-->
Главная » Статьи » Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау басқармасының жүйесі

Еңбекті қорғау басқармасының жүйесі

 

18 бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеті

Қызметкер:

-          еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулардың талаптарын және жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға

-          арнаулы киімді және жеке ұжымдық сақтану құралдарын өз мақсатына пайдалануға

-          өндірісте болған әр жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына хабарлауға міндетті

-          ҚР заңдарында көзделген жағдайларда және еңбек жағдайын өзгерте отырып, басқа жұмысқа ауыстырғанда не кәсіби аурудың белгісі пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде  алдын ала, мерзімдік, медицина тексеруінен және аусым алдында медициналық куаландырудан өтуі міндетті

 

1.      Цех бастығының міндеті:

-          белгілі бір технологиялық процесте жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыруды қадағалайды;

-          барлық жұмысшыларды қауіпсіздікті қалай сақтау керектігін, өндірісте автоматтандыру, механикаландыру және қауіпті, зиянды заттардан қалай қорғануын ұйымдастыру;

-          жұмысшыларды жұмыс киімдерімен, құрал жабдықтарымен және қорғаныс бұйымдарымен қамтамасыз ету.

 

Өндірісте еңбекті қорғау шараларының орындалуын қамтамасыз ететін тексеру бас инженерге  жүктеледі. Ал бас инженер өндірісте бөлімше, бюро немесе еңбекті қорғау инспекторын тағайындайды.

 

2.      Еңбекті қорғау инспекторының міндеті:

-          Жоғарғы үкімет орындарының анықтамаларының, бұйрықтарының және инструкцияларының орындалуын қамтамасыз етеді;

-          Еңбекті қорғау қабілеттерін арттыруға және түрлі жарнамаларды ұйымдастырады;

-          Өндірістік жарақаттарды тексеру комиссия мүшесінің құрамына кіреді;

-          Жұмысқа қабылданған жұмысшыларға бір жобадан екінші жобаға ауыстырылған жұмысшыға қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулық береді;

-          Өндірісте бақытсыз жағдайға душар болған жұмысшыларды тіркеуге алады.

 

Нұсқаулардың түрлері (инструктаж)

1.         Кіріспе нұсқау – (вводный инструктаж)  кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) өндірістегі қауіпті және зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.

2.         Бірінші нұсқау (первичный инструктаж)  - бірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйретеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қәуіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.

3.         Қайталама нұсқау (повторный инструктаж) – қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.

4.         Кезектен тыс нұсқау (внеочередной инструктаж)  - 1) егер өндірісте технологиялық процесс өзгерсе немесе жұмысшыны бір жабдықтан, екінші жабдыққа ауыстырған кезде жүргізіледі; 2) егер берілген нұсқаулар жеткіліксіз болып, өндірісте төтенше жағдай болған кезде нұсқау жүргізіледі; 3) егер қәуіпсіздік техникасының құжаттарының талаптары бұзылса, осы кезде кезектен тыс нұсқау жүргізіледі.

5.         Арнайы нұсқау (целевой инструктаж) – жұмыстың бір-ақ түрін орындайтын  кезде жүргізіледі.

Категория: Еңбекті қорғау | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 5399 | Теги: Еңбекті қорғау басқармасының жүйесі | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: