-->
Главная » Статьи » Разные

Десте қабылдағыштың жұмыс технологиясы
 Десте қабылдағыштар дестелі жаткамен салынған дестелерді көтеріп, комбайн жаткасының шнегіне беру қызметін атқарады. Мұндай десте қабылдағыштардың екі түрі болады: барабанды және тасымалдағышты. Олардың негізгі жұмысшы мүшелері тістер мен саусақтардан құралады. Барабанға тістер бекітіледі де саусақтар тасымалдағыштың белдіктеріне бекітіледі. Барабанды десте қабылдағыштардың жұмысы тындырымды болады. Себебі серіппелі саусақтар көтеруге қиын дестелерді ала-алады. Бірақ олар тез үгітіліп кететін астықтарда (бұршақ дәнді дақылдар мен шөп тұқымдары) нашар жұмыс істейді. Мұндай дақылдарды комбайн жаткасына орнатылған маталы-планкалы десте қабылдағыштармен жинайды. Бұл жағдайда қалбағай мен кескіш аппарат қолданылмайды. Шнек пен қалғымалы тасымалдағыш ғана жұмыс істейді. Десте қабылдағыштың жұмысшы мүшелері жатканың жетегі арқылы қозғалыс алады. 54-102 барабанды әмбебап десте қабылдағышы қалбағайы алынып тасталған комбайн жаткасына бекітіледі. Ол рамадан, қабылдағыш барабаннан, табан тіректерінен, екі жандық қалғандардан, жетек механизмдерінен және екі қорғаныс қалғандарынан құралады. Десте қабылдағыштың рамасы екі тірек бұрыштамасынан жасалып, өзара трубамен бекітілген. Осы бұрыштамалардың көмегімен десте қабылдағыш комбайн жаткасының платформасына бекітіледі. Десте қабылдағыштың білігі қозғалысты сына белдікті берілістің көмегімен қалбағай вариаторының жетекші шкивінен алады. Ол білік жетекші білікпен жұмсақ муфта арқылы жалғасқан. Десте қабылдағыш білігінің айналыс жылдамдығын дестенің жылжу жылдамдығы комбайнның жүріс жылдамдығымен бірдей болатындай етіп реттейді. Егер саусақтардың жылдамдығы комбайн жылдамдығынан көп болып кетсе, онда дестелер үзіліп қалады, ал керісінше болса, онда десте қабылдағыштың алдында сабақтар жиналып қалады. Осыған байланысты комбайнның жүріс жылдамдығын өзгерткен кезде десте қабылдағыш білігінің де жылдамдығын сабақтар жатка шнегіне бірқалыпты берілетіндей етіп өзгерту қажет. Тірек табандары бар десте қабылдағыштарды өзінің тірек табандары бар комбайн жаткасына орнатқан кезде мына төмендегі жағдайды еске алу қажет. Егер пая биіктігі 15 ... 18 см. болып, жиілігі қалыпты болса, онда жатқаның тірек табандарын кесу биіктігі 130 мм. Мөлшеріне қояды, ал пая биіктігі осы шамадан төмен және сабақ сирек болса, онда кесу биіктігін 100 мм. мөлшеріне қояды. Осындай ретпен қойылған кезде десте қабылдағыштың саусақтары жер бетіне жанаса қозғалады да паяны толық тарап өтіп, дестені толық көтереді. Десте қабылдағыштарды алым кеңдігі 4,1; 5,0 және 6,0 м. болтын жаткаларға орнатуға болады. Десте қабылдағыштарды жаткаға орнату кезінде мына шараларды іске асыру қажет. Жаткадан қалбағайы мен оны іске қосатын шынжырды алып тастайды да қалбағайды ұзындығы бойымен реттейтін тартқышты сыммен ұстағышқа байлап қояды. Содан кейін вариатордың жоғарғы білігіндегі жұлдызшаны алып тастап, кескіш аппараттың жалғастырғыш буынын шығарып алады. Енді кескіш аппараттың пышағын бар мүмкіндігінше оңға қарай жылжытады. Бұл кезде күйентенің басы пышақ басына тимейтіндей болуы керек. Алынып тасталған жұлдызшаның орнына шкив бекітіледі. Жатка қорабындағы төрт бітегішті алып тастап, орнына десте қабылдағыш брустары бекітілетін болттарды бұрап бекітеді. Шкиві бар іске қосатын білікті бекітеді де оны жұмсақ муфта арқылы десте қабылдағыштың білігімен жалғастырады. Сонан соң белдікті айқастырып кигізеді де кескіш аппаратты қалғанмен жабады. 5.3.-сурет. Платформалы десте қабылдағыштың жұмыс технологиясы: 1-десте қабылдағыш; 2-тірек дөңгелегі; 3-саусақ; 4-теңестіргіш механизм; 5-платформа; 6-шнек; 7-аралық құрылғы; 8-битер. ППТ-ЗА тасымалдаушы десте қабылдағышы аласа және сирек өскен астықтардың, бұршақ тұқымды дақылдардың, шөптер мен қызылшаның жалпақ қосарланған дестелерін жинауға арналған. Платформалы десте қабылдағыш бөлектеп жинау кезінде дестені көтеріп тасымалдауға арналған. Платформалы десте қабылдағыш платформадан / 5 / ( 3.23.-сурет ), аралық құрылғыдан III, қабылдағыштан / 1 / және жетек механизмінен құралған. Мұндағы жұмыс процессі мына ретпен жүреді. Комбайн десте бойымен жүрген кезде десте екі тірек дөңгелегінің / 2 / ортасында болатындай етіп бағыттайды.Десте қабылдағыштың саусақтары дестені көтеріп, паяларды тарай отырып астықты жатка шнегіне / 6 / қарай жылжытады. Қабылдағыш саусақтар астықты жылжытып бергеннен кейін сабақ сыпырқыш қуысқа кіреді де оның бойындақы сабақтардан тазаланады, ал қалыпқа келтіргіштер өз саусақтарымен / 3 / астықты тасымалдаушыға қыса отырып шнек / 6 / астындағы платформақа жеткізеді. Әрі қарай астық шнекпен аралық битерге, содан кейін көлбеу тасымалдағыш арқылы бастырғыш аппаратқа жеткізіледі. Платформалы десте қабылдағыштың құрылысы мен жұмыс әрекеті жаткамен ұқсас. Айырмашылығы мұнда қалбағайдың, кескіш аппараттың және теңестіргіш механизмнің жоқтығы болып табылады. Аралық құрылғының құрылысы мен жұмысы да жатканың осындай құрылғысымен ұқсас. Тек айырмашылығы ол платформаға берік бекітілген. Десте қабылдағыш /1/ платформамен топсалы жалғасқан тасымалдағыш тәрізді жасалған. Ол жер бетіне екі тірек дөңгелектері 121 арқылы жанасады да теңестіргіш / 4 / қондырғымен жабдықталады. Тасымалдағыш рамадан, доңғалақтардан, жетекші біліктен, тасымалдағыш ленталардан, жақтаулар мен сабақ көтергіштерден құралған. Тасымалдағыш шынжырының керілуін кергіш болттардың көмегімен реттейді. Теңестіргіш механизм кергіш серіппесі бар екі тартқыш түрінде жасалған. Оның дөңгелектеріне түсетін күшті серіппенің керілу күшін өзгерту арқылы реттейді. Серіппелердің әрқайсысының құрсаулары бар және оларды бекітіп қоюға болады. Сонда комбайн жол жүрген кезде десте қабылдағыш шайқалмайды. Құрсауды бекітпей комбайнмен жол жүру немесе оны босатпай десте жинау платформаның істен шығуына душар етеді. Десте қабылдағыштың жұмысшы мүшелері іске топты беріліс білігінен қозғалатын карданды білік арқылы қосылады, ал тасымалдағыш бір топсалы карданды білікпен қимылға келеді.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 1060 | Теги: Десте қабылдағыштың жұмыс технологи | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: