Главная » Статьи » Разные

В категории материалов: 53
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Басқару дөңгелектерін тұрақтандыру
Жоғарыда айтылғандай, басқару дөңгелектері машинаның жүріс сапасына өте үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда оларға қойылатын талаптарда ерекше. Сол талаптардың ішіндегі негізгісіне мына талапты жатқызуға болады. Машина өздігінен жүріп келе жатқанда ол тура бағыттан алшақтамауға тиіс, ал бұрылып болғаннан кейін алғашқыдай машина жүрісінің тура бағытын келесі бұрғанға дейін өзгертпеуі керек. Осы талапты орындау үшін басқару дөңгелектері машинаға бірнеше геометриялық параметрлермен орнатылады және ол параметрлерді жұмыс кезінде үнемі бақылап, алшақтап кетсе қайтадан қалпына келтіріп отырады.

Разные | Просмотров: 1077 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

Рульдiк басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету
Рульдiк басқару арқылы басқаруды қиындатады және қозғалу қауiпсiздiгiне қауiп төндiредi. Рульдiк басқарудың ақауының негiзгi белгiлерi рульдiк дөңгелектiң шамадан тыс бос жүрiсi, рульдiк бiлiктiң тығыз бұрылуы, рульдiк бiлiктiң өсьтiк люфтысы, рульдiк механизмнiң редукторының картерiнен май ағуы, рульдiк басқарудағы дүрсiп. Рульдiк дөңгелектiң шамадан тыс бос жүрiсi (люфт) рульдiк тартқыштың топсалы қосылысының желiнуiнен немесе бекiтудiң босағанынан болады, рульдiк механизмнiң редукторының картерiнiң бекiтуiнiң, рульдiк сошканың немесе маятниктi рычагтың кронштейнның босағанынан, рульдiк механизм редукторының шығыршығымен червягының немесе олардың втулкасiмен подшипнігiнiң желiнуiнен, редуктордың өзiнде реттеудiң бұзылуынан, резинометалды топсалардың бұзылуынан, рейке тiрегiнiң бұрандалығының босағанынан сонымен қатар иiлгiш муфтатың втулкасiнiң желiнуiнен болады.

Разные | Просмотров: 3488 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Рульдiк басқарудың ақаулары
Рульдiк басқарудан автомобильдердiң жұмыс iстеуi ғана емес, сонымен бiрге оларды жұмысқа қосу қауiпсiздiгi де байланысты. Рульдiк басқаруда мынадай ақаулар болған жағдайда автомобильдердi пайдалануға рұқсат етiлмейдi: рульдiк басқарудың тұтылып қалуы, рульдiк доңғалақтың люфтiсiнiң шамадан тыс болуы, рульдiк басқару бөлшектерының көбiрек тозуы, бекiтулерiнiң босап және шплинттiң бұзылуы. Басқарудағы мардымсыз қиыншылықтарының өзi авария жасаудың себебшісi болуы мүмкiн. Егер рульдiк басқару тұтылып қала берсе, жүргiзушi тез шаршайды, ал жол қозғалысы зор ынтаны қажет еткен жағдайда және жоғарғы жылдамдықпен жүргенде соқтығысып немесе бiреудi мерт қылу қаупi туады. Егер червяк подшипниктерiнiң бұзылуы немесе тартқыштың майысуына байланысты, рульдiк басқару тұтылып қалса, онда бұзылған бөлшектерды ауыстыру керек. Рульдiк механизм дұрыс жөнделмеген жағдайда оны реттеу керек. Егер гидрокүшейткiштiң ақауы болса, онда оны жөндеу қажет.

Разные | Просмотров: 1142 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Жеңіл автомобилдердің рульдiк басқарылуы
Қарастырылатын автомобильдердiң рульдiк басқарылуы рульдiк механизмдерден және рульдік жетектерден тұрады. Рульдiк механизм рульдiк дөңгелектен – 10 (2.10-сурет), рульдiк бiлiктен 2 және редуктордан тұрады. Рульдiк жетек рульдiк механизмнен рульдiк дөңгелекке күш жеткiзу үшiн және олардың әртүрлi бұрышқа бұрылуын қамтамасыз етедi. Оған кiретiндер сошка 4, маятниктi тұтқа 11, екi тұтқа 7, көлденең, тартқыш 10, екi шеткi тартқыш 9 және төрт топса 8 әр басқарылатын дөңгелек бұрылыс цапфасының, 12, өсiнде орнатылған. Басқарылатын дөңгелектердiң бұрылуы жүргiзушi рульдiк дөңгелектi 1 бұрғанда iске асады. Одан бұрылу бiлiк 2 арқылы редукторға 3 берiледi ары қарай сошка 4 арқылы рульдiк жетекке. Редуктор рульдiк дөңгелектiң бұрылуын сошка бiлiгiнiң бұрылуына түрлендiредi және бәсеңдетедi, сөйтiп рульдiк дөңгелекке түсетiн күштi азайтады.

Разные | Просмотров: 1376 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

ЖҮК МАШИНАЛАРЫНЫҢ РУЛЬДIК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Рульдiк басқару автомобильдiң алдыңғы доңғалақтарын немесе жартылай рамасын бұру арқылы жүру бағытын өзгертiп отыруға арналған. Рульдiк басқару (1-сурет) рульдiк механизмнен (суретте көрсетiлген) және рульдiк жетектерден тұрады. Рульдiк доңғалақ пен рульдiк механизмнiң өзара орналасуы жағынан қатар немесе бөлек қолданылатын түрлерi болады. Екiншi жағдайда рульдiк доңғалақты басқару рульдiк механизмнiң қосқыш детальдарымен байланысты болады. Әдетте оны гидравликалық күшейткiшi бар рульдiк басқаруда қолданады. Бiрiншi жағдай механикалық күшейткiшi бар рульдiк басқаруда қолданылады.

Разные | Просмотров: 1213 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Рульдік басқару жүйесінің түрлері
Рульдік басқару жүйесі автомобильді бұру тәсіліне, басқару дөңгелегі мен рульдік дөігелектің орналасуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Автомобильді бұру тәсіліне байланысты рульдік басқару жүйесі төрт түрге бөлінеді: бұрылатын басқару дөңгелектерін қолданатын жүйе; ортасынан бұрыла алатын (сынатын) машина тұғырын қолданатын жүйе; бір жақтағы дөңгелектерді жүріс бағытына кері бағытта айналдыруды қолданатын жүйе; бір жақтағы дөңгелектерді тежеуді қолданатын жүйе. Осылардың ішіндегі көп қолдау тапқаны ол басқару дөңгелектерін қолданатын жүйе. Себебі мұндай жүйе жоғарыда айтылған талаптарға толық жауап береді деседе болады. Ортасынан бұрыла алатын машина тұғырын қолданатын жүйе өтімділігі өте жоғары машиналарға қолдануға арналған. Себебі ондай машиналарда диаметрі үлкен дөңгелектер қолданылатындықтан оның бұрылуына өте көп кеңістік қажет, ал ол машинаның сыртқы мөлшерлерін орасан үлкейтіп жіберетіндігі сөзсіз. Дегенмен бұл тәсілді автопоездарда , К-701, Т-150К тракторларында қолданады.

Разные | Просмотров: 4868 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

Басқару жүйесi автомобильдiң жүрiс бағытын басқаруға арналған торап. Ол автомобильдiң негiзгi жауапты тораптарының қатарына жатады. Себебi осы басқару жүйесi автомобильдiң жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн торап. Сондықтанда автомобильдiң басқару жүйесiне өте қатал талаптар қойылады. Автомобильдіі рульдІк басқару жүйесі мынандай қызметтерді бұлжытпай орындауға тиіс. Оныі бiрiншiсi – жүргiзушi рульдiк басқару механизiмен бұрған кезде автомобиль белгiленген қисық сызықты троекториямен бұлжымай жүруi керек. Ал екiншiсi – жүргiзушi рульдiк басқару механизмiне әсер етпеген кезде автомобиль түзу сызықты бағытынан өздiгiнен өзгермей жүрiп отыруға тиiс. Осы қойылған талаптың бiрiншiсi рульдiк бұру механизмiнiң қасиетi мен кинематикасына байланысты болса, екiншiсi басқару дөңгелектерiнiң орналасу геометриясына тәуелдi болады. Осы қызметтерді атқару үшІн автомобильдерде қолданылатын рульдік басқару жүйесіне мына төмендегідей негізгі талаптар қойылады: - автомобильдің бұрылғыштық қасиетін жақсартатын оның бұрылыс радиусы аз болуға тиіс; - автомобильді басқару жеңіл болуы үшін оның рульдік дөңгелегіне түсетін күш неғұрлым аз болуға тиіс; - бұрылыс кезінде басқару дөңгелектері жандық тайғанауға душар болмауы керек; - жол бедеріне байланысты пайда болатын басқару дөңгелектеріндегі ұрылыс күштері жүргізушіге әсер етпеуі тиіс; - жүргізуші рульдік басқару механизмін сезініп отыруы керек, яғни ол үшін сол жүйенің тиімді серпімділік сипаттамасы болуы керек және ондай серпімділік қасиет жүйенің меншікті тербелісін тудырмауға міндетті; - автомобильдің жүріс бөлігімен рульдік басқару жүйесі кинематикалық байланыста болуы керек, олай болмаған жағдайда жүріс бөлігінің аспасы мен дөңгелек майысқан кезде автомобиль өздігінен бұрылып кетуі мүмкін; - басқару дөңгелектерін тұрақтандыратын геометриялық шамаларға рульдік басқару жүйесінің әсері болмауы керек; - бұрылу мөлшеріне байланысты кинематикалық және күштік бақылағыштық қалыптасқан болуы керек, яғни дөңгелек бұрылуына қажетті күш артқан сайын оған рульдік дөңгелектегі куште пропорционал өзгеруге тиіс; - рульдік басқару жүйесінің сенімділігі ең жоғарғы болуы қажет, өйткені оның істен шығуы жол апатына шалдықтыруы мүмкін. Осы жоғарыда қойылған талаптардың орындалуы рульді басқару жүйесінің жұмысына байланысты, ал оның жұмысы ондағы қолданылатын механизмдердің күту дәрежесіне тікелей тәуелді. Ендеше осы жүйені күтіп баптауды үйрену үшін алдымен оның жұмысы мен құрылысын білу қажет.

Разные | Просмотров: 1423 | Добавил: admin | Дата: 25.10.2013 | Комментарии (0)

Автомобильдермен тасымалдау жұмыстарын атқару үшін, олардың техникалық жағдайлары белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек. Керісінше болса, онда автомобильдерді пайдалану мүмкін болмайды. Бұл талап, әсіресеоның басқару жүйелеріне ерекше қойылады,. себебі, ол жол жүру қаупін тудырады. Автокөлік белгілі бір уақыт жұмыс атқарғаннан кейін, оның механизмдері мен бөлшектері тозады, алғашқы өзара әсерлесіп жұмыс істейтін жағдайлары өзгереді, соның салдарынан оларға түсетін күштер көбейеді, үйкелістен тозуы жылдамдайды. Сөйтіп тозған бөлшектің сыныуына алып келіп соқтырады, механизмдері істен шығады. Мұндай жағдай басқару жүйесінде кездесетін болса, онда автомобиль апатқа ұшырауы мүмкін. Мысалы, жүріс бағытын басқаратын рульдік басқару жүйесінің істен шығуы, автомобильдің жүріс жолынан шығып кетуіне душар етеді немесе тежеу жүйесінің істен шығуы, автомобильдің басқарусыз жүруін тудырады. Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету деп оның техникалық жағдайын, қажет болса, сағат сайын қадағалап тұруды айтуға болады.

Разные | Просмотров: 4500 | Добавил: admin | Дата: 25.10.2013 | Комментарии (0)

Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күрделi машиналар қатарына жатады. Өйткенi оның құрамына бiрнеше механизмдер мен жүйелер кiредi және олардың құрылыстары әртүрлi болады. Дегенменде, ондағы негiзгi механизмдер мен жүйелердiң жұмыстары белгiлi бiр принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады. Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.1- суретте, ал жеңiл машиналардiкi 1.2- сурет көрсетiлген. Автомобиль негiзiнен үш бөлiктен тұрады. Олар кузов, двигатель және шасси. Кузов тасылатын жүктi орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктiң түрiне қарай әртүрлi болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрiздi жасалып, жүргiзушi отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңiл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиiстi санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететiн қондырғылар орнатылады.

Разные | Просмотров: 3927 | Добавил: admin | Дата: 25.10.2013 | Комментарии (0)

Автомобильдердiң түрлерi Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлерiне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңiл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлiнедi. Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке-жеке түр-түрге бөлiнедi. Себебi жүк машинасының бiр түрiн жеңiл машинаның сондай бiр түрiмен салыстыруға мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендiрудiң мағнасы келтiрiлген. Жеңiл машиналарды двигателiнiң жұмыс көлемiне (литражы деп атайды) байланысты бiрнеше түрге (класқа) бөледi де соған байланысты оның индексiн белгiлеу маркасына кiргiзедi. Ол мына төмендегiдей: Түрленуi Литражы Индексi Өте жеңiл класс 1,2-ге дейiн 11 Кiшi класс 1,3-1,8 21 Орташа класс 1,9-3,5 31 Жоғарғы класс көрсетiлмейдi 41 Сонымен жеңiл машиналарды түрлендiрiп, олардың маркасын белгiлегенде оның индексi көрсетiледi. Мысалы маркасы ВАЗ – 2106 болса, алдында әрiптермен шығаратын заводтың белгiсi қойылады, сол белгiден кейiн классы индекспен белгiленедi, яғни классы 21 – кiшi класс, ал әрi қарай моделiнiң рет нөмерi келтiрiледi (6-модель). Осылайша жеңiл машиналардаң маркалары арқылы бiраз мағұлмат алуға болады. Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзiнiң бос кезiндегi салмағы мен таситын жүктiң салмағын қосып есептегенде) жетi түрлi класқа бөледi және олардың индексiн 1 ден 7 ге дейiн санмен белгiлейдi. Осыған қосымша жүк машиналары жүк салатын қорабының әртүрлi жүк түрiне қарай, өздiгiнен түсiре алатындығына қарай тағы да бiрнеше түрге бөледi де оны да индекстен кейiн санмен белгiлейдi. Автобустар жалпы ұзындығына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi. Оларға да осы ұзындығына байланысты индекс тағайындайды. Олар: ұзындығы, м: 5-ке 6,0-7,5 8,0-9,5 10,5-16,0 16,5-тен жоғары дейiн индексi: 22 32 42 52 62 Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бiр ерекше қасиеттерiне қарай түрленуi мүмкiн. Бiрақ ондай түрлендiру автомобиль көрсеткiштерiне онша әсер ете қоймайды. Ондай автомобильдердi көбiнесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды. Мысалы өрт сөндiретiн, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстардың бiр түрiн ғана атқаруға арналады.

Разные | Просмотров: 1614 | Добавил: admin | Дата: 25.10.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-53