-->
Главная » Статьи » Экология

Теориялық экология негіздері

Теориялық экология негіздері

Мақсаты: Студенттерге теориялық экология негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.Ағзаның және қоршаған ортаның байланысы, экологиялық факторлар.

2.Популяциялық экология.

3.Биосфералық экология.

4.Экологиялық факторлардың   адам ағзасына әсері.

5.Экологиялық факторлардың  биотикалық ортаға әсері.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, бір түрдің ортақ тектік қоры бар және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңістікке қоныстанатын дарақтарының жиынтығы.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы езінің түрақты санын үстап түратын бір түрге жататын организм-дердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организм-дердің эволюциялык даму жолы үқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қезқарасты анықтама беруге тырысты.

Популяция - белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, үзақ жылдар бойы табиғаттағы санын түрақты үстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялык, гсографиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды (хылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесіне негізделеді. Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, касиеті және атқаратын функциялары аркылы ерекшеленеді. Попу-ляция қүрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, понуляцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен үқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгсрісіне бейімділігі, генстикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады..

Элементар (жергілікті) популиция- табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табигағатағы саны,даму эволюциясымен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялык жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық популяциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша үзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене түрқы оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың үсақ аумаққа таралуы олардың көптүрлілігін және генефонын байытады деп түжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдары жел арқылы немесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы езінің тұрақты санын ұстап түратын бір түрге жататын организм-дердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организм-дердің эволюциялык даму жолы ұқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қезқарасты анықтама беруге тырысты.

19 ғ. Бас кезінде «биосфера» түсінігі ғылымға ұлы француз табиғат зерттеушісі Ж.Б.Ламарк (1744 - 1892) енгізген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын,1875 ж австралиялық геолог Эдуард Зюсс өзінің «Альпі тауларының шығу тарихы туралы» кітабының соңғы тарауында жер шарының әртүрлі қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын.Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқарға алған жоқ..

     Биосфера туралы ілімнің қазіргі авторы В.И.Вернадский (1863 -1945) «биосфера» терминін 1911 жылы қолдана бастағанымен оған алғаш рет 1923 жылы «Биосфера – планетадағы тірі заттардың таралған аймағы – жердің ерекше тіршілік қабығы» - деп анықтама берді.Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған барлық қабаттарын түсінді.

   Негізгі сапслары массасының жиынтығы химиялық құрамы мен энергиясын қарастыра отырып, планетадағы организмдердің бүкіл жиынтығын В.И.Вернадский «тірі заттар» д.а.Вернадскийдің Констант заңы былай айтылады.Биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама.Динамикалық жүйе ретінде биосфераның ерекшелігі күн энергиясының ағыны және тірі заттардың жұмысы салдарынан оның біркелкі еместігі.

         Биосфераның ерекшеліктерінің бірі оның космоспен үздіксіз байланысы.Оны алғаш рет өткен ғасырда байқалған. Мысалы;1825 жылы швейцар астрономы Рудольф Вольф жердің магнетизмінің күн бетінде дақ түзілу ырғағымен байқалғанын есептеген.Бірақ гелиобиологияның туған биосферасы күннің периодты әсері деген баяндама оқылған уақыттан бастап,яғни 1915 жыл болып саналады.          

       Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сиптталады. Олар – атмосфера гидросфера  және литосфера.

Биосфераның гидросфера қабаты  - жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де, одан әрі биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласуда. Нәтижесінде, жер шарындағы барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қор екені адамзаттың болашағына деген сенімін мәңгілік етуде.

Соңғы жылдары жүниежүзілік мұхиттар мен барлық сулардың ластануы, оның сапасын нашарлата түсуде. Олар – мұхиттарда соғыс корабльдерінің көбеюі, мұнайды тасымалдау, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасталуы, радиактивті қалдықтардың лақтырылуы, тағы басқа зиянды заттардың қоймасына айналуы экологиялық жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта және Кіші Азия, Австралия, Орталық Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.

Жер қабығы (литосфера) – бүкіл тіршіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Оның түп негізін әр түрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды.

Литосфера терминін алғаш ғылымға енгізген Э.Зюсс. Оның денін мантия қабатының жоғарғы бетінен бастап жер қабығы құрайды. Яғни, жер қабатының Махорович (Мохо) шекарасынан бастап құрлық бетіне дейінгі 70 км, ал мұхит бетіне дейінгі 10 км қалыңдықты қамтиды.

Жер қабатының континентальды және мұхиттық қабатын ажыратуға болады. Олар бір-бірінен құрамындағы тау жыныстарының сипатына қарай жіктеледі. Мәселен, мұхиттық қабат – базальт, ал континентальды қабат – гранит жыныстарынан тұрады.

Литосфераның химиялық құрылымы негізінен оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий элементтерінен тұрады. Оның ішінде оттегінің үлес салмағы 47,3% және 92% көлем алуы ерекше жағдай. Оттегі басқа химиялық элементтерден тығыз қосылыс күйінде минералды жыныстардың негізін құрайды. Жалпы алғанда жер қабығының 9,2% - тау жыныстары, 20% - метаморфтық, ал 70,8% - магматикалық жыныстар алып жатыр.

Академик В.И.Вернандский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» - деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсулары, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал, бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернандский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың» ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе, тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекеттерінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп билсфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екндігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып планетадағы тіршіліктің көп түрлілігіне әкеледі. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қорғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн екенін есте шығармауымыз керек.

В.Н.Вернандский табиғаттагы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады. Ал «ноосфера» деген терминді ғылымға енгізген француз математигі Леруа еді.

Академик В.Н.Вернандский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: "..Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі”, - деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр.

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 4574 | Теги: Теориялық экология негіздері қазақш | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: