-->
Главная » Статьи » Экология

Экология пәнінен глосарий

Экология пәніне кіріспе 

Глосарий

Экология-бірге өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым ( американ ғалымы Ф. Клементс, 1920 ж.)

 Экология (грекше oikos – үй, мекен, logos-ғылым) – жанды организмдердің   тіршілік  ортасы  мен   аракатынасын  зерттейтін биологиялық  гылым.

  Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы, атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйелесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері;

Табиғи ресурстар – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның  шаруашылық, т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;   

Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану;

Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

Қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың  денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар  туралы ескерту;

Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының  қөрсеткіштері;

Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының  түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік - техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер  мен ондай қызметке тыйм салу;

Экологиялық қауіпсіздік -  жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антрпогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;

экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның  өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

Түр ішілік – гомотиптік реакциялар. Гомотиптік реакциялар – бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер

Бәсекелестік-  2 популяцияның әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер етуі.болса,

 Бейтараптылық- 2 популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай-  нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез-келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әркеттер болуы мүмкін.

Мутализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар  жатады.

Қоршаған орта- табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай -ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы.

Қоршаған ортаны қорғау- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; қоршаған ортаны қорғау объектілері- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

Табиғи ресурстар-  қоғғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.

Табиғатты пайдалану-  адамның шаруашылық жіне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.

Қоршаған ортаның мониторингі-  адамның қоршаған табиғи ортаның жай- күйін бақылаужәне адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

Қоршаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.

Қоршаған ортаны ластау- қоршаған ортаны ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай- ақ қоршаған шудың, тербелістің, магниттік өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Экологиялық талаптар- Қазақстан Республикалық заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік- техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге  де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу.

Табиғатты қорғау- табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қағамдық ауқымдағы іс- шаралар жатады.

Элементар (жергілікті) популяция - табигаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарпопуляциялардың табигаітагысаны,дамуэволюциясымен үзақтығы биоцсмоздыц күрдслі исмссс қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялык жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Категория: Экология | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 2776 | Теги: экология глосарий қазақша, Глосарий қазақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: