-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Глоссарий.

«Еңбекті қорғау» пәні өндірістік қауіптіліктерді және кәсіби зияндылықтарды зерттеп табатын, олардың алдын -алу немесе бақытсыз жағдайларды, кәсіби ауруларды, аварияларды және өрттерді жоя мақсатында әдістер жасайды.

Қауіпті   өндірісітік   факторлар- жарақатқа   немесе   басқа   кенеттен   денсаулығының нашарлауына алып келетін, белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар.

Зиянды  өндірістік  факторлар -  ауруға немесе  жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін, белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.

Техника қауіпсіздігі - жұмысшыға, қауіпті өндірістік факторлардың әсерін   жоятын, құралдар және ұйымдык шаралар жүйесі.

Өндірістік санитария - жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.

Өндірістегі сәтсіз оқиғалар - жұмысты орындау кезінде немесе басшының тапсырмасын срындауы кезінде, қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету жағдайы.

Жарақат   (грск   тілінен   аударғанда - жара дегенді білдіреді) - сыртқы   ортаның  факторларының   болған,   адам   мүшелері   мен   ткандарының,   олардың   тұтастығы мен функциясының бұзылуы мен зақымдалуы.

Еңбек қауіпсіздігі - қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың  жұмысшыға әсер етпейтін, ецбек шаргының жагдайы.

Өндірістік қондырғылар мен үдірістердің кауіпсіздігі- нормативті - техникалық кұжаттармен белгіленген, еңбек кауіпсіздігі жағдайындағы талаптармен сәйкес, ендірісітік қондырғылар мен үдірістерді сақтау қасиеті.

Қауіпті аймақ - зиянды және қауіпті өндірісітік факторлардың жұмысшыға әсер ету мумкіндігі бар кеңістік.

Жеке және ұйымдык қорғаныс құралдары, бір немесе екі және одан да көп жұмысшыларды қорғауға негізделген (зиянды жэне кауіпті өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе жою).

Кәсіби аурулар - зиянды жұмыс жағдайында жұмысшыға әсер етуінен болады.

Өрт жарылыс қауіпсіздігі - өрт пен жарьшысты жою профилактикасына багытталған, техникалық және ұйымдық құралдар мен олардың салдарын шектеу жүйесі.

Еңбекті қорғау  бойынша заң шығарушылық — қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге қатысты еңбектік заң шығарушылықтың бір бөлігі.

Қауіпсіз қашықтық – жұмысшының  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қажетті қауіптілік көзі мен жұмысшының арасындағы ең төменгі рұқсат етілген қашықтық.

Авария  - кондырғыларды (ғимаратты, әртүрлі қондырғыларды жске жэне жалпы зақымдайды, өндірісті, үдірісті жұмыс учаскесін және мекемені,   ғимаратты қиратады,   адамдардың   өліміне олардың денсаулығына, қоршаған ортаға, материалдың және моральдық шығын келтіреді және тіршілік әрекетін бұзады.

 Өрт-адамдарга материалдық шығын жасайды, денсаулығы мен өміріне зиян келтіреді, ұйымдар мен мемлекетті алаңдатады. Кенеттен тасмалданған тау жыныстары мен газдардын серіппелі энергияға ауысуы және сығылған газдың тау -кен қазблары маңына жиналуы, сонымен бірге жогарыда жатқан тау жыныстарының салмағында, тау жыныстарын бұзуда, десорбцияда, газдың кеңеюін тексеруде, тау жыныстары мен газдардың қозғалысы

энергиясында болатын жану.

Қауіп - қатер - кауіптілік мөлшерінің бағалануы. Басқа оқиға болган кездегі, бір окиғаның пайда болу мүмкіндігі сияқты немесе басқа ьңғайлы әдіс сияқты аныкталуы мүмкін.

Жүйе -мақсатқа сай элементтер жиыны арасындағы өзара қатынас.

Мақсат  -  бағытталған   әрекет  түрінде   анықталу   нэтижесінде   кутіледі   жәнетанымда көрсетіледі.

Себеп — басқасына салдар болады және оыы салдар ретінде қолданады.

Қауіптілік - белгілі жағдайларда адам денсаулығына тікелей  және жанама  зиян әкелетін,үдірістер, объектілер, құбылыстар немесе жағымсыз салдар болады. Қауіпті сипаттайтын белгілері, талдау максатына байланысты азаюы немесе артуы мүмкін.





Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 3531 | Теги: Еңбекті қорғау Глоссарий | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: