-->
Главная » Статьи » Экология

Экология2
            Табиғатты  қорғау  саласының  бірі – экологиялық  бақылау.  Бұл  бағытта  бірсыпыра  жұмыстар   іске  асырылуда.  Республика  блйынша  облыс,  аудан,  қалаларда  айналадағы  ортаны  қорғау,  экологиялық  бақылау  мекемелері  құрылды.

Адам  мен  табиғат   арасындағы  қайшылықты  шешуді  қоғам  реттейді,  оның   қызметі – адамдардың  санасын  тәрбиелеу  және  олардың  өзін  қоршаған   әлемді  қорғауға  бағытталған  ынталы  жігерін  қолдау. 

Қазіргі  уақытта  барған  сайын  көптеген  елдер  оны  шешу  үшін  өздерінің  күш-жігерін  біріктіре  бастады.  Ұзаққа   созылатын  экологиялық   қауіпті  жоюмен  қатар,  төтенше  экологиялық   жағдайларда   көмек  көрсетілуде.  Осының  бәрі  БҰҰ-ның  ұсынған  "Жер  біреу  ғана!”  деген   ұранын   жүзеге  асыруды  көздейді.  Дүниежүзілік   қауымдастық  мынадай  жағдайды  басшылыққа  алады:  экологиялық  проблеманы  шешудің  басты  жолы – адамдардың   өндірістік  және  өндірістік  емес   іс-әрекетін   қалыпты  экологиялық   дамуды – айналадағы  ортаны   бүкіл  адамзаттың  және  әрбір  адамның   мүддесіне  сай   өзгертуді   қамтамасыз  ететіндей  етіп   ұйымдастыру [11,97б].         

Мінеки  енді  осы  экологиялық  апаттан  қалай  құтылуға  болады?  Табиғатты  қалай  сауықтыруға  болады.  Бұл  өте  күрделі  мәселе.  Бұл  үшін  ең  алдымен,  адамдардың  табиғатқа  деген  көзқарасын  өзгертіп,  дұрыстау  керек,  тәрбиелеу  керек. Ол  үшін  балалар  бақшасынан  бастап,  мектептерде,  жоғарғы  оқу  орындарында,  адамдардың  табиғатқа,  қоршаған  ортаға   деген  көзқарасын  өзгертіп,  қалыптастыру  керек.  Қазіргі  заманға  сай  экологиялық  идеология  қажет.  Егер  біз,  жас  ұрпақты  кішкентай  кезінен  бастап  табиғатты   сүюге  тәрбиелемесек  көп  нәрседен  ұтылатынымыз  хақ.  Әрбір  тәрбиеші,  мұғалім, маман,  басшы, экология  негіздерін  жақсы  білуі  қажет.  Сонда  ғана,  әрбір  адамның  миында,  қанында,  көзқарасында  қоршаған  ортаны  бүлдірмеу  керектігі  туралы  негіз  қалыптасады.  Адамдар  сонда  ғана  туған  өңір  табиғатын  қорғауға  белсенділік   көрсете  алады.   

3.Адамның табиғатқа,  табиғи  өмір  сүру  ортасына  тәуелділігі  адам  қоғамы  тарихының  барлық  кезеңдерінде  байқалған.

Қоғамның  өндіріс  күшінің  дамуына,  адамның  өмір  сүруінің табиғи  ортасымен  байланысына  сәйкес,  олардың  "екінші  табиғатпен”  байланысы  кеңейе  бастады.  Адамның  табиғаттың  стихиялы  күштерінен  қорғанысы  күшейе  түсті. Киімді жетілдіру,  жасанды  желдеткіштері  бар  үйлер  салу,  су  тасқынынан  қорғайтын  бөгеттер, т.б.  өмір  сүруге  қажетті  жағдай  жасауға,  сонымен  қатар  жаңа  ортаны,  еңбек  етуге  қажетті  жерлерді  игеруге  мүмкіндік  жасады.

Адамның  табиғатқа  тәуелділігін  әлсірететін  осы  процестермен  қатар,  өндіріс  күшінің  дамуына  байланысты  оның  табиғатқа  зиянды,  кері  әсері  де  байқалды.  Адам  іс-әрекетінің  шеңберіне  табиғаттың  өзгеру  процестері,  құбылыстары  кең  түрде  ене  бастады.

Адам  мен  табиғаттың  бір-біріне  әсері,  қатынасы  көп  қалдықты  технологияға  негізделген  өгдірістің  қарыштап  дамуы  нәтижесінде  өзінің  мөлшерлі  шегіне  жетті.  Табиғи  қорлардың  шектелуі  және  айналадағы  ортаның  ластануы  адамның  өмір  сүруіне  қауіп  тудыруда.[5,47б]

"Таза қоршаған  орта – таза  адами  қарым-қатынас!”  осы  дивизиямен  Қазақстандағы  бірінші  экологиялық  Невада-Семей   қозғалысы  өз  жұмысын  бастаған  еді.

Біздің  мақсатымыз – ядролық  қарусыздану  жөнінде  халықаралық   парламенттік   референдум  өткізу  болатын,  кеңес  одағы   тарап  кетпегенде  бұл  ойымыз  сөзсіз  жүзеге  асатын  еді.

Біздің  "Невада-Семей”  қозғалысымыз  гуманитарлық   реформаның  осы  жаңа  жобасымен  әлемге  жар  салмақ.  Біз  Қазақстан  осы  істе   мұрындық   болуы  тиіс  деп  санаймыз. Семей  сынақ  айлағының   жабылуы  бүкіл   әлемдегі  сынақ  айлақтарына   мораторий   жариялауға  ұласқаны   бізге  күш  береді.

Академияның  2002 жылдан  бері  БҰҰ-да  бас  кеңесшілік  статусы  бар,  онда   мықты   мамандар  тобы  шоғырланған,  олардың   қазіргі    айналысып  жатқан   бағдарламасы  "Оңтүстік  Қазақстан   өлкесін  табиғи  газ  бен   көмірді   алмастырушылармен    қамтамасыз   ету  үшін  төменгі  Іле  сұр  көмір   кенішіндегі   жер  асты  газдандыру”   деп  атады. Алматы  қаласы  мен,  бүкіл  Оңтүстік  Қазақстан   аумағы  үшін  бұл  бағдарламаның  тиімділігі  мен   өзектілігін  техника-экономиканың   көрсеткіштер  мен     жинақталған   бай  материал    дәлелдеп  тұр.    

3.1 Негізінде  жаңа  экологиялық – экономикалық  жобаны  экономика  саясында  қалыптастыру  үшін   экономиканы  дамытудың   экологияландырылған   тұжырымдамасын  жасау  талап  етілуде.  Қоғам  мен  техникалық  салалардың    өзара  қарым-қатынасында  қоршаған  ортамен  экономиканың  барлық   құрылымдары  мен   функциялары,  яғни  өндіріс  бөлу  және   тұтыну  тартылған  десе  де  болады.   Адамзат  қоғамының   материалдық  игілігінде   шек  жоқ,  ал  материалдық   қажеттілікті  қамтамасыз  ететін   ресурстар  шектеулі.  Осыған  орай,  бұл  байланыста   экономиканың   іргелі  тәртіптерінің   негізіне  байланысты   қалыптасатынын  әсте   естен  шығармаған  жөн.  Шектеулі   ресурстар  мен   қажеттіліктерді   барынша  қанағаттандыруда   экологиялық  процестерді  оңтайландыруда  айқын  көрініс  табады.

Экономиканың   табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі   ұзақ  уақыт  табиғи  заңдылыққа   тәуелді  екендігі  мойындалмай  келді.   Өндіргіш    күштердің  соңғы   онжылдықта   қарыштап  дамуына  байланысты  бұл  тәуелділік   қатты  сезілуде.  Мәселен,  топырақ  құнары  1%-ке   төмендесе,  өткен  жылғы  егін   шығымдылығын  сол  деңгейде  сақтау  үшін   шығынды  10%-ке  арттыру   керек  болды.  Кесілген   орманның  орнына  өскен  жаңа  ағаштың   сапасы  бұрынғы   шырышы  бұзылмаған   орман  ағашынан  кем  болатыны  анықталды.  Көріп   отырғанымыздай   ресурстарды  пайдалануда    шаруашылық  қызметтерінің   ұқыпсыздығы,   немқұрайдылық   бізге  өте  қымбатқа  түсуде.  Ең   бастысы - әлеуметтік   және  экологиялық –экономикалық  зиянның  аса  зор  болуынан  қоршаған  орта   ластануда.

Бұл  проблеманы  әлеуметтік – экономикалық   саланың  экологияландыру  жолымен  келесі   жағдайлардың  негізінде  шешуге  болады:

- экологиялық  факторлар  мен  ресурстарды,   оның  ішінде  байлықтың  өзге  категорияларымен   тең  болатын   экономикалық  категориялар   санында  қайта  жаңғыртылатындарды  қосу;

- экологиялық  шектеулер   мен   төлем  жүйесінің  кеңеюімен  балансталған  табиғатты   пайдаланудың  принципін   және    ресурстарды  пайдалану  мен  өндіріс  экономикасын  бағындыру;

- табиғатты  қорғаудың  функциясын  тікелей  өндіріс  экономикасына  енгізу;

- өндірістің  техникалық  жарақтану  негізінде   сапалы  өсудің   стратегиясына  көшуі;

Осы  күнге  дейін  табиғат  қойнауынан  қанша  ресурстарды  алуға  болады  және  оның   салдары    қөандай  болатындығы  туралы  нақты  негіздеме  жоқтың  қасы.  Біздің   экономиканың  ресурстарды   тұтынуға (пайдалануға)  бейімделгендігі        ғана      белгілі    нәрсе.    Әрине,      оны  

пайдаланудың  өсе  түсуі  ұлттық  табыстың  өсу  тепе – теңдігіне (бірдейлілігіне)  әкелмейді.  Шетел   тәжірибелері  көрсеткендей,  қай  мемлекет  табиғи  ресурстарды  аз  пайдаланса,  сонда  ұлттық   табыстың  өсуі  жоғары  болып  отыр [12,103б].

Ғылыми – техникалық   дамудың  негізінде  табиғат  ресурстарын  жасанды  жолдармен  алмастыруды  енгізудің  дәрежелері  туралы  мәселелер  принципті  бола  бастады.  Әрине,  мұндай  алмастырудың  мүмкіндігі   тым  шектеулі.  Ал,  адам  баласы  үшін  бірқатар   маңызды   экологиялық   жүйе  мен  табиғи  игіліктер   тіптен   алмастырылуға   келмейді.   Мысалы,  отын  ресурстарының   орнына   күн  немесе  жел  энергиясын   пайдаланатын  болса,  табиғи  ландшафтарды,  өсімдік  пен  жануарлар  әлемін,  озон   қабатын  және т.б.   жасанды  жолмен  алмастыру  мүлде   мүмкін  емес.

Қазіргі  заманғы   экономикалық   теориялардың  ең  бір  қиындығы   экологиялық   факторлардың   категорияға  енгізілуі.  Өйткені  Маркстік   саяси  экономия  тек  қана  адам   баласынаң  еңбек  өнімін   экономикалық  категория   айналымына (шеңберіне)  енгізуге   рұқсат  етті.  Шындығында  бағалы  ретінде  құн  шығын  мен   табиғат  ресурстарының   бірлігінен  көрінеді.  Қоршаған   орта  факторы   мен  оның   қандай  да   болсын  құрылған   формасына  әсер  етпейтін   құн  өмірде  жоқ.   Экологиялық  факторлардың   экономикалық  категориялар   санына  енуі   пайдалы  шекті   теориясына  сай  болады.(еңбек,  табиғи  ресурс  және   капитал)

Елде  өндірілген   барлық   соңғы  тауарлар  мен   қызмет  өрсетулердің  нарықтық  құны  -  экономикадағы   маңызды  экономикалық  көрсеткіштердің  бірі.  Өйткені,  өнімдердің  әрбәр   бірлігіне  10  бірлік  қалдық   массасы  өндіріледі,  ал  табиғатты   пайдалануда   біршама  жоғары.  Осы   қалдықтар  ортаны   ластап,  адамдардың   тіршілік   ахуалын   нашарлатады  және   олардың   тұрмыс   жағдайын   төмендетеді.   Шығындар   жалпы  ұлттық  өнімдердің   есебінен  шығарылмайды,  ал  адамдардың   тұрмыс  халінің  бағасы   арты  түседі.  Біздердің   қолымыздан  келгені  жалғыз-ақ  нәрсе,  ол – табиғатты   пайдалануды  мемлекет   тарапынан   реттелуі  мен  қоршаған  ортаның  ластануына,  табиға  ресурстарына  төмен   жолымен  ғана  белгілеу  болып  табылады [16,102-104б].

3.2.Қоршаған   ортаның  ластануынан  болатын  зиян  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  болуы  мүмкін.  Экологиялық  зиянды  қоршаған  ортаның,   гидросфераның,   флора  мен  фауна   жағдайлары   нашарлап,  ахуалы  төмендейді  деп  түсінген  жөн.   Ал,   әлеуметтік  тұрмыс  жағдайының  төмендеуінен   байқалады.   Экономикалық  зиянды   ластану  әсерінен  болған  келеңсіз   өзгерістердің   негізгі  сипатын  ақшалай  бағалау  деп  түсінген  дұрыс.  Зиянның  тигізетін  салдары  өте  кең  спектрлі – металдардың  жылдам   коррозияға   ұшырауымен,  ауыл  шаруашылығы   өнімділігінің   төмендеуімен,   флора  мен  фаунаның   құруымен  байланысты  адам   денсаулығының   нашарлауынан  бастап,  шығындарға  дейін.

Уақытша   типтік   әдіспен  экономикалық  зиянның  экономикалық  тиімділігін  анықтауда  осы  ықпал   етумен  келген  реципиенттер  мен  шығындарға   әсер  етудің  алдын  алуға   кететін  ұсынылған  шығындардың   ең  аз  әрі   қажетті   сапасы   жобаланады.

Н.Н.Федоренко,  К.Г.Гофманның   пікірлері  бойынша   ластаушылар   әрекеттерінің  салдарынан   келеңсіздіктің   туындауы,  қоршаған  ортаның   ластану   деңгейінің   көтерілуі,  халық   арасында   және   халық    шаруашылығындағы  экономикалық   зияндардың   қосымша   шығындары  деп  түсінген   жөн.

Бұл    жерде  өндірушінің   көзқарасымен   атап  айтқанда   мәселен,  ауыл  шаруашылығы  зиян – ортаның   ластану  нәтижесінде   өнімнің   ысырабы  экономикалық   көрсеткіштердің  ахуалын   нашарлатады.  (пайда,  тиімділік т.б.)

Ал  мемлекет   алынбаған   өнімдер  мен  ысыраптардың   орнын  толтыру  үшін   қосымша  қаржылар   қарастыруға  мәжбүр  болды.   Сонымен,  халық   шаруашылығы  тұрғысынан  алғанда,  зиян   құн   түрінде   нақты  ысырапты  ашып   көрсетпейді,   тек  ысыраптың   өтеміне  кеткен   шығындарды  ғана   көрсетеді.   Белгіленген   облыста   немесе   саладағы   өнім  ысырабынан   зияндардың  шамасы  өлшеусіз   үлкен  болуы   қажет.

Кейбір   зерттеушілердің   пікірлері  бойынша   экономикалық  тұрғыдағы  зиянды  таза  табыстың,  пайданың   немесе   ұлттық   табыстың  ысырабы  деп  қабылдады.  Экономикалық  әдебиеттерде    іске  асырылмаған   мүмкіндік  немесе  пайданың  уыстан   шығып  кетуі  деген  анықтамалар  жиі   қолданылады.

Уыстан  шығарылған  пайданы   ластанудың   нәтижесінде   кәдімгі  игіліктердің  ысырабы  немесе  жоспарланған   еңбек  нәтижесінің  алынбауы,  қоршаған  ортаның  ластану  салдарынан  реципиенттерге  мүмкін   болатын   зиянды   әсерлерді,  іске   асырылмаған   шығындарды  жою  ретінде  түсінуге  болады.

Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын  шығындар  (зиян)  екі  бөлімнен  тұрады,  атап  айтқанда:  табиғатты   қорғау  шараларын  жүзеге  асырулардан  болатын  шығындар  және  экологиялық  тепе – теңдіктің     бұзылуынан  болатын   экологиялық  зияндар.

Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын   экологиялық   зиянның  құрамына   табиғатты  қорғау  шығындарын,  зияндардың    өтпеу  шығындары   мен   уыстан   шыққан   пайданың   алынбаған  табыс   түрін   немесе  жерін  де  есепке  алу  қажетті   деп  санаймыз.

Атмосфераның  кейбір  көрсеткіштері  жайлы  сөз   болғанда,  әрине,  есептеу  нүктесі   туралы  сұрақ  туындайды.  Өзгергенге  дейін   атмосфераның   бастапқы  күйінің   қандай  болғандығын  немесе  қангдай болуы  керектігін  білу  қажет [12,143б].

Атмосферадағы  шығарындының   зиянын  бағалау  үшін  осы  әдістеме  бойынша  коэффициентін  анықтауда  мына  екі  ьелгіні  білу  керек – табиғат  ерекшелігі  мен  аумақтың  типі.  Осы  аумақта  орналасқан  объектінің   он  бір  типі  мен  аумақтың  төрт  түрі  есепке  алынады.  Кештеу  болса  да  аймақтың  барлық  ерекшеліктерін,  соның  ішінде  ассимиляциялық  әулетін  де  ескертетін  бірыңғай   коэффициентін  пайдалануға  тура  келді. Бірақта,  бір  коэффициентте  зиян  мен  ластанудың  ықпал  дәрежесін  аумақтағы  барлық  өзгешелікті  есепке  алу  қиын.

             

Сонымен f коэффициенті  туралы  да  осыны  айтуға  болады. Нақты  есептеуді  қиындата  түседі.  Ал,  нақтылаусыз  шығарындының   таралу  сипаты  есепке   алынбайды.

γ – коэффициенті  келтірілген  шығарындыдан  болған   зиянның  ақшалай    бағасының  мөлщеріне  қызмет  етеді.  Ол  зиянның   соңғы  кезеңдегі  есебінде  пайдаланылады.  Бұл  коэффициенттер  жиі  түзету  жасауға  жатады.  Өйткені,  олар   экономикада  болып  жатқан  барлық  өзгерістерді  ашып  көрсетулері  қажет.  Экономиканың   өтпелі  кезеңінде   инфляция  жағдайында  γ – коэффициентін   тұрақты  түрде  пайдалану  тым  проблемалы.   Оның  мәніне  өте  жиі  түзетулер  енгізіп  тұруы  қажет.

Жоғарыда  баяндалған   атмосфераның   ластануынан  болған  зиянды  бағалау  әдістемесінің  жақтастары  мен  қарсыластары  да  бар.  Оның  сөзсіз  артықшылығы – есептеудегі  қарапайымдылығында  болып  тұр.  Бұндай  артықшылықтығы  оның  бір  мезгілднгі    кемшілігі  де  болып     саналады – есептеудің   нәтижесі  өте   нақты  емес.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша  бұл  әдістеменің  кемшілігінің  маңызы   да  аз  емес,  сондықтан  ластану  зияны  үшін   болған  төлемді  зиянның  бағалануымен  байланыстырылмайды.  Зиянның  бағалануы  бір  әдістеменің  негізінде  жүзеге  асырылады,  оны  шартты  түрде  нәтиженің  тәсілі  деп  атауға  болады,  ал  төлемді  басқа  шығын  тәсілі  бойынша  анықтайды [17,234б].

Атмосфераның  ластануынан  болған  экономикалық  зиянды  анықтау – зиян  шамасының  өзгеруіне   факторлық  талдау  жасау  әдістемесі  болып  табылады.  Бұл   әдістеме  шынында  жоғарыда  айтылған  әдістеменің  тура  есептеулерінің  жалғасы.  Шығарындының   саны  мен  ластану  көлемінің  анықталуына  байланысты,  алдымен  зиянның  базалық   деңгейі  белгілі  болуы  керек.  Ал,  одан  кейін  төмендеген  немесе  жоғарылаған  зиянның   факторлары  есептеледі.

Бірақта,  барлық  факторлардың  ықпал - әсерін  бір  мезгілде  зерттеу   өте  қиын.  Сондықтан,  өзгермені басты  фактор  жорамалданып  шығады  да,  басқа  фактор  өзгеріссіз  күйде  қалады.  Бірақ,  факторлардың  ықпалы  кещенді  сипатта  болады.   Бұдан  басқа  атмосфераның   ластануынан  келген  зиянның  шамасы   ластану  фонына (аясына) және  ластану  көлеміне,  ауқымына  қарай  өзгеріп  тұрады.  Аз  мөлшерде  ластанған  кезде,    көп  мөлшердегіге   қарағанда  зиян  мүлде  басқа  болуы  мүмкін. Зиянды  заттектің   қарапайым  сомасы  емес,  әдетте  интегралды  зиян   жеклеген  ластаушының  қарапайым  зиян  сомасынан  үлкен   болып  табылады.

Тұтастай  алғанда  осы  әдістеме  бірінші  әдістеменің  жалғасы  және  тікелей  есептеу   әдістемесінің   кемшіліктері  мен  барлық   күрделілігі  өзіне  ғана  тән.

Атмосфераның  ластануынан  болған  экономикалық  зиянды  анықтаудың  басқа  әдісі – эксперименттікті  қосқанда   субъективті  сипатта  болады.  Сондай – ақ  зиянның  дәл  шамасын  белгілей  алмайды  және  экономикалық  есептеу  негізіне  атмосфераның  ластануы  үшін   болатын  төлемге  қызмет  істей   алмайды.

Жоғарыда  келтірілген  "Табиғатты  қорғау  шараларының  экономикалық  тиімділігінің  уақытша  типтік  әдістемесін  анықтау  мен  ластанған  қоршаған  ортаның   халық  шаруашылығына  келтірген  экономикалық  зиянның  бағалануының”,  ластаушы  заттектің   келтірілген коэффициенті  адам  организміне  сәйкес  жол  берілетін  шоғырлану  шамасының   нормасына  байланысты  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ,  бұл  коэффициенттер  негізгі  қордың,  ауыл  шаруашылығының  т.б.  салаларының  зияндарын   есептеу  кезінде  қолданылады [18,112б].

Ластаушы  заттектердің  түрлі  объектілерге  (шығындарға)  әсер – ықпалдары    бірдей  емес.  Мәселен,  адам  денсаулығына  қауіпті  болатын  сынап  буының   металға  ешқандай  әсері  жоқ.  Сондықтан,   ластаушы  заттектердің   келтірілген  коэффициенттері   әрбір  ортаға  арнайы  түрде  белгіленуі  керек.

Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын   зиянды  бағалау  әдістемесін  қолданудағы  басты  кемшіліктің  бірі – қоршаған  ортаны  ластайтын  шығарындылар (қалдықтарды  орналастыру) үшін  төлемдер   мен  зиянды  бағалау    арасындағы  өзара  байланыстың  болмауы.  Зиянды  бір  шамаларды  пайдаланып  анықтайжы,  ал  төлемдерді  басқамен  біріншісі – зиян,  екіншісі – шығын  тұжырымдамасы  негізінде  анықтайды.  Белгілі  уақытта   анықталған  аумақтағы  шығарындыға  төлем  нормаларын   анықтау  үшін   атмосфераны  қорғау   шараларына   кеткен  барлық  шығын  сомасын   ластаушы  заттектің   келтірілген  массасына  бөледі.

Сонымен,  ластанғаны  үшін   бар  төлемдердің    орнын  тек  табиғатты   қорғау  шығындары  ғана   толтырады.  Ал,  зиян  айыппұл  төлемдерімен  орны  толуы   қажет.  Айыппұл  мен     өтемақының  сомалары  көп  жағдайларда  тура  келмейді  және   олардың  дәл  келмейтіндері  екендігі  белгіленуі  керек.  Өйткені,  айыппұлдардың  белгіленуі  өзгеше  болады.  Қоршаған  ортаның  ластануынан  алынбаған  өнімдер,  табыстар,  уыстан  шығып  кеткен   пайдалардың  өтемақысы   туралы  сөз  айтып  отырғанымыз  жоқ.  Олардың  өтемақысын  ешкім  төлемейді,  өйткені  олар  төлем  құрамында  қарастырылмаған 

Табиғи  ортаны  қорғауда  экономикалық  ынталандырудың  қазіргі  ықпалдылығы   элементтерін  табудан  бастау  қажет.

Қоршаған  ортаны  қолрғаудағы  ынталандырудың  жүйесінде  баға  құрылымы   айрықша  орын  алады.  Себебі,  табиғатты  қорғау  қызметіне  кеткен  шығындар  неғұрлым  көп  болса,   соғұрлым  өнімдердің  өзіндік  құны  артады,  кәсіпорындардың  таза  пайдасы  да  азаяды.  Сондықтан  табиғатты  қорғау  жұмыстарына    кететін  шығындарды  барынша   азайтқан  жөн.  Ол  үшін  қоршаған  ортаны   ластандыруды  барынша   азйту   немесе  тіпті   болдырмау,  олардан  алынатын  төлемді   қысқарту   және т.б.

Нарықтық  экономика   жағдайында  неше  табиғатты  қорғау  қызметіндегі  ең  маңызды   құралдардың  бірі  болып  табылады.  Қазіргі   кезде  көптеген    кәсіпорындардың   тоқтап  қалуы,   қаржының  жетіспеуі   табиғат  қорғау   жұмыстарын  жүргізуге   көп  кедергі  жасауда.   Осыған  орай,  мемлекет   тарапынан   несие  алып,   оны  орынды  жұмсау  және  мерзімді  қайтару  басты  міндет.

Табиғи  ортаны  қорғау  қоғамдық  өндірістің  табиғи  ортаға  қайшы   ықпалын   қысқартуды  алдын-ала  ескерту  үшін   кешенді  түрде   шаралар  жүргізуді  қажет  етеді.   Табиғат   қорғау   шараларын  іске  асру   үшін  күрделі   және   кезектегі  шығындар   жұмсалу  қажет.  Экономикада   күрделі   қаржының   абсолюттік   тиімділігін  есептемегенде   жалпы   деңейін   анықтау   мақсатында  табиғи  ресурстардың   нашарлауын  болдырмауға   арналған   жеклеген   шараларды  іске  асырған  жөн.

Табиғатты   қорғау  шаралары – алғашқы  тиімділік  және  соңғы  әлеуметтік – экономикалық   тиімділік   болып  ажыратылады.  Алғашқы  тиімділік – зиянды   қалдықтарды  щығаруды  азайту,  қоршаған  ортаның   жағдайын  жақсартудан,  ал  соңғы  әлеуметтік – экономикалық   тиімділік  халықтардың  тұрмыстық  дәрежесін   арттыруда,   қоғамдық  өндіріс  және  ұлттық  байлықтың   тиімділігінен  тұрады [14,178б].    

Қорытынды

Қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау   кәсіпорындардың  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып  саналады.  Қоршаған  ортаға  жағамсыз  антропогендік  ықпалын  азайтуға  және  жоюға  бағытталған   іс-шаралар  жасалынып,   оларды  орындауға  әрбір   кәсіпорын  ат  салысу  қажет.

Табиғатты  қорғау – бұл  табиғаттың  өзіндік  жағдайын  сақтау  немесе  бұрынғы  сипатын  қайтадан  қалпына  келтіру   арқылы  табиғи  ресурстарды   ысырапсыз  пайдалану  үшін  мемлекеттік  жүйедегі   қоғамдық  шара.

Табиғатты  қорғауға   байланысты  қоғамдақ   қатынасты  реттейтін  құқықтық  нормалардың,  ережелердің  жиынтығы  табиғат  қорғау   құқығы  болып  табылады.

Экологиялық  қауіпсіздіктен  қорғаудың  тиімді  жүйесі  сонымен  бірге   ол  адамдардың  және  жалпы  қоғамның   қазіргі   кездегі   бірден-бір  аса  қажеттілігі  болып  саналады.  Табиғи   ортаның  тіршілікке  қолайлы  болуы – қоғамның  экономикалық  және  әлеуметтік    дамуына  әсер  ететін  қажетті  шарт.  Экологиялық  ахуалдың   төмендеуі  адамдардың  тұрмыс  деңгейін   анағұрлым   нашарлатады.

Бүгінде    экологиялық  дағдарыстың  қауіп – қатерінен  құтылу,  барлық  елдер  мен  халықтардың  жан-жақты  күш  салуымен  ғана  мүмкін  болады.  Табиғи  ортаны  қорғау  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықтың  қажеттілігі   бірқатар  саяси,  экономикалық,  экологиялық,   әлеуметтік  және  басқа  да  факторлардың   іс-әрекеттеріне  әділ  сүйенеді.

Өз  кезегінде,  экономиканы  өзгерту,  ғылыми – техникалық  прогресс,  ақпарат  алмасуды  жеделдету,  адамдар  мен  тауарлардың  қозғалысы – бір  сөзбен  айтқанда,  адамзат  өркениетінің   бүкіл  дамуы  дүниенің  өскелең  бірлігіне,  континенттер,  аймақтар  және  елдер  арасындағы  өзара  байланыстылыққа  жеткізеді.  Жалпы  адамзаттық  мүдделердің   біздің  өмірімізге  барған  сайын  тереңдеп  еніп,  барған  сайын  айқындала  түсетіні,  міне,  сондықтан. Олар  ең  алдымен  адамзаттың  ғаламдық  проблемаларынан  байқалады,  ал   олар  мемлекеттер  мен  халықтардың  бүкіл  планета   көлемінде  сындарлы,  жасампаз  әрекет  жасауын  талап  етеді [20,255б].

Қарама-қайшылықты  болғанымен,  біртұтас  дүниенің  артып  келе  жатқан  өзара  тәуелділігі – осы  заманғы  дүниежүзілік   дамудың  аса   маңызды  белгісі.  "Біздің  бәріміз – Жер  атты   бір  кеменің   жолаушыларымыз” – француз   жазушысы  Антуан  де  Сент-Экзюперидің  осынау  бейнелі  сөзі  нақ  бүгін  ерекше  маңызды  болып  отыр.  Ендеше,  бұл  кеменің  жүзу  сапары   сәтті  болуы  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін  істейік!    

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

 

1.Кенжеғозин М.Б. "Экономика”,2-том. Алматы, 2006. 437бет.

2. Сүлейменов.О. "Адам баласының ақылы жетсе де, мәдениеті жетпейді”. "Дүние”журналы, №6 . Астана, 2005, 12 желтоқсан. 24бет.

3.Қалдыбаев О., Теміров Е. "Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы : "Бастау”, 1993. 295бет.

4. Жүкешев Қ.М. "Адам. Қоғам. Құқық”.Алматы, 2005. 255бет.

5. Күнқожаев Н. "Адам  және қоғам”.Алматы, 2003. 175бет.

6. Жатқанбаев Е.Б. "Аралас экономика негіздері”. Алматы, 1996. 193бет.

7.Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан – 2030 стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа  кезеңінде”. "Егемен Қазақстан” газеті. Алматы, 2007, 1 наурыз. 40бет.

8. Ахметов Е.,Кәрменова Н. "Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы”.Алматы: "Мектеп”,2005.175бет.

9. Сәттімбекұлы Р.,Ережепова Ғ. "Қазақстан – арайлы туған өлкем, табиғаты ажарлы әрі көркем”. "Атамекен” газеті, №4 (255), 1991.12бет.

10. Сейтқалиев Ғ.  "Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.

11.Бейсенова А.,Шілдебаев Ж. "Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Алматы: "Ғылым”, 2004. 325бет.

12.Мамыров Н.Қ. "Табиғатты пайдалану  экономикасы”. Алматы, 2005. 367бет.

13. Үпішев Е.М.,Мұқаұлы С."Табиғатты пайдалану экономикасы”.Алматы, 1999. 269бет.

14. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә. "Кәсіпорын экономикасы” Алматы: "Экономика”, 2003. 251бет.

15 Сүмесінов М. "Теңіз күкірті тың көзқарасты талап етеді”."Атырау” газеті, №136  Атырау, 2007, 24 қараша. 24бет.

16.Нұрғалиев Қ.Р. "Қазақстан экономикасы”. Алматы, 1999.289бет.

17. Мадиярова Д.М. "Экономикалық  қауіпсіздік” Алматы: "Экономика”,2000. 361бет.

18.Жүнісов М.  "Нарықты экономика  теориясы”.  Алматы, 2003. 293бет.

19. Мәуленова А.Т. "Экономикалық теория”.  Алматы, 2004. 273бет.

20. Максаковский  В.П. "География”. Алматы: "Рауан”, 1997. 225бет. 

Категория: Экология | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 3413 | Комментарии: 1 | Теги: Экология туарлы жалпы түсінік, экология қазақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Murat Acar   (29.03.2017 08:19)
Егер сіз қаржылық көмек қажет пе? дереу қарыз барлық түрлері үшін Apply
Ал жедел Сіздің ақшаңызды алып!

E-Mail АҚШ: muratacarfinancialservice@gmail.com

$ 5,000,000.00 үшін $ 5000 доллар * тағайындау қарыз сомасы
* Пайыздық мөлшерлеме 2%
1 және 20 жас аралығындағы * өтеу таңдау.
* Айлық және жылдық төлем жоспарына арасындағы таңдаңыз.
* Шарттары және несие икемділік шарттары.
қаржылық көмек бүгін бізге E-Mail: muratacarfinancialservice@gmail.com

шын жүректен
Басқару


Имя *:
Email:
Код *: