-->
Главная » Статьи » Разные

Автомобильдердiң түрлерi
Автомобильдердiң түрлерi Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлерiне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңiл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлiнедi. Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке-жеке түр-түрге бөлiнедi. Себебi жүк машинасының бiр түрiн жеңiл машинаның сондай бiр түрiмен салыстыруға мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендiрудiң мағнасы келтiрiлген. Жеңiл машиналарды двигателiнiң жұмыс көлемiне (литражы деп атайды) байланысты бiрнеше түрге (класқа) бөледi де соған байланысты оның индексiн белгiлеу маркасына кiргiзедi. Ол мына төмендегiдей: Түрленуi Литражы Индексi Өте жеңiл класс 1,2-ге дейiн 11 Кiшi класс 1,3-1,8 21 Орташа класс 1,9-3,5 31 Жоғарғы класс көрсетiлмейдi 41 Сонымен жеңiл машиналарды түрлендiрiп, олардың маркасын белгiлегенде оның индексi көрсетiледi. Мысалы маркасы ВАЗ – 2106 болса, алдында әрiптермен шығаратын заводтың белгiсi қойылады, сол белгiден кейiн классы индекспен белгiленедi, яғни классы 21 – кiшi класс, ал әрi қарай моделiнiң рет нөмерi келтiрiледi (6-модель). Осылайша жеңiл машиналардаң маркалары арқылы бiраз мағұлмат алуға болады. Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзiнiң бос кезiндегi салмағы мен таситын жүктiң салмағын қосып есептегенде) жетi түрлi класқа бөледi және олардың индексiн 1 ден 7 ге дейiн санмен белгiлейдi. Осыған қосымша жүк машиналары жүк салатын қорабының әртүрлi жүк түрiне қарай, өздiгiнен түсiре алатындығына қарай тағы да бiрнеше түрге бөледi де оны да индекстен кейiн санмен белгiлейдi. Автобустар жалпы ұзындығына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi. Оларға да осы ұзындығына байланысты индекс тағайындайды. Олар: ұзындығы, м: 5-ке 6,0-7,5 8,0-9,5 10,5-16,0 16,5-тен жоғары дейiн индексi: 22 32 42 52 62 Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бiр ерекше қасиеттерiне қарай түрленуi мүмкiн. Бiрақ ондай түрлендiру автомобиль көрсеткiштерiне онша әсер ете қоймайды. Ондай автомобильдердi көбiнесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды. Мысалы өрт сөндiретiн, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстардың бiр түрiн ғана атқаруға арналады.
Категория: Разные | Добавил: admin (25.10.2013)
Просмотров: 1582 | Теги: Жеңiл машиналарды қазақша, Автомобильдердiң түрлерi, Жүк машиналары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: