-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Өндірістік жарақат, кәсіби ауру және сәтсіз жағдайлар айырмашылығы

Жоспар:

1.    Жарақат туралы.

2.    Жарақат түрлері

3.    Кәсіби ауру.

4.     Сәтсіз оқиға.

 

 

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);

5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);

5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.


Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор.
Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен

Жарақаттың себебі:

1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады.

2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:

1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).

2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).

3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).

4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)

5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).


Жарақаттардың түрлері:

1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.

3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.

4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттардың белгілері:

Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.

Жарақаттанушылықтың түрлері:

1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік)

2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық)

3) балалы

4) тұрмыстық

5) спорттық

6) көшелік

7) әскерлік

8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.

 

 Өндірістік  жарақаттар, бақытсыздық жағдайлар және кәсіби 
 аурулардың көрсеткіші

Өндіріс саласы оның ішінде химия өндірісінің саласы әртүрлі
болғандықтан, ондағы болған өндірістегі  жарақаттану  мен  кәсіби   ауруларда 
әртүрлі сипатта болады.Бақытсыздық жағдайлар – бұл жұмысшығаөндірістегі қауіпті фактор әсер етуіне байланысты болған жағдай.
Олар:  өндірістік   және   өндірістік  емес деп бөлінеді. Егер бір смена уақытында бақытсыздық жағдайлар болса, өткір  аурулар , ал ұзақ уақыт нәтижесінде болса, созылмалы деп атайды. Егер санитария ережесі бұзылса, адамға еңбектің кеселді жағдайы әсер етіп мамандық  ауруларына  ұшырайды.
Өндірістің қауіпсіз  және  еңбек жағдайларын жасаудағы аталған
жұмыстарын талдау үшін баршаға ортақ өндіріске байланысты болған
бақытсыз жағдайлар  кәсіби   ауруларды  жапа шеккендер үшін берілетін есептің тәртібі бар. Сол тәртіпке сәйкес әрбір денсаулық сақтау орындары жылына бір рет өзінің басшылық органдарына статистика басқармасы болған бақытсыз жағдайлар мен  кәсіби   аурулардың  қанша рет болғанын абсолют саны туралы мәліметтер беріп отыр. Абсолют саны жарақат деңгейімен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі.
Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер жарақаттың жиілік көрсеткіші Кж  және  ауырлық коэффициенті Ка қолданылады. Тәжірибеде жиілік көрсеткіші әр мың адам ішіндегі болған бақытсыз жағдайлардың саны.
Кж= Н • 1000 / Р
мұндағы Н-еңбекте жарамсыздыққа алып келген ескерілген бақытсыз жағдайлар саны; Р-есеп беру уақытындағы орташа есептелген жұмысшы саны.
Жиілік көрсеткіші жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетпейді,
себебі кейбір өндірістерде ылғи жеңіл жарақат, ал екіншісінде тек ауыр болуы мүмкін. Жиілік көрсеткіш мәніне қарап оны ажыратып алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да ауырлық коэффициенті енгізіледі. Ол есеп беру аралығындағы 15берілетін адамның  жарақаттануы  себепті қанша жұмыс күнін жоғалтатынын сипаттайды.
Ка= Д / М
мұндағы Д- есеп беру уақытындағы жоғалтқан жалпы жұмыс күні.
Кж  және  Ка басқа  жарақаттану  бойынша статистикалық есепте бақытсыз
жағдайлардың негізгі себептері  және  жарақатқа әкелетін факторлардың түрлері бойынша тіркеу қарастырылады.

 

 

 

 

Бақытсыз жағдайлардың негізгі себептері:

1. машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға
арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің
болуынан;

2. дұрыс жөнделмегендігінен;

3. үй, жұмыс орындары  және  олардың элементтерінің техникалық күйінің
жеткіліксіздігінен;

4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;

5. технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың
болмауынан;

6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;

7. ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының,
территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;

8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса;

9. жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не
істемегендігінен;

10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан;

11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.

 

 Жарақаттану  факторларының негізгі түрлері:

1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар;

2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар;

3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар  және  олардың жарықшалары;

4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы;

5. адамның биіктен құлауы;

6. электр тоғы;

7. термиялық фактор ( күйік);

8. заттар, жүктер қозғалыста болуы;

9. уланған заттар;

10. суға бату;

 

Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

 

Сәтсіз оқиға туралы акт - жазатайым болған оқиғаны куәләндіру үшін заңмен ескерілген тәртіппен жасалынатын заңдық құжат, ол өндірістік зақымның себептерін талдауға және оларды жоюға шаралар жасау үшін бастапқы материал болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. "Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том

 2. Jump up ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х

Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 22751 | Теги: кәсіби ауру және сәтсіз жағдайлар а, Өндірістік жарақат | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: