-->
Главная » Статьи » Разные

Басқару дөңгелектерін тұрақтандыру
 Жоғарыда айтылғандай, басқару дөңгелектері машинаның жүріс сапасына өте үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда оларға қойылатын талаптарда ерекше. Сол талаптардың ішіндегі негізгісіне мына талапты жатқызуға болады. Машина өздігінен жүріп келе жатқанда ол тура бағыттан алшақтамауға тиіс, ал бұрылып болғаннан кейін алғашқыдай машина жүрісінің тура бағытын келесі бұрғанға дейін өзгертпеуі керек. Осы талапты орындау үшін басқару дөңгелектері машинаға бірнеше геометриялық параметрлермен орнатылады және ол параметрлерді жұмыс кезінде үнемі бақылап, алшақтап кетсе қайтадан қалпына келтіріп отырады. Басқару дөңгелектері машинаға негізінен төрт түрлі геометриялық параметрлермен орнатылады: 1 – жоғарғы алшақтығы; 2 – алдыңғы түйіскіштігі; 3 – осьтің /шквореннің/ көлденең еңкею бұрышы; 4 – осьтің ұзындық еңкею бұрышы. Дөңгелектердің жоғарғы алшақтығы деп олардың жер бетіне тиіп тұрған нүктелерінің ара қашықтығы үстіңгі жағындағы ара қашықтығынан аз болатындығын айтады, яғни дөңгелектердің үстіңгі жағы алшақ орнатылады. Бұл алшақтық дөңгелектердің жұмысын тұрақтандырмайды, керісінше олардың жүріс бағытынан ауытқуына мәжбүр етеді. Бірақ машина жасаушылар бұл алшақтықты амалсыздан қолданады. Себебі осы кезде басқару дөңгелегінің торабын құрастыру мен бөлшектеу жұмысы мүмкін болады, яғни дөңгелектің осіне қойылатын ішкі және сыртқы подшипниктердің диаметрлерін әртүрлі етіп қабылдайды-ішкісі үлкен, сыртқысы кіші. Өйткені дөңгелек жантайып тұрғандықтан оның ішкі подшипнигіне көп салмақ, ал сыртқысына аз салмақ түседі. Енді дөңгелек торабын құрастырғанда немесе бөлшектегенде ішкі подшипник өз орнына, ал сыртқы подшипник өз орнына тікелей барып орналасады. Басқару дөңгелектерінің алдыңғы түйіскіштігі деп олардың ось тұсынан өлшегендегі алдыңғы жағындағы ара қашықтығы артқы жағына қарағанда аз болады. Бұлда дөңгелек жұмысын тұрақтандырмайды. Дегенмен осылай орнатуға тура келеді. Себебі дөңгелектердің жоғарғы алшақтығынан олар жүріс кезінде бағыттарын тура бағыттан ауытқытады. Өйткені олардың ауырлық нүктесі сыртқа қарай ауытқығандықтан дөңгелеу бағыты да сыртқа қарай ауытқый береді. Осындай ауытқуды болдырмас үшін басқару дөңгелектерінің алдыңғы жағын күн ілгері түйістіріп қояды. Олай болса басқару дөңгелектерінің жұмысын тұрақтандыратын тек оларды машинаға жалғастыратын осьтерінің ғана параметрлері болады. Енді соларды қарастырып көрелік. Басқару дөңгелегінің бұрылу осі шкворень деп аталады. Сол шкворень машинаның алдыңғы бұрылу белдемесіне жоғарыда айтылғандай екі түрлі бұрышпен орналастырылады: біреуі – көлденең бағытта, ал екіншісі ұзындық бағытта.Шквореннің көлденең бағыттағы еңкею бұрышының схемасы 2.16а – суретте көрсетілген.Мұндағы еңкею бұрышы. Басқару дөңгелектерінің осы схема бойынша орналасқан кезіндегі оның жұмысын тұрақтандыратындығын білу үшін шартты түрде оны 180-градусқа бұралық /ол үзік сызықпен көрсетілген/. Сол кезде дөңгелек жер бетіне h-биіктігіне мадалуы немесе машинаның алдын сондай биіктікке көтеруі керек. Яғни мұндай кезде дөңгелек алғашқы қалпынан басқа жағдайға бұрылу үшін қосымша күш керек болады. Сөйтіп ол әрқашанда алғашқы қалпын сақтап отырады. Егер жүргізуші күш жұмсап машинаны бұрмаса, онда машина түзу сызықты жолмен жүре береді. Дөңгелек шкворенінің ұзындық бойындағы бұрышы да осындай жағдай тудырады ( 2.16б-сурет ). Егер машина дөңгелегі бұрылмаса, онда оның дөңгелеуге кедергі күші R жермен жанасқан ауданының ортасындағы осьтің бойымен әсер етеді. Ол ешбір қосымша бұратын момент тудырмайды. Ал машина дөңгелегі бұрылған кезде жермен жанасу ауданы осьтің жермен қиылысқан О-нүктесі арқылы олда бұрылады. Енді кедергі R – күші дөңгелек осінен а- қашықтығына ауысады да кері бұратын момент тудырады. Сол моменттің әсерінен дөңгелек алғашқы қалпына қайта келуге тырысады. а) б) 2.16-сурет. Басқару дөңгелектерін тұрақтандыру схемасы: а) – көлденең бұрышы; б) – ұзындық бойындағы бұрыш. Сонымен басқару дөңгелектерінің тік бағыттағы осьтерінің /шкворендерінің / көлбеу және ұзындық бойындағы еңкею бұрыштары олардың жұмыстарын тұрақтандырады екен, яғни жүргізуші араласпаса, онда машина түзу бағытта жүре береді екен. Ал жүргізуші машинаны бұрғаннан кейін дөңгелектер алғашқы қалыптарына өздігінен қайта оралады екен. Машиналардың жұмыс кездерінде әртүрлі жағдайларға байланысты осы тұрақтандыратын геометритялық параметрлер өзгеріп кетеді. Сондықтанда бұл параметрлерді үнемі техникалық күтім кезінде бақылап, алғашқы мөлшерлеріне келтіріп отыру қажет.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1069 | Комментарии: 1 | Теги: Басқару дөңгелектерін тұрақтандыру | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: