-->
Главная » Статьи » Экология

Экология ғылымының даму кезеңдері

Экология ғылымының даму кезеңдері .

Мақсаты: Экология ғылымының тарихы, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. 

Жоспар:

1.Экологиялық ғылымының даму кезеңдері , экологиялық көзқарастың  қалыптасуы.

2.Пәннің мақсаты,   міндеттері.зерттеу объектісі

Тақырыптың қысқаша  мазмұны.

Экологияның қазіргі даму концепциясының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы. Қазіргі  экология ғылымының   зерттеу  әдістері, мақсаты мен міндеті. А.Гумбольттың, Д.Дарвиннің, К.Ф Руленің, Н.А.Северцовтың жұмыстары. Биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролі.  А.Тенсли, В.Н.Сукачев, В.И Вернадский, М.И.Будыконың еңбектері Жердегі  тіршіліктің ұйымдасу деңгеилерін, тірі табиғаттың тұрақтылығы т.б зеріттеитін ,жалпы экология негізгі экология немесе  биология болып табылады.

Барлық энциклопедеиялар мен анықтама- сөздіктерден біз экология терминін 1866ж. ірі неміс зоологы Эренст Геккельдің  ұсынғандығын .Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы –романист және кең профилді натуралист Генри Дэвид Торо қолданған,  оның басты кітабы ормандағы шаруашылық.

Экология дербес  биологиялық ғылым ретінде  19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология- биология ғалымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгеиіне  көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы  экологиялық зеріттеулердің элементерін біз көне дәуір  оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель,Теофраст еңбектерінен көреміз Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер  мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық,  физиалогиалық бейімделушілерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберіне экологиялық тұрғыдан қарастырады.20 ғасырдың  екінші  жартысында   экология ғылымы ретінде  ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерісінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі  тіккелей немесе  жанама түрде солардың құрбандығына аиналды.

Экология ғылымының қалыптасуын  негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Ікезең. Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мосслен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль( 1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), (1740 1802), Л. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858),  Л. Северцов Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарнип (1809 1882), К. МеГшус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841 1924), Н. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уалиханов (1835 1865), т.б. габнгаг зсрттсуші биологтар, систсматиктср, гсоірафгар оздерініц еңбектеріпде эжологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымьшың дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

2 кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981),

Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады.

3 кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология — бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дими түсуде. Экологияпың жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулср жүргілуде.

2. Мақсаты:-биосфера шегіндегі  ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

Нысаны: биологиялық және географиялық микро және макро экожүйелер  мен  оның  уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.

Зерттейтін мәселелері:

 -организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы мен қоршаған табиғи ортасы:

-биоценоз, экожүйелердегі  уақыт пен кеңістікке байланысты  туындайтын өзгерістер;

-табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері

-адам, қоғам , табиғаи арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 14788 | Теги: Экология ғылымының даму кезеңдері қ | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: