әрекет ету сферасы бойынша 2-ге бөлінеді: өнеркәсіптік және аграрлық;

3-ші пайда болу ерекшелігіне қарай 6-ға бөлінеді: мұнайлық, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, валюталық;

4-ші оралу формасына қарай 2-ге бөлінеді: құрылымдық және салалық;

5-ші кеңістіктегі белгісіне қарай 2-ге бөлінеді: ұлттық және ұлтаралық.

Қысқамерзімді циклдердің ұзақтылығы 3 жыл 4 ай. Дж. Китчин бойынша қысқамерзімді циклдердің себебі алтынның әлемдік қорының ауытқуы; У.Митчелл бойынша – ішкі экономикалық жүйеде. АҚШ-тың қазіргі циклдері – тұтынушылар нарығындағы экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру.

К.Маркстің ортамерзімді өнеркісптік циклдері анық, олардың ұзақтылығы 8-12 жыл, олардың себебі: өндірістік қорлардың жаппай жаңаруында. К№Жуглярдың экономикалық циклдері несие-ақша жүйесіндегі бұзылымдар себебінен пайда болады, ұзақтылығы 10 жыл. С.Кузнецтің құрылыстық циклдері өндірістік ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңарту себебінен пайда болады, ұзақтылығы 15-20 жыл.

Экономикалық цикл дегеніміз – экономикадағы қалыптасқан бір дағдарыстан екніші дағдарысқа дейінгі уақыт аралығы.

 

3. П.Самуэльсон бойынша циклдердің экономикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы.

Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (монетаристік). Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығындарды көбейту (қысқарту), салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неоконсервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгерту.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 3819 | Теги: Экономикалық дамудың ауытқымалы бол | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: