-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Су құбырлары мен сумен жабдықтау. Өндіріс аймағының ауасы. Метреологиялық жағдай туралы түсінік. Өндіріс бөлмелерінің желдеткіштері.

Су құбырлары мен сумен жабдықтау. Өндіріс аймағының ауасы.

Метреологиялық жағдай туралы түсінік. Өндіріс бөлмелерінің желдеткіштері.

Желдеткіш системасының түрлері.

 

Өндірісті сумен қамтамасыз ету

 

            Өндіріс орындары суды тұрмыс қажеттілігіне, өндіріс қажеттілігіне және өртті сөндіру үшін қолданылады. Суды қойманың су жүйелерінен, скважиналардан және құдықтардан алады.

            Техникалық талаптарға және жер жағдайларына байланысты сумен қамтамасыз ету системасына төмендегі ғимараттар кіреді:

1)      су айдағыштыр;                  

2)      су башнялары;                     

3)      резервуерлер.

Канализация

 

            Өндіріс канализациясы дегеніміз – ағын суларды жинау үшін, оларды тазалап ағызу үшін қолданылатын ғимараттар кешені.

            Ағын сулар 2 топқа бөлінеді:

  1. тұрмыс қажеттілігінен шығатын ағын сулар;
  2. өндіріс қажеттілігінен шығатын ағын сулар.

Жалпы өндірістегі канализация 2 түрге бөлінеді – ішкі және сыртқы канализация болып.

Ішкі канализацияға жататындар: тұрмысқа қажеттілігінен шығатын ағын сулар, ток қоспасы, қоспа, ішке қарай ағатын ағын сулар.

Сыртқы канализацияға жататындар: көшедегі ағын сулар және айдағыш станиядан шығатын ағын сулар.

 

Өндіріс аймағының ауасы

 

      Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.

Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.

Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.

Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады.   

 

Өндіріс бөлмелерінің желдеткіштері. Желдеткіш системасының түрлері.

 

Желдеткіш өндіріс бөлмелерінде микроклиматта санитарлық гигиеналық талаптарға сай 1 деңгейде ұстау үшін қолданылады. Кейбір жағдайда өнімді тазалау үшін, суыту үшін қолданылады. Өндірістердегі желдеткіштердің бірнеше түрлері болады:

  1. Жалпы алмасу желдеткіші;
  2. Жергілікті сору желдеткіші;
  3. Ауаны айдау желдеткіші;
  4. Табиғи және механикалық желдеткіштің түрлері.

 

Желдеткіш системамасының түрлері

 

            Қолданылу түрлеріне байланысты желдеткіштер 2 топқа бөлінеді – негізгі және апатты.

Негізгі желдеткіштер  - ауаның тазалығын санитарлық – гигиеналық талаптарға сай 1 деңгейде ұстап тұру үшін қолданылады.

Апат желдеткіштер  - зиянды заттары көп болатын бөлмелерге орнатылады.

 

Ауаны айдау түрлеріне байланысты 3 топқа  бөлінеді:

  1. табиғи;
  2. жасанды механикалық;
  3. қоспа желдеткіштер.

 

Ауа ағынының бағытына қарай желдеткіштер 3 түрге бөлінеді:

  1. бөлмеге ауаны енгізетін;
  2. бөлмеден ауаны шығаратын;
  3. енгізу және шығару желдеткіштері.


Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 2906 | Теги: Су құбырлары мен сумен жабдықтау. Ө | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: