-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін классификациялау

Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін классификациялау

 

Жалпы электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді:

1.     электр қауіпсіздігі жоқ бөлмелер;

2.     қауіпсіздігі жоғары бөлмелер;

3.     қауіпсіздігі өте жоғары бөлмелер.

Солардың ішінде:

1- ші топқа жататын бөлмелер – 150С-тан 200С-қа дейін, едендері тоқ өткізбейтін, және тоқ өткізетін темір бұйымдары жоқ бөлмелер, бұған жататындар - әкімшілік бөлімшелері, жылы үйлер, тұрмыстық үйлер.

2- ші топқа жататын бөлмелер – құрғақ, салқын, шаң тозаңы көп бөлмелер. Бұл бөлмелерге жататындар, бұған жататындар - насосты станциялар, танспортты станциялар, элект станциялары.

3- ші топқа жататын бөлмелер – бөлмелерінің ішіш ылғалды, қабырғаларына, есік –терезелеріне шаң-тозаң көп тұратын бөлмелер.  Бұған жататын бөлмелер – просеивательный отделение, бесторный хранение муки, бродильный, помещение пивзавода.

 

Өндірістегі электр қауіпсізідігін болдырмау шаралары мыналар:

1)    изоляция;

2)    тоқ жүретін тетіктерді қоршау;

3)    тоқты жерге енгізу;

4)    токты нолге жалғау;

5)    тізбекті ажырату;

Токты жерге енгізудің 2 түрі бар:

1)    жабдықты контурлы жерге енгізу;

2)    жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру (выносное заземление).

 

Қорғаныс бұйымдары 

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

1.     жалпы қорғаныс бұйымдары  (коллективное вещество);

2.     жеке қорғаныс бұйымдары (индивидуальное вещество).

1)    жалпы қорғаныс  бұйымдарына жататындар: қорғаныс штанглері; электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер және қоршау бұйымдары;

2)    жеке қорғаныс бұйымдарына жататындар: очки, каска, противогаз, белбеу.

 

Жарақат алған адамға жедел жәрдем көрсету жолдары – тоқтан жарақат алған адамды ажырату.

Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр қондырғыларынан және жерден оқшаулайды.

Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек.

Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады.

1000 В қа дейінгі және жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда әр түрлі қорғаныс құралдары қолданылады.

         Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар (оқшаулағыш сатылар, аудандар, габариттер және т.б.) жатады.

         Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады.

         Диэлектрлік қолғаптар, галоштар және кілемшелерді (7.1-сурет)  арнайы  маркалы резеңкелерден жасайды, олардың электрлік беріктігі жоғары болу керек.

         Диэлектрлік қолғаптарды екі түрде (1000 В – қа дейінгі және 1000 В – тан жоғары құрылғыларға) жасап шығарады және олар бірнеше өлшемдерде болады. Жұмыс алдында қолғаптарды тексереді (тесіктердің жоқтығына және т.б.).




Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 4173 | Теги: Электр қауіпсіздігіне байланысты өн | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: