-->
Главная » Статьи » Экология

Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг

Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг  

Жоспар:

1.Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері.

2.Табиғатты пайдалану менеджменті. 

3.Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени  құндылығы.

4.Табиғи ортаның маркетингтік құндылығы.

«Экологиялық құқық», «Экологиялық менеджмент», және «Экологиялық маркетинг» ұғымдары.   Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері. Экологиялық  заң.  Табиғатты пайдалану менеджменті.  Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени құндылығы.

Экологиялық құқықтың басқару механизмдері

Табиғатты  қорғау  - табиғаттың  өзіндік болмысын  сақтау немесе оны  қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресустарды  ысырапсыз   пайдалану  үшін  құрылған  мемлекеттік  жүйедегі қоғамдық шара.  Ол әр  түрлі   тәсілдермен   жүзеге  асырылады.  Соның  бірі  -  айналадағы табиғи  ортаны  құқықтық    қорғау.

"Қазақстан  Республикасының  экология  құқығы” - айналадағы   табиғи  ортаны  қорғауға байланысты  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  ережелердің   жиынтығын  зерттейтін  оқу  пәні  немесе ғылым  саласы. 

      Қазақстан  Республикасының айналадағы табиғи  ортаны  қорғау   туралы  заңы  адамның  өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы  табиғи  ортаның қолайлы  болуына  тиісті  құқығын  қамтамасыз  етуге, қазіргі  және  болашақ  ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік негіздерін  белгілеуге  және  адам  қызметінің осы  табиғи   ортаға  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеуге,   табиғи тепе-теңдікті   сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдалану  ісін  ұйымдастыруға   бағытталған. 

      Республикада   айналадағы  табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қатынастар   еліміздегі  табиғи  ортаны    жер,  жер қойнауы, су, орман,  атмосфералық ауаны,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесін   қорғау  туралы  заңдары  мен  ол  заңдарды  қолдану  жөніндегі  өзге  де  Қазақстан  Республикасының  құқықты  актілерімен   реттеледі. 

Ол  заңдардың  міндеттері:

           - адамның тұруы  үшін  қолайлы  ортаны  қамтамасыз  ету, табиғи  қорларды  ұтымды  пайдалану, жаңғырту  және  неғұрлым  ұзақ  мерзімге  сақтау, айналадағы   табиғи  ортаны   сауықтыру мен жақсарту, оған  шаруашылық  және  өзге  қызметтің  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеу мақсатында  айналадағы   табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қоғамдық  қатынастарды  реттеу;

        - осы  қоғамдық  қатынастар   саласында  азаматтардың,   кәсіпорындардың,  мекемелер  мен   ұйымдардың  құқықтарын  қорғау;

        -   табиғат  қорғау  заңдарын  бұзғаны  үшін   жауаптылық  шараларын  белгілеу;

        -   әр  алуан  экологиялық  жүйелер   мен  ландшафтарды  (өңірлерді), бірегей  табиғи  объектілерді  және   соларға  байланысты   мәдени мүраны   сақтау;

        -   қоғамдық  қатынастардың   осы  саладағы  заңдылық  және  құқықтық   тәртібін  нығайту.

        Осы  аталған  экологиялық  құқықтың  қатынастар Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік, қоғамдық  ұжымдары  мен  азаматтардың  табиғатты  қорғау  жөніндегі  қызметімен  жүзеге  асырылады.

       Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  экология   қызметі  оның  табиғатты  қорғау  шаралары  жүйесінде  қаралады.  Олардың  ішінде  табиғат  қорларын  есепке алу,  бағалау,  айналадағы  табиғи  ортаны   қорғау  мен пайдалануды  басқарудың  экономикалық тетіктерін    белгілеу  (жоспарлау, қаржыландыру, ақы  төлеу т.б.),  экологиялық  заң  актілерін   қабылдау  және  оларды  қолдану, осы табиғи  ортаны  қорғау  саласында  басқару  мен  бақылау, сараптама жүргізу, ғылыми  зерттеу қызметтерін  ұйымдастыру, экологиялық  кадрлар даярлау, білім, тәрбие беру және бұл  салада  халықаралық  ынтымақтастықты ұйымдастыру    ерекше  орын  алады.

       Айналадағы  табиғи  ортаның  қолайлы  жағын  анықтап, оны  сауықтыруды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  нысаналы да тиімді  қызметін  ұйымдастыру  үшін  республикалық  мемлекеттік  экологиялық  бағдарламасы,  облыстардың,  қалалар  мен  аудандардың  экологиялық   бағдарламалары әзірленіп  жүзеге  асырылады.  Бұл  бағдарламаларды  әзірлеу тәртібі  белгіленеді.

        Экология  құқығының  негізгі  тақырыбы    табиғат   ресустарын   тиімді   пайдалану,  ұдайы  молайту  және қорғау  салаларындағы  қатынастар   болып  табылады.   Ол  қатынастар  белгілі  бір  принциптерде  жүзеге  асырылады, Бұл  ретте  табиғат  қорларын  пайдалануды   оны  қорғаудан, табиғатты  қорғауды   оны  пайдаланудан   бөліп алып  қарауға  болмайды.   Бірақ, кейде  табиғат  қорларының  объектілерін  пайдаланудың, жаңғыртудың  немесе  қорғаудың  басымдылығы  да  болуы  мүмкін.

        Экология  құқығының  жүйесі  экологиялық   қатынастарды   ғылыми  түрде  салаларға  бөліп  қараудан   туындайды.   Оның  әр  саласы   зерттеу   тақырыбы  институтын  құрайды. 

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 3923 | Теги: Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг қазақша | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: