-->
Главная » Статьи » Разные

Десертті көкөністер

Десертті көкөністер

 

Қояншөп (спаржа), артишок, рауғаш (ревень) өздерінің нәзік дәмімен ерекше, дәрумендерге бай.  Тағамға қояншөптің ақ немесе жасылтым түсті көктей жұлынған балғын өркенін пайдаланады. Жасыл өркендерінің дәмі ащы болады. Ақ түсті қояншөпті тұздықтар, суп-пюре, қайнатылған тағамдар, ал жасылын гарнир әзірлеуге пайдаланады. Қояншөптің ең тәтті жері - басы, сондықтан тазалау барысында бүлдіріп алмауға тырысу керек. Төменгі жағындағы дөрекілеу өркендерінен пюре және сорпа әзірлейді. Ақ түсті қояншөпті қайнатып қою тамақ, ал майда жасылтым түстісін бағаналап (биіктігі 2-2,5 см) кесіп, гарнирлер мен сорпалар әзірлейді.

Қояншөптің құрамында азотты заттар, майлар, қант, азотсыз экстрактивті заттар, 25 мг % дейін С дәрумені және аздаған мөлшерде В1, В2, РР дәрумендері бар. Қояншөпті ең дұрысы салқын (00С), әрі қараңғы жерде ылғалды құмда сақтаған жөн. Оны қайнатып не қақтап пісіреді. Өткір пышақпен қояншөпті бас жағынан төмен қарай, бүлдіріп алмай, тазартып, содан кейін 10 талын будалап, байлап, ұш жағын тегістеп кесіп алады да, тұзды суға салып 15-20 минут қайнатады. Ол езіліп кетпес үшін кастрюлге тігінен салып, орталау етіп су құяды. Әзір болған қояншөпті (басы жұмсарған кезде) кепсерге салып, суын сорғытады. Дастарқанға қояр алдында жұмыртқа, май немесе кептірілген нан қосады.

Артишок - күздік өсімдік. Артишоктің ең жақсысы - ірі жас, жасыл түстісі. Өңдеу барысында артишоктың өзегін кесіп алып, түбін кепкен жапырақтардан тазартады, содан соң өткір пышақпен қабыршақтарының шеткі ұшын кесіп тастайды да металл қасықпен артишоктың ішкі жағын гүл ұрығынан тазартады. Тазарған орны қарайып кетпес үшін лимон қышқылын жағады. Артишоктарды байлап пісіреді. Асқа тек піскен күйде қолданылады.

Рауғаш (ревень) - көпжылдық өсімдік, жапырақтары түйе жапырақтың (лопух) жапырағына ұқсас. Асқа рауғаштың қызылтым және жасылтым сабақтары пайдаланылады, оларда 2,5 % алма қышқылы, өте көп мөлшерде С дәрумені және пектиндер бар. Рауғаштың ескі шыбықтарын тамаққа пайдаланбайды, себебі оларда өте көп мөлшерде қымыздық (щавель) қышқылы жиналады. Жас шыбықтарын жуып, төменгі бөліктерін кесіп тастайды да, жұқа қабығынан тазартып, бөлшектеп кеседі. Компот, кисель, варенье қайнатуда қолданылады.

Категория: Разные | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 2146 | Теги: Десертті көкөністер | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: