-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Жұмыс орындарының жарықталынуы

Жұмыс орындарының жарықталынуы

Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.
Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады, ол мына формула бойынша анықталады
КЕО = (2.1)
мұнда Ев – бөлменің ішіндегі нүктелердің жарықталуы, лк;
Ен – аспанның шашыраған жарығымен көлденең бетінің біруақыттық сыртқы жарықталуы (тура күн сәулелерін ескермегенде), лк.
Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік поясы болады. Үшінші поястың ТЖК базалық болып қабылданады, ал ТЖК қалған поястары мына формула бойынша есептелінеді

КЕО = КЕО mc (2.2)
мұнда m және c – жарықты және күн климатына сәйкес коэффициенттері.
Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайыны бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көзден қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықты қамтамасыз етеді, бірақ бөлменің жұмыстық бетінде 2 лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасыз етеді. Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден халықты шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болу керек. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін өңірлер шекараларының бойында қарастырылады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ету керек.
Жарық көздерінің орналасқаны бойынша жасанды жарықтанулар: жалпы, жергілікті және құрамаға бөлінеді. Жалпы жарықтануда шамдарды жұмыс орындарына біқалыпты жарық беру үшін жоғарыда орналастырады. Жергілікті жарықтануда жарық ағыны жұмыс орындарына тікелей шоғырланады. Осы жағдайда жұмыс орны мен қоршаған кеңістік жарықтануының күрт айырмашылығы болады, жұмыстың жағымсыз жағдайлары құрылады, зақымдану қауіпі өседі. Бір жергілікті жарықтандыруды пайдалану тек кезеңдік жұмыста пайдаланылады. Құрама жарықталуда жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру қосылады.
Жасанды жарықтануда жарық көзі ретінде шоқтану шамы мен газоразрядтық шамдарды пайдаланады. Жарық көзінің негізгі сипаттамалары: қайтарымы және қызмет мерзімі болып табылады.
Шоқтану шамын әзірлеген кезде қарапайым болады, пайдалануда сенімді, бірақ жарық қайтарымы аз (20 лм/Вт аспай) және көк пен күлгінкөк түстері жеткіліксіз болған кезде түс айырымын қиындатады да сары және қызыл түстерінің жайсыз спектралдық құрамы болады.
Газоразрядтық шамдардың ұзақ қызметтік мерзімі (10 000 сағат), үлкен жарық қайтарымы (750 лм/Вт), жарықталатын бетінің аз жарықтылығы, жарықтың жақсы спектралдық құрамы болады. Олардың кемшіліктері: шамның екпінділігі жоқ болғандықтан жарық ағынының лүпілі, төмен температурада және төмен кернеуде тұрақсыз жұмысы, іске қосудың күрделі сұлбасы. Жарық ағынының лүпілі жабдықтың айналып тұрған бөлігін қозғалыссыз немесе қозғалыссыз тұрғандарды айналғандай көрсететін стробоскопиялық құбылысын шақырады.
Жарық көзі (шамның) жарықтандыратын арматурамен бірге шамдалыны құрайды. Шамдалы шамның бекітілуін, соған электрлік энергияның берілуін, ластанудан және механикалық бұзылулардан сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыстық орындарын жарықтандыру параметрлерін таңдау жасалатын жұмыстан байланысты. Объектінің көлемінен байланысты жұмысшының көзі барлық жұмыстарды және заттың қашықтығын байқауы бойынша сегіз разрядқа бөлінеді.
Жұмыс орындарын жарықтандыру келесі шарттарды қанағаттандыру керек: жұмыс беттерін жарықтандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек; бөлмедегі жарықтың бірқалыптығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; өзінің спектралдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек.
Жарықтандыру жүйесін есептеу жарық түрін таңдаудан, шамдалы түрі мен санын анықтаудан тұрады. Жарықтандыру жүйесін есептеудің ең қарапайым әдістері: нүктелік және меншікті қуатын қажетке жарату коэффициенті әдісі болып табылады.
Қажетке жарату коэффициенті әдісі жұмыс бетіне түсетін жарық ағынының жарық беретін аспаптың толық ағынына тең болатын қатынасының коэффициентін анықтаудан тұрады.
Есептеген кезде мәні бөлмелердің геометриялық параметрлерін (бөлме индексі і) солардың оптикалық сипаттамаларымен (S төбе, S қабырға, S еден жарығының коэффициенті) байланыстыратын кестеден алынады.
Бөлме индексі мына формула бойынша анықталады
i = (B + A) / h (A+B) (2.3)
A – бөлме ұзындығы;
B – бөлме ені;
h - есептік биіктігі.
Әр шамдалының қажетті ағыны келесі формула бойынша анықталады
Ф = E K S z / N (2.4)
мұнда E – берілген минималды жарықтылық;
K - қор коэффициенті;
S – жарық алатын аудан, м ;
z – 1,1-1,2 тең жарықтың қалыпсыздық коэффициенті;
N – шамдалы саны (есептеуге дейін белгіленген).
Шоқтану шамымен немесе ДРЛ жарықтандыруды есептеген кезде төбенің ауданы бойынша оларды бірқалыпты орналастырып, шамдалы сандарын белгілеу керек. Есептің алынған нәтижесі бойынша қажетті жарық ағынына жақын арадағы стандарттық шоқтану шамы немесе ДРЛ алынады. Шам жарығы ағынының ауытқуы 10... +20% кем болмау керек. Шамды таңдаудың мүмкіндігі болмаған кезде жақындату үшін шам сандарын өзгертеді. Люменесценттік жарықтандыруды есептеген кезде алынатын Ф шамның жарық ағыны белгілі және n шамдалыдағы шамдар саны анықталды
Ф = E K S z / n Ф . (2.5)
N шамдарының жалпы санын бірнеше қатарға бөлу арқылы әр қатардағы шамдар саны анықталады, ал шамдардың ұзындығы белгілі болғанда, онда қатардағы шамдардың барлық ұзындығын табуға болады. Егер алынған ұзындығы бөлме ұзындығына жақын болса, қатар бірқалыпты болады, ал егер үлкен болса – қатар саны көбейеді.
Нүктелік тәсілді пайдаланған кезде дөңгелексимметриялы нүктелік сәуле шығарғыштардың (қыздырмалық шам және ДРЛ) әр шамдалыда жарық ағыны (немесе шамның қосынды жарық ағыны) 1000 лм тең болу керек. Осындай шамдалымен алынатын жарықты шартты жарықталыну деп атайды. Шартты жарықталынудың шамасы шамдалының жарық таратуынан және геометриялық өлшемнен: жарық беретін шамдалыны жобалайтын нүктесіндгі қашықтықтан (α) және жарықталатын төбе үстінде шамдалыны орналастырудың биіктігінен (h) байланысты болады. Әр шамдалыдағы шамның жарық ағыны келесі формула бойынша анықталады
Ф=1000 Е К / (2,6)
мұнда - 1,1-1,2 тең «қашықтағы» шамдалылардың әрекетін ескеретін коэффициент;
- бақыланатын нүктедегі қосынды шартты жарықтылық;
Е - жеке шамдалының жарықтылығы.
Алынған жарықтық ағын бойынша (-10…+20%) шектерінде талап етілетін шам ағыны алынады.
Меншікті қуат тәсілі бойынша жарықтандыру есебінің маңыздылығы шамдалының түрінен және оның орналасқан орнынан, жұмыс бетіндегі ілменің биіктігінен, жарықталуынан байланысты, көлденең бетіндегі жарықтандыру мен бөлменің ауданы меншікті қуат мәнімен анықталады.
Меншікті қуат – шамның бекітілген қуатының жарықталатын ауданның шамасына деген қатынасы ( Вт/м ).
Әртүрлі шамдарға арналған меншікті қуаттың мәні кестелерде белгіленген.
Меншікті қуаттың үлкен мәні кіші ауданды бөлмені жарықтандыру үшін алынады.
Жалпы шамның қуаты келесі формула бойынша анықталады
P = w S / N (2.7)
мұнда w - меншікті қуат;
S - бөлменің ауданы;
N – шамдалы саны.
Егер шамның есептелген қуаты стандарттық қуатқа тең болмаса, онда қуаты бойынша жақын стандарттық шамдар алынады.



Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 11807 | Теги: Жұмыс орындарының жарықталынуы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: