-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Өндірістік зиянды заттармен күресу. Өндірістегі бөлініп шығатын зиянды заттардың

Өндірістік зиянды заттармен күресу. Өндірістегі бөлініп шығатын зиянды заттардың

 

Өндірістік жұмыстың нәтижесінде алатын түрлі зиянды заттардың адам басына және қоршаған ортаға әсерінің дәрежесі, олардың қауіптілік классымен анықталады – барлығы төрт класс болады, және олар 3 кестеде келтірілген нормалар мен көрсеткіштерден байланысты белгіленеді.

Шоғырланумен шектеліп жіберілетін (ШШЖ) ауадағы зиянды заттарды шоғырлану деп атайды, ол кезде сегізсағаттық жұмыс күнінің (демалыстан басқа) немесе одан да ұзақ уақыт, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтындай жұмысшы күн сайын болған кезде жұмыс стажының барлық уақытында денсаулық күйінің ауруларын немесе кемшіліктерін болдырмайды.

Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын – қауіптіліктің 1-ші класты заттар үшін үздіксіз және басқа класты заттар үшін кезеңдеп бақылаған жөн. ШШЖ барлық жұмыс орындарда (бөлмелерде, ашық алаңшаларда және т.б.) тарала береді.

Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін – желдетуді пайдаланады.  Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.

Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.

Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.

Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.

Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер – халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар – респираторлар, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.

Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді. 

Жұмыстық сумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.

Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.

Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.

Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.

Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады.  Әр мекемелерде, өндірістерде, цехтарда жұмыс атқарушы қызметкерлер және жұмысшылар адам организіміне кері әсерін тигізетін қандай зиянды заттардың болатынымен алдын-ала танысу керек. Бөлмеде зиянды, улы заттар басым болса, қорғаныс құрал-бұйымдарын талап етуге құқұлы.

 

Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар

Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар адам организіміне тыныс алу арқылы, адам терісі арқылы, ас қорыту жүйелері арқылы енеді. Ішіндегі ең қауіптісі тыныс алу арқылы енетін улы заттар.  Егер адам организіміндегі зиянды заттар белгілі шектен асып кетсе (ПДК – предельно допустимые дозы) уланады.

Зиянды заттардың шекті көлемі дегеніміз – 8 сағат жұмыс істеу уақытында немесе 41 сағаттың апталық жұмыс уақытысында ауру туғызбайтын зиянды зат мөлшері.

Зиянды заттардан қорғануға қарсы құрал – жабдықтардың түрлері: противогаз, респираторлар, арнай киімдер.

Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар көбінесе адамның денсаулығын төмендетеді. Сондықтан, зиянды заттарды адам өміріне қауіп туғызатын аймақ дейді.

Зиянды заттар 4 топқа бөлінеді:

  1. физический – шаң-тозаң, ауаның қысымы, ылғалдылығы, жарықтың жетіспеуі немесе тым жоғары деңгейде болуы, жабдықтардың шуы, дірілі, бояулардың контрасттық түрі – түсінің жетіспеушілік кемшіліктердің әсері;
  2. химический – улы заттармен, шаң тозаңдармен адамның тыныс алуы арқылы зияндылығы;
  3. биологический – бактерия және вирустардың кері әсері;
  4. психофизиологический – нерв жүйелері арқылы әсер етеді.

Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 5556 | Теги: Өндірістік зиянды заттармен күресу. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: