-->
Главная » Статьи » Разные

Қатарлап егетін сеялкалардың жұмыс технологиясы
 Сеялкалардың құрылысы және жұмыс технологиясы алуан түрлі егу жұмыстарын атқарғанымен, олардың бәрінің негізгі жұмыс принципінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сеялкалардың атқаратын жұмысына байланысты жұмысшы мүшелері және қосымша мүшелері деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Жұмысшы мүшелері тікелей технологиялық жұмыстарды атқарады да, қосымша мүшелері сол жұмысшы мүшелерге қызмет етеді. Сеялкалардың негізгі жұмысшы мүшелеріне жататындар: тұқым салатын ыдыс, себу аппараты, тұқым өткізгіш, сошник, тұқым жасырғыш. Бұлардың өздері сеялка түріне қарай әралуан болады. Ал қосымша мүшелеріне жататындар: рама, тіркемелі немесе аспалы жүйе, сеялканы жол жүру қалпына келтіруші автомат немесе гидроцилиндрі бар рычагты жүйе, жүріс дөңгелектер, себу аппаратын жүргізетін беріліс механизмі. Бұл мүшелердің құрылысы да әртүрлі болады. Сеялкалардың жұмыс технологиясының схемасы З.6.-суретте берілген. Бұл сеялкалар жұмысты былай істейді. Себілетін тұқым және тыңайтқыш ыдысқа 8 салынады. Ыдыс ортасынан екіге бөлінген, оның біріне тұқым, екіншісіне тыңайтқыш салынады. Ол ыдыстардың түбінде себу аппараттары 3, 4 бар. Олар тұқым мен тыңайтқышты белгілі мөлшерде тұқым түтігіне 9 түсіреді. Сеялка іске қосылқан кезде тұқым мен тыңайтқыш араласады да сошник қуысына келеді. Сошниктер дер қыртысына еніп, кішкене арықша сызады. Сошникке келген тұқым мен тыңайтқыш қоспасы осы арықша түбіне түседі. Сошник өтіп кеткеннен кейін оның артында келе жатқан тұқым ондағы тұқым мен қоспасын көміп кетеді. Сөйтіп, сеялканың себі технологиясына тек жұмысшы мүшелері ғана қатысатыны байқалады. 2.6. сурет.Сеялканың жұмыс технологиясы: 1-тіркеме; 2-гидроцилиндр; 3-себу аппараты; 4-тыңайтқыш себетін аппарат; 5-тақта; 6-жасырғыш; 7-сошник; 8-ыдыс; 9-тұқым түтігі. Жұмысшы мүшелерінің жұмыстарын қамтамасыз ететін бірнеше қосымша бөліктер бар. Солардың бірі рычагты жүйесі бар гидроцилиндр 2. Ол сеялканы, яғни сошниктер мен тұқым жасырғыштарды жол жүру қалпына келтіреді. Ол үшін сошниктер мен тұқым жасырғыштарды рычагтар арқылы гидроцилиндр көтереді. Сеялка жол жүру қалпына ауысқан кезде себу аппаратына берілетін айналысты тоқтатып тастайтын ажыратқыш механизм іске қосылады. Осылар сияқты тағы да бірнеше қосымша бөліктер бар. Енді сеялканың жұмысы мүшелеріне және қосымша бөліктердің кейбіреулеріне түсінік беріледі. Сеялкалардың жұмысшы мүшелері. Себу аппараты. Сеялкалардың себу аппараты ыдыстағы тұқымды немесе тыңайтқышты өлшеп түсініп тұру қызметін атқарады. Себу аппараты құрылысына байланысты катушкалы және дискалы аппараттар болып негізгі екі түрге бөлінеді. Жұмыс кезінде катушка немесе диск айналмалы қозғалады. Сол айналу кезінде олар өздерімен бірге тұқымды ілестіреді де шығатын тесікке жеткізеді. Қатарлап егетін сеялкаларда катушкалы себу аппараты қолданылады. Катушкалы себу аппараты астық, шөп, жеміс, мақта және орман егетін сеялкаларда болады. Бұл сеялкалар көбінесе негізгі тұқымға минералдық тыңайтқыштарды қосып себеді. Ондай сеялкалар құрамалы сеялкалар деп аталады. Құрамалы сеялкалар да катушкалы себу аппараты қолданылады. Катушкалы себу аппараты құрылысына қарай науалы және штифті болып екіге бөлінеді. Науасы бар катушкалы себу аппараты көбінесе негізгі тұқым себуге, ал штифті бар катушкалы себу аппараты тыңайтқыш себуге арналады. Науасы бар катушкалы себу аппараты мынандай бөлшектерден тұрады (З.7.-сурет): қорап 2, катушка 3, муфта 4, толықтырқыш шайба 5, катушка білігі I, клапан II және клапан білігі 8. 2.7.-сурет. Катушкалы себу аппараты: 1-білік; 2-қорап; 3-катушка; 4-муфта; 5-шайба; 6-серіппе; 7-кесікті шайба; 8-клапан білігі; 9-тірек; 10-рычаг; 11-клапан. Себу аппаратының барлық бөлшектері қорапқа бекітіледі, ал қорап тұқым салынатын ыдыс түбіне бекітіледі. Оның болтқа кіргізілетін тесігі сопақша етіп жасалған. Сол яғни, катушка бойымен жылжытып басқа орынға бекітуге болады. Қораптың үсті ашық. Одан тұқым келіп тұрады. Астыңғы жағын клапан бітеп тұрады. Ол калапан білікке бекітілген. Сол білікті бұру арқылы клапан мен катушка аралығындағы саңылауды өзгертуде болады. Науаны салынған тұқымнан тез босату үшін осы клапанды ашып, тұқымды түсіріп алады. Қораптың бір жағына муфта, ал екінші жағына катушка кіріп тұратын етіп кесік жасалған. Ал катушка кіріп тұратын кесікке фигуралы шайба қойылған. Ол шайба шегеленіп тойтарылған арнаулы қуыста катушкамен бірге айналып тұрады. Муфта аппарат білігіне бос отырғызылған. Ол білік айналған кезде орнында тұра береді. Оның қыры қораптағы ойыққа кіріп тұрады, муфтаның айналып кетуіне кедергі жасайды. Сол сияқты муфта катушка орнына жылжығанда, яғни қорап ішіне кіріп тұрған кезде, қырымен тұқым шығатын тесікті бітеп қалады да дәндердің өздігінен құлап түсуіне жол бермейді. Муфта білік бойымен жылжып кетпей, катушкаға тіреліп тұруы үшін, оның сырт жағынан компенсациялық шайба қойылған. Ол шайбаның биіктігі әртүрлі қырлары бар. Сол қырларымен, аппарат білігінде жасалған тесіктегі шплинтке тіреліп тұрады. Бұл шайбаны компенсациялық немесе толықтырғыш шайба деп атайтын себебі, жұмыс істеген кезде катушка айналып тұрады да оның қасындағы муфта айналмайды. Сеялка біраз жұмыс істегеннен кейін олардың үйкелетін беттері қажалып тозады да араларындағы саңылау көбейеді. Саңылау өте үлкен болса, оларға дән түседі де шақылып ұнтақталады. Сөйтіп себу сапасы нашарлайды. Ондай саңылауды кішірейту үшін толықтырқыш шайбаны, шплинтті шығарып, биіктігі көбірек қырына айналдырып орналастырады. Қырының биіктігі үлкен болғандықтан шайба муфтаны катушкақа қарай итереді де саңылауды азайтады. Себу аппаратындары негізгі жұмысты катушка атқады. Жалпы катушканың себу нормасы оның айналу жылдамдыры мен жұмысшы ұзындығына байланысты. Катушканың жұмысшы ұзындығыы деп оның себуге қатынасатын, яғни қорап ішіне кіріп тұрған ұзындығын айтады. Науалы катушкаларда себу нормасын өзгерту үшін оның айналыс жылдамдығын және жұмысшы ұзындығын өзгертеді, ал штифті катушкаларда ол үшін тек ғана айналыс жылдамдығын өзгертеді. Катушкалардың айналыс жылдамдығын өзгерту үшін беріліс механизмінің беріліс санын өзгертеді. Бұл катушкаларды тікелей себу нормасына қою үшін реттеу жұмыстарын жүргізу төменде сеялка тетіктерін реттеу такырыбында көрсетіледі. Тұқым өткізгіш түтіктер себу аппаратынан келген тұқым мен тыңайтқыштарды сошниктерге жеткізу қызметін атқарады. Ол себу аппаратынан мөлшерленіп берілген тұқым мен тыңайтқышты тоқтатпай, үздіксіз ақынмен беруге тиіс. Үздіксіз берілмесе, тұқым мен тыңайтқыш біркелкі себілмейді, яғни жиналып қалады да үйіліп түседі. Бұл талапты орындау үшін тұқым түтігі ылқи тік бағытта болуға тиіс. Жұмыс кезінде сошниктер жер бередіне қарай өздерінің жақдайларын өзгертіп отырады, сондықтан себу аппараттарының ара қашықтығы үнемі өзгерісте болады. Олай болса, тұқым түтігі де ұзарып-қысқарып тұруқа тиіс. Сондықтан оларды иілгіш етіп жасайды. Тұқым түтігі құрылысына қарай мынадай бірнеше түрге бөлінеді: тегіс резенкелі түтік, спираль тәріздес I лента, воронка тәріздес, телескоптық, серіппе тәріздес және жиырылқан резенкелі тұқым түтіктері. Тегіс резенкелі тұқым түтігі тұқымды қалыпты жағдайда жақсы өткізеді және ол жеңіл. Бірақ бірнеше кемшілігі бар. Ол ұзындығы өзгерген кезде бүктеледі немесе төменгі ұшы сошниктен шықып кетеді. Бүктелген кезде тұқым себілмейді де түтікте біршама жиналып қалады, түтік созылып жазылқан кезде сошникке бірден көп болып құйылады. Сөйтіп тұқым біркелкі себілмейді. Мұндай тұқым түтіктерін сақтау да өте қиын. Жұмыс істемейтін кезде оларды сеялкадан шығарып алып ішіне құм толтырып немесе ағаш таяқ кіргізіп қою керек. Олай етпесе олардың пішіні бұзылады да іске жарамай қалады. Спираль тәрізді металл лентадан жасалған тұқым түтігі арқылы да тұқым жақсы жүреді және ол өзінің ұзындығын да өзгерте алады. Бірақ ұзарқан кезінде әрбір лентаның аралығындағы саңылау ұлқайып кетіп, одан тұқым шашылады. Мұндай тұқым түтігі өте қатты созылса немесе бүктелсе майысып қалады да әрі қарай іске жарамайды. Оны түзетіп жөңдеу үшін арнаулы станок қажет. Сондықтан жарамсыздарын көбінесе жаңасымен алмастырады. Воронка тәрізді тұқым түтігін – конус тәрізді металл түтікшелерді бір-біріне кигізіп, өзара шынжырмен байланыстырып жасайды. Бұлар жұмысты тек тік барытта ғана істейді. Мұның да негізгі кемшілігі – иілгіштік қабілеті нашар және ұзындығын өзгертпейді. Сондықтан воронка тәрізді тұқым түтіктері өте аз қолданылады. Көбінесе олар сеялкалар мен культиваторларда тыңайтқыш шашу үшін және орман сеялкаларында қолданылады. Телескоптық тұқым түтіктері бір-біріне киілетін цилиндр түтікшелерден құралған. Түтікшелер бір-бірімен телескоп тәріздес (жылжымалы) жалғанқандықган, олар ұзындығын өзгерте алады. Бірақ ол мүлде иілмейді. Сондықтан өте аз қолданылады. Серіппе тәріздес тұқым түтінтері, металл сымнан бұранда сияқты орап жасалған. Олармен картоп отырғызғыштарда қолданылады. Оның арықша жасайтын түмсығы сына тәрізді жасалған. Топыраққа кірген кезде оны екіге жарады. Сөйтіп төменгі қабатты жоғары шығармай, тек арықшаның екі жағына сырғытып ғана қояды. Бірақ бұл сошниктер арықша түбін жақсы нығыздамайды және олар жасаған арықшалардың ені едәуір кең болады. Сондықтан оларды тек қатар аралығы үлкен дақылдардың тұқымын себуге қолданады. Сыналы сошниктердің де ылғалды топырақтақьг жұмыс сапасы нашар болады. Тұқым түтіктеріне қойылатын талапқа толықымен сай келетіні - жиырылып бүктелген резенке тұқым түтігі. Оның иілу және үзару қасиеті өте жоғары. Оның пішіні өзгерген кезде, яғни иіліп, үзарқан кезде де тұқым бірқалыпты себіліп отырады. Мұндай тұқым түтігі арқылы дән жер бетіне біркелкі жақсы себіледі. Сондықтан қазіргі сеялкаларда көбінесе жиырылып бүктелген резеңке тұқым түтіктері қолданылады. Оның ішкі диаметрі 30 мм, созылмай тұрған ұзындығы 350 мм, ал созылмағанда 700 мм болады. Сошниктердің жұмысына негізінен мынадай талаптар қойылады. Арықша жасау кезінде төменгі қабаттағы ылғал топырақты аударып жер бетіне шығармау керек және арықшаның түбі нығыздалуы тиіс. Сонда топырақтағы ылғал жақсы сақталады, нығыздалған қабатқа төменгі қабаттан ылғал көтеріледі. Сол сияқты тұқымды біркелкі сеуіп, егу тереңдігін сақтауы және өздеріне өсімдік қалдықтары мен топырақ жабысып ілеспейтіндей болуға тиіс. Сошниктерді құрылысына қарай мынандай түрге бөлуге болады: анкерлі, сыналы, жады, шаналы, жер бедерінде икемделген, түтікті және дискалы сошниктер. Олар жоғарыда айтылған талаптарға сай әртүрлі сеялкаларда қолданылады. Анкерлі сошниктер астық сеялкаларында және кейбір арнаулы сеялкаларда болады. Оны құрылысы қарапайым, яғни арықша жасайтын тұмсық тұқым түсетін түзу түтікке бекітілген. Жұмыс кезінде сошник тұмсықы топырақты аударады, сөйтіп ылғалдың жоғалуына мүмкіндік жасайды. Оның үстіне тұмсықтың алдында топырақ жиналып, недәуір үйілуі мүмкін. Ылғалы мол топырақтарда оның тұқым түсетін түтігі бітеліп те қалады. Сондықтан да анкерлі сошниктер ылғалдығы 20% шамасынан аспайтын және өте жақсы өңделген топырақтарда ғана жұмыс істей алады. Жалды сошниктерді анкерлі сошниктердің бір түріне жатқызуға болады. Оның арықша жасайтын жал тәрізді тұмсығы түтік алдына бекітілген. Ондай жалды тұмсықпен арықша жасаған кезде топырақ жоғарыдан басылып, арықша түбі нығыздалады. Мұндай сошниктерді тайыз себілетін тұқымдар үшін қолдануға болады. Бұл сошниктің де негізгі кемшілігі ылғалды топырақтарда жұмыс сапасы нашарлайды. Сыналы сошниктер қызылша сеялкалары мен отырғызғыштарда қолданылады. Оның арықша жасайтын тұмсығы сынға тәрізді жасалған. Топыраққа кірген кезде оны екіге жарады. Сөйтіп төменгі қабатты жоғары шығармай, тек арықшаның екі жағына сырғытып ғана қояды. Бірақ бұл сошниктер арықша түбін жақсы нығыздамайды және олар жасаған арықшалардың ені едәуір кең болады. Сондықтан оларды тек қатар аралығы үлкен дақылдардың тұқымын себуге қолданады. Сыналы сошниктердің де ылғалды топырақтағы жұмыс сапасы нашар болады. Шаналы сошниктер жүгері, мақта, жеміс тұқымдарын себу үшін қолданылады. Олардың арықша жасайтын мүшесі шана тәрізді етіп жасалған және ол топырақты екі жанына ысырады. Бұл сошниктер себу тереңдігін 12 см шамасына дейін жеткізе алады. Жер бедеріне икемделген сошниктер егу тереңдігі өте дәл болатын дақылдар үшін қолданылады. Ондай дақылдарға күрішті жатқызуға болады. Егер себу тереңдігі әртүрлі болса, онда күріш біркелкі өніп шықпайды, әрқарай оның пісуі де біркелкі болмайды. Бұл сошниктің арықша жасайтын негізгі мүшесі сына тәрізді жасалған. Олар үш-үштен бір шанақа бекітілген. Сына биіктігі себу тереңдігімен бірдей болады. Жұмыс кезінде шана жер бедеріне икемделіп, оның ой-қырына түсіп-шықып жүреді. Ал оның астындағы сыналар жерге қадалып арықша жасайды. Ол арықшаның екі жаны, түбі жақсылап нығыздалады. Сөйтіп сошниктерге қойылған талаптарға жер бедеріне икемделген сошниктер толық жауап береді. Бірақ оның негізгі кемшілігі себу тереңдігінің өзгермейтінінде. Себу тереңдігін өзгерту үшін сыналарды алмастыру керек. Ол үшін недәуір еңбек қажет. Сондықтан бұл сошниктер тек күріш сеялкаларында ғана қолданылып жүр. Жер бедеріне икемделген сошниктердің құрылысын Қазақтың ауыл шаруашылықын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты мен Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылық машиналар кафедрасы екеуі бірлесіп жасап шығарған. Түтікті сошниктер эрозияға шалдыққан топырақтарқа тұқым себуге арналған. Ол сошниктер өңделмеген аңызға арықша жасайды. Негізгі мүшесі – түтік, оның ұшына жебе тәрізді пышақ орнатылған. Мұндай сошниктермен тұқым сепкеннен кейін жер бетіндегі өсімдік сабақтары бүлінбей, тік қалпында тұрады. Дискілі сошниктер барлық астық сеялкаларында қолданылады. Оның арықша жасайтын мүшесі – өзара және жер бетімен бұрыш жасап орнатылған дискілер. Жұмыс кезінде дискілер айналып топырақты кеседі де ені жанына ысырып отырады. Сондақтан дискілі сошниктерге топырақ немесе өсімдік қалдықтары ілеспейді, ол тықылып қалмайды және кез-келген топырақта жұмыс істей алады. Сонымен жоғарыда көрсетілген сошниктерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – тұмсықты сошниктер де екіншісі – дискілі сошниктер. Тұмсықты сошниктердің жұмысшы мүшелері топырақты жырып арықша жасайды. Мұндай жұмысшы мүшелерді пассивті жұмысшы мүшелер деп атайды. Бұл пассивтік жұмысшы мүшелердің ең негізгі кемшілігі – оларға топырақ пен өсімдік қалдықтары тығылып қалады және өздігінен тазаланбайды. Сөйтіп олар белгілі бір ылғалы бар топырақта ғана жақсы жұмыс істейді. Ал дискілі сошниктердің жұмысшы мүшелері активті жұмысшы мүшелерге жатады, яғни ол айналып қозғалады және өздігінен тазаланады. Сондықтан олар топырақ талғамайды. Бірақ олар тереңдікті дәл ұстамайды, арықша түбін нығыздамайды. Қорыта айтқанда активті және пассивті жұмысшы мүшелері бар сошниктердің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Атқарылатын жұмыс жағдайына қарай оларды таңдап алу керек. Тұқым жасырғыштар сошник жасаған арықшаларға тұқым түскеннен кейін оның бетін топырақпен жауып жасыру қызметін атқарады. Олардың құрылысы, арықша мөлшеріне қарай әртүрлі болады. Кішігірім арықшаларды жабу үшін шынжырлы сақиналар қолданылады. Олардың құрылысы өте қарапайым. Үлкен сақиналардың бірнешеуі тізбектеліп өзара шынжырмен жалғастырылған да сошник артына тіркелген. Жұмыс кезінде сақиналар жер бетімен сүйретіліп жүреді де топырақты сырғытып арықшаны жабады. Орташа арықшаларды көму үшін тісті көмгіштер қолданылады. Олардың жұмысшы мүшесі серіппелі тірекке бекітілген тістер болып саналады. Ол тістер топырақты ығыстырып арықшаны толтырады. Терең егілген тұқымдарды жабу үшін дискілі жасырғыштар қолданылады. Олар бір-бірімен бұрыш жасап орналасқан екі дискіден тұрады. Жұмыс кезінде дискілер айналып жүреді де топырақты кесіп ортақа үйеді. Бұлар арықшаны жал жасап көмеді. Дискалы жасырғыштар қатараралығы кең дақылдарды егу кезінде қолданылады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 1966 | Теги: Тұқым себу және отырғызу әдістері | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: