-->
Главная » Статьи » Экология

Қолданбалы экология негіздері

Қолданбалы экология негіздері (2 с)

Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Биосфераға антропогендік әсер ету.

2.Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.

2.Адамның биосфераға әсер етуінің түрлері.

3.Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері.

Лекцияның қысқаша мазмұны . Биосфераға антропогендік әсер ету. Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі. Адамның биосфераға әсер етуінің ерекше түрлері. Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері. Гидросфераға антропогендік әсер ету. Литосфераға антропогендік әсер ету.. Техногендік апаттар

Адамның табиғатқа әсерінің түрлері

Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін  адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды.  Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны  түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға  зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа  түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа  жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп үш топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Дегенмен бұлай бөлудің адамның табиғатқа  ықпалы күрделі құбылысты түсінуге көмегі тиеді. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. Мысалы адамның жер жыртуы, ағашты кесуі, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауы, көмірді, мұнайды, газды қазып алуы тікелей әсерге жатады. Мұндай әсер ақырында сол табиғи қорлардың   азаюына немесе құрып кетуіне әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Олай дейтініміз ағаштарды кесу табиғатқа қосымша жанама әсерді туғызады. Мысалы, ағашы кесілген жер енді ашық қалғандықтан топырақ, желдің әсерінен үгітіледі де, ұсақ өзендердің көзін басып қалады, өзен тартылады. Бұл әлгі өзен құятын көлдің кеуіп қалуына әкеледі. Су қоймаларының жағасындағы ағаш кесілсе жарқабақтар құлайды, судың булануы артады, су жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады. Кесілген орманның орны  ондағы кейбір хайуандардың, құстардың, өсімдік тіршілігіне қызмет етуден қалады. Сөйтіп хайуанаттар мен құстар қоныс ауыстыруға мәжбүр болып, ол жерлердегі кейбір өсімдік түрлері жойылады. Жер астындағы қазба-байлықты алу кезінде алдын ала сақтық жасалмастан, жүйесіз жүргізілетін болса, жердің құнарлы қабатының бүлінуіне, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Олай дейтініміз жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасайтын жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.

Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп, белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса, арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байлығын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлықтың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі- жексенбі күндері адамдар көп жиналатын демалыс орындарында болады. Адамдар орманды ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып орманның табиғи ырғағын бұзады.  Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 3436 | Комментарии: 2 | Теги: Қолданбалы экология негіздері қазақ | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
1 Junjie   (24.01.2014 06:57)
Thanks for the insgthi. It brings light into the dark!


Имя *:
Email:
Код *: