-->
Главная » Статьи » Экология

Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

Мақсаты: Студенттерге экологиялық бақылау және экологиялық басқару негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы.

2.Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі.

3.Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару.

Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы. Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі. Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару. Экологиялық қор. Экологиялық  стандарттау. Экологиялық  сараптама

Экологиялық сақтандыру.

 Экологиялық процестерді басқару.БҰҰ 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан көптеген кейін елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады. Табиғат қорғау жөнінде арнайы мемлекет басқару органдары құрылды. Соған сәйкес табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға жүктелді. Атмосфераны қорғау мен бақылау Мемлекеттік гидрометеорология комитетіне су ресурстарын қорғау мен пайдалануды бақылау- Милиорация және су шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын қорғау мен пайдалануын бақылау-Ауыл шарушылық министрлігіне, балық қорын қорғау мен пайдалану-Балық шаруашылығы министрлігіне тапсырылды.

Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы органдар маңызды роль атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында да бөлінеді. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады;

-          экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;

-          мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;

-          табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;

-          табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртбін анықтау;

-          экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:

-          өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;

-          экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты немесе нысандарды пайдалануды тоқтату;

-          өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемстанцияның немесе табиғат қорғау комитетін қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкіметке экологиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау, табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру және жұмсау, табиғатты пайдалану төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және т.с.с. міндеттер жүктелген:

1.      Экологиялық  саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

2.      Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық – техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әрекеттерін үйлестіру.

3.      Табиғат ресурстарын бағалау және есептеу, табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау.

4.      Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттардың шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекту.

5.      Мемлекетік экологиялық бақылау, мемлекеттік эколгиялық сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта қозғау.

6.      Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.

7.      Халықаралық бірлестік қарым-қатынас.

Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық бағытта жүреді.

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ 1992 жылы Рио де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға «Қазақстан-2030» Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:

-          Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи - географиялық жағдайы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

-          Нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға жету;

-          Биосфералық тепе-теңдікті жануарлар мен өсімдіктерді генетикалық тұқым қорларын сақтау және қалпына келтіру;

-          Қазақстанның барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 3711 | Комментарии: 2 | Теги: Экологиялық бақылау және экологиялы | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 2
2 Нурлыбек   (27.08.2016 13:11)
Жаксы жазылған

1 Гулрайхан   (24.03.2016 15:46)
УМКД керек


Имя *:
Email:
Код *: