-->
Главная » Статьи » Экономика

Экономика2

Бүгін  Қазақстан  зор  мүмкіндіктер  табалдырығында  тұр.  Азияның  ең  кедей  елдерінің  отыз  жыл  ішінде  қайыршылықтан  оңалып,  индустриялы  мемлекеттерге  айналғанын  дүние  жүзі  халқы  біледі.  Алғашқылары  Корея,  Тайвань  және  Сингапур  болса,  қазір  оларға  Малайзия,   Индонезия  және   Тайланд   қосылды. Қазақстанның  көршісі  Қытай  жоғары  қарқын  танытып  отыр.  Үндістан  мен  Бразилия  да  өз  қуатын  еселей  түсіп  келеді.  Осындай  табыстарының  нәтижесінде  бұл  елдер  күллі  әлемде  Азия  жолбарыстары  ретінде  танылып  отыр.

"2030  жылға  қарай  Қазақстан   Орталық   Азия  барысына  айналады  және  өзге  дамушы  елдер  үшін  үлгі  болады  деп  сенемін”, - деді Н.Ә.Назарбаев.

2030 жылғы  осындай  Қазақстан  өзінен-өзі  пайда  болмайды.  Оны  республика  халқы  өз  қалауымен  және  табысқа  жетуге  талпынған  ерік-жігері  арқылы  тұрғызады.

2030 жылғы  Қазақстан  Еуразияның  орталығы  бола  отырып,  жедел  өркендеп  келе  жатқан  үш  аймақтың – Қытайдың,  Ресейдің  және  Мұсылман  әлемінің  арасындағы  экономика  мен  мәдениетті   байланыстырушы  буын  рөлін  атқаратын  болады.

2030 жылғы  Қазақстан  күрделі  жолдан  ойдағыдай  өткен  және  дамудың  келесі  кезеңіне  нық  қадаммен  аяқ басқан  ел  болды [7,14б].

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өткен  кезеңді  қорыта  келіп,  ұзақ  мерзімге  арналған  басым  мақсаттар  мен  оларды  іске  асырудың  стратегияларын  анықтады.  Ұзақ  мерзімді  жеті  басым  бағыт  анықталды,  олар  өзара  байланысты.  Олардың  ішінде  үш  басым  бағыт  экономика  саласына  арналады. Экономикалық  асу – экономикалық  өрлеудің  нақтылы,   тұрлаулы   және  барған  сайын  арта  түсетін  қарқынына  қол  жеткізу.  Энергетика  ресурстары – мұнай  мен  газ  өндіруді  және   экспорттауды  экономикалық   өрлеу  мен  халықтың  тұрмысын  жақсартуға   жәрдемдесетін  табыс  алу  мақсатында  жедел  арттыру  жолымен  Қазақстанның  энергетикалық  ресмурстарын  тиімді  пайдалану. Инфрақұрылым.  Әсіресе  көлік  және  байланыс.  Осы  шешуші  секторларды  ұлттық  қауіпсіздікті   нығайтуға,  саяси  тұрақтылық  пен  экономикалық  өрлеуге  жәрдемдесетіндей  етіп  дамыту.  Осы  ұзақ  мерзімді  басымдықтардың  әрқайсысы  үшін  бір  жылдық,  үш,  ал  кейіннен  бесжылдық  жоспарлар  жасалады.

Қазақстанның  салауатты   экономикалық   өрлеу  стратегиясы  мықты  нарықтық  экономикаға,  мемлекеттің  белсенді  рөліне  және   айтарлықтай  шет  ел  инвестицияларын  тартуға  негізделеді.  Ол  он  принциптен  тұрады.  Мелекеттің  белсенді  рөл  атқара  отырып,  экономикаға  араласуының  шектеулі  болуы.  Соңғы  үш  жылдың  ішінде  Қазақстанның  экономикалық  стратегиясы  макроэкономиканы  тұрақтандыру  болды.  Бірақ  бүгінгі   табыс   тоқмейілсуге   негіз  бола  алмайды.

Бірінші   азиялық  барыс  болу  үшін  біздің  басым  бағыттардың   қатарына   макроэкономикалық   көрсеткіштер  саласындағы  алдыңғы  қатарлы   халықаралық   тәжірибе  енгізілуге  тиіс.

Құнсыздануды  қолайлы  деңгейге  түсіре  отырып,  Республика   стратегиялық  күшті  экономикалық  ілгерілеуге  бағыттайды.

Жеке  меншік  институттары  жерге  деген  құқықтың,  сондай-ақ  меншік  құқықтарын  және  келісім-шарттардың   орындалуын  қорғайтын  заң  жүйесін  құрудың  есебінен  нығайтылады.

Кәсіпорындарды   жекешелендіру  негізінен  аяқталды.  Енді  оны  ең  алдымен  аграрлық  кешен   мен  әлеуметтік  салада  түпкілікті   аяқтау   және  акциялардың   айналымы  процесін  дәл  реттеу  қажет.  Стратегиялық  сипаттағы  кәсіпорындардағы  акциялардың  мемлекеттік  пакеттері  орынды  пайдаланылатын  болды. Көптеген  ірі  рыноктар   арасындағы  байланыстыпушы   буын  ретіндегі  Қазақстанның  жағдайы  ашық  экономика  мен  еркін  сауда  құруды  талап  етіп  отыр.

Қазақстанның  энергетикалық  және  өзге  де   ресурстарын  игеру  жалғаса  береді.Шетел  инвестицияларын   тиісінше  қорғау  және  пайдалану  бірінші  кезектегі  мәселелердің  бірі.  Қазақстанның  инвестициялық  ахуалы   неғұрлым  қолайлы,  ал  Қазақстан  тартылған  шетел  инвестицияларының  көлемі  мен  сапасы  бойынша  басты  орынға  шығуы  үшіні  саяси  ерік-жігер  мен  нақты  іс-қимыл  қажет.  Әлемге  әйгілі   инвесторларды   мүмкіндігінше  көптеп  тарту  үшін  республикамыз  асқан  шеберлік  танытуы  керек.

Қазақстан  үшін  индустриялы  технологиялық  стратегияны  қалыптастыру  қажеттілігі  дүниежүзілік  тәжірибеден  туындап  отыр.      

Қазақстан  табиғи  ресурстардың,  әсіресе  энергетика  ресурстарының  орасан  зор  қорына  ие.  Қазақстанның  әлемдегі  мыс  қорының – 10, қорғасынның – 19,  мырыштың – 13,  темірдің – 10,  марганецтің – 25,  хромит  рудасының – 30  пайызы  бар.  Мұның  бәрі  Қазақстанға  металл  шығарушы  елдердің  ішінде  басты  орындардың  бірін  алуына  мүмкіндік  береді.

Мұнай  және  газды  экспорттау  жүйесін  тәртәпке  келтіру   стратегиялық  міндеттерінің  бірі. 1997 жылдан  бастап  Каспий  мұнай  құбырын  салу  басталды,  оны  іске  қосу  жыл  сайын  68 млн.  Мұнайды  экспорттауға  мүмкіндік  береді.  XXI ғасырдың  басында  100 миллионға  дейін  мұнай  өндіру  жоспарлпнып  отыр,  ал 2010-2015  жылдарда  170  миллионға  жеткізу  міндеті  тұр.  Каспийдің  мұнайын  пайдалану  туралы  жақында  ғана  Америкамен  ғасырлық  келісім – шарт  жасалынды.  Бұл  шарт  дүние  жүзі  елдерінің  назарын  аударуда.

Қазақстанның  міндеті  отандық-коммуникация  кешенінің  бәсекелестік  қабілетін  және  аумағымыз  арқылы  өтетін  сауда  легінің  ұлғайтылуын   қамтамасыз  етуде  жатыр.  Бұл  сала  ұзақ  мерзімдік  келешекте    жан-жақты  өсу  стратегиясына   ілесуге  тиіс,  ол  ұлттық  рынокты  жан-жақты  жетілдіруге  жәгне  жаңа  рыноктар  іздеуге  мүмкіндік  береді.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында  ұзақ  мерзімді  стратегияға  негіз  болатын  2000-2005  жылдарға,  яғни  таяудағы  үш  жылға  арналған  жоспарды,  міндетті  де  анықтады.  Олар:

- алдыңғы  қатарлы  елдермен  белсенді  қарым-қатынас  жасау,  Қазақстанның  энергетикалық  секторына  капитал  тарту  және  еліміздің  әскери  доктринасын   әзірлеу  арқылы   ұлттық  қауіпсіздікті  нығайту;

- ауылдың  неғұрлым   өткір   проблемаларын  шешу;

- кедейшілік  пен  жұмыссыздыққа  қарсы  күрес;

- барлық  әлеуметтік – экономикалық   реформаларды  аяқтау,  ең  алдымен  бюджет  саласындағы  реформаларды  аяқтау;

- қолайлы   инвестициялық   ахуал  туғызу,  т.б.

Осылардың  қайсыбіруін  айтып  өтейік.  Каспий  қайраңы  мен  Қарашығанақ  кен  орындарын  игеруге  АҚШ-тың,  Ресейдің,  Қытайдың,  Ұлыбританияның  және  басқа  дамыған   мемлекеттердің  ірі  компаниялары   мен  капиталы  тартылады,  ол  алдыңғы  қатарлы   державалардың  Қазақстанның  тәуелсіздігіне   деген  мүдделілігін  күшейтеді.  Ал  мұның  өзі  дүниежүзілік  рынокқа  отын  шығарып  тұрудың  тұрақтылығын   қамтамасыз  етеді.  Азия  мен  Еуропа   қайта  жаңарту  және  даму  банктері  заемдарының,  басқа  ұйымдар  мен  тілеуқор  елдердің  көмегінің  есебінен   ауылдағы  шағын  және   орта  кәсіпкерлік  дамытылады. 25 – 30 мың  теңге  көлемінде  кіші  несие  үлестіріледі.  Үкімет  үш  жыл  ішінде  мал  мен  мүлік  сатып  алу  үшін,  заңда  тыйым  салынбаған  кез-келген   бизнеспен  шұғылдануы  үшін,  жан  бағып,  өздерінің  іскерлік  дағдыларын   ұштауы  үшін   өте  қиын  жағдайда  қалған,  кемінде  150 мың  ауыл  адамына  қажетті   осындай  қаражатпен  қамтамасыз  ету  міндеті  қойылып  отыр.

Экономика  саласында  үш  жылдың  ішінде  монеторлық  саясат  бұлжытпай  жүргізіледі,  жекшелендіру  аяқталатын  болады.  Қазақстан  КҚК  құбыр  арнасын  Қытай  Халық   Республикасына  жеткізу  үшін  қолдан  келгеннің  бәрі  істеледі.  Жерорта  теңізіне,  Парсы  шығанағына,  Араб  теңізіне   балама  құбыр   арналарын   тартуды  қаржыландыру  мен  салу  мәселесі  пысықталады.  Қазақстан  өнеркәсібі  мен  тұрғын  үйлеріне,  сондай-ақ  халықаралық  рыноктарға  отын  жеткізу  үшін  газ   құбыры   арналары  тартылады

Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 892 | Теги: экономика қазақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: