Главная » Статьи » Экономика

В категории материалов: 34
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз етілуі

Кәсіпорынның еңбек ресурстары – кәсіпорынның басшылығы тарапынан қамқорлық жасайтын әрқашан бақыланатын объектісі болып табылады.

Нарықтық қатынастар кезінде еңбек ресурстарының ролі елеулі түрде жоғарылайды. Өндірістің инвестициялық сипаты жоғары ғылымилықты талап етуі, өнімнің сапасы жөніндегі мәселелерді маңызды деп қарауы жұмыскерге қойылатын талапты, оның еңбекке деген қатынасының творчестволық маңыздылығын және жоғарғы біліктілігін күшейтті. Осы талаптар кәсіпорын қызметкерін басқарудағы тәсілдер мен әлеуметтік-психологиялық мәселелердің, принциптердің елеулі түрде өзгеруіне алып келді.

Жақсы іріктелген еңбек ұжымы – кәсіпкердің ең негізгі міндеті болып табылады. Бұл кәсіпорын басшылығының ойлағанын ұғынып, біліп және жүзеге асыруға мүмкіншілігі барп әріптестердің және пікірлестердің тобы болуы тиіс.

Еңбектік қатынастар – кәсіпорын жұмысының ең күрделі жағы, ұжымда пайда болған араздық жағдайларды шешу кезінде, әр адамның жеке бейімділігін, тұлғалық мінезін, психологиялық таңдауын есепке алуы керек. Әрине техникалық немесе технологиялық ақаулықтарды қалпына келтіру әлдеқайда оңай.


Экономика | Просмотров: 3453 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Кәсіпкерліктің классификациясы

Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай. т.б. әртүрлі нышандары бойынша классификациялауға болады.

Кәсіпкерлік істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады.

Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.


Экономика | Просмотров: 6025 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік түсінігі және түрлері

 

1.1. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.   

Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және  т.б.        


Экономика | Просмотров: 22657 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары

Білімгерлермен нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формаларын талдау. Шаруашылықтың әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын құрудың негізі – меншік түрлерінің алуан түрлілігін қарастыру. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. «Иемдену-айыру» қатынастары. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары. Қоғамда меншік формаларының көптүрлі болуының заңды қажеттілігі. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері, әдістері, проблемалары.

 

Негізгі терминдер: акционерлік қоғам, кіші кәсіпорындар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, суды тұтынушылар қоғамдастығы, мемлекеттік кәсіпорындар, жекеше кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, толық серіктестік, аралас серіктестік, өндірістік кооперативтер.


Экономика | Просмотров: 2974 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық механизмді жетілдіру

Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықтық экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарықтық механизм элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.

 

Негізгі терминдер: нарық, нарықтық механизм элементтері, нарық субъектілері, нарық объектілері, инфрақұрылым, сұраныс, ұсыныс, негізгі өндірістік қорлар, салалық, технологиялық, өндірістік құрылым, тұрақты даму, экономикалық тепе-теңдік.


Экономика | Просмотров: 20280 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндірістің мақсаты ретінде

1. Экономиклық өсу түсінігі

2. Экономикалық өсу қарқындары

3. Экономикалық өсу ресурстары

 

1. Экономикалық өсу дегеніміз- белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі. Ол мемлекеттік саясаттың әлеуметті-экономиклық мақсаттарының бірі. Оны процентпен немесе салыстырмалы көлемде былтырғы жылмен салыстыру арқылы анықтауға болады.


Экономика | Просмотров: 2377 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

Экономикалық саясаттың негізгі бағыттарындағы мемлекеттің  ролі

1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

2. Салық жүйесінің мәні

3. Ақша-несие жүйесі

4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

 

1.Қаржы жүйесі- бұл экономикалық, ақшалай қатынастардың белгілі бір жүйесі, осы арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірісті, сондай-ақ қоғамның басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражаттар құралып, тиісінше бөлініп, қайтадан бөлініп, одан әрі пайдаланып отырады.


Экономика | Просмотров: 5104 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

1. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері.

2. Жұмыспен қамту саясаты

3. Инфляция: мәні, пайда болу себептері және түрлері.

 

1.Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздық шығындары.

Жұмыссыздық дегеніміз- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.


Экономика | Просмотров: 13309 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

1. Циклділік түсінігі және мәні

2. Экономикалық цикл мәні мен классификациясы.

3. Экономикалық ауытқулардың себептері: сыртқы және ішкі.

 

1.Циклділік экономикалық динамиканың теңсіздігін бейнелейтін экономиканың табиғи даму тәсілін, қозғалыстың жалпылама формасын көрсетеді.

Циклділік – бұл ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық қозғалысының жалпылама формасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру. Ол ұлттық шаруашылықтың әртүрлі элементтерінің қызмет ету тепе-теңдігінің бұзылуын көрсетеді. Циклділік шеңбер түрінде емес, спираль түрінде жүреді. Әрбір цикл өзінің фазаларын, ұзақтығын көрсетеді. Маркстің теориясы бойынша, әрбір цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күйзеліс, жандану, көтерілу.


Экономика | Просмотров: 3918 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

Макроэкономикалық тепе-теңдік

1. Жиынтық сұраным

2. Жиынтық ұсыным

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік

4. Мультипликатор.

 

1. Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған  жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.


Экономика | Просмотров: 4040 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-34