Главная » Статьи » Разные

В категории материалов: 53
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Топырақты механикалық өңдеу әдістері
Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты – мәдени өсімдіктерден мол түсім алу, яғни ол үшін өсімдіктерге ең қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Топырақты өңдеу кезінде арамшөптер мен зиянды жәндіктер жойылады, өсімдік қалдықтары топырақты терең қабатына көміледі, органикалық тыңайтқыштар мен минералдық тыңайтқыштар топырақпен араласады және топырақта ылғал жинауға жағдай жасалады. Механикалық өңдеудің осындай артықшылығы болғандықтан, мәдени өсімдіктер өсірілетін топырақ міндетті түрде өңделеді. Топырақты механикалық өңдеу тәсілдерін бірнеше түрге бөлуге болады: негізгі өңдеу, арнайы өңдеу, қыртысты өңдеу және эрозияға қарсы өңдеу. Механизациялық негізгі өңдеу үшін 20-35 см тереңдіктегі топырақ қабатын кесіп алып, оны қайтадан аударып, жердің бетіне жатқызады. Бұл кезде топырақтың бет жағындағы арамшөп тұқымдары мен өсімдік қалдықгары аударылып тереңге түседі де астыңғы қабаты үгітіліп жер бетіне шығады. Кейбір жағдайларда (мысалы, топырақтың құнарлы қабаты тайыз болса) топырақты тайыз жыртады да 35-42 см тереңдіктегі төменгі қабатын қопсытады. Мұндай әдіспен өңдегенде топырақтың құнарлы қабаты төменгі құнарсыз қабатпен бірте-бірте араласады, сөйтіп құнарлы қабаттың қалыңдықы жылдан-жылға арта береді. Топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін Т.С.Мальцев ұсынған тәсіл де қолданылады. Ол үшін топырақты аудармай, 35-40 см тереңдікте, қайырмасыз плугтармен қопсытады. Мұндай өңдеуді 5-6 жылда бір рет жүргізеді. Себебі, топырақ жыл сайын 2-25 см тереңдікте қайта-қайта жыртылатындықтан, оның төменгі қабаты тапталып тығыздалады, сөйтіп ол қабаттың өсімдік үшін пайдасы шамалы болып қалады. Мальцев тәсілімен қопсытқан кезде қатты қабат жоғарғы жұмсақ қабатпен араласады да құнарлы қабаттың қуаты арта береді.

Разные | Просмотров: 6041 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Тежеу педалінің толық жүрісі
Тежеу педалінің толық жүрісі педальдің бос жүрісі мен оның жұмыстық жүрісінен құралады. Егер педальдің бос жүрісі оның жеңіл қозғалысымен сипатталатын болса, онда негізгі цилиндрден дөңгелек цилиндрлеріне сұйықтық берумен және қатты серіппені тартумен байланысты жұмыстық жүріс басталғанда педальді қозғалтуға түсірілетін күш тез көбейтіп кетеді. Тежеу педалінің қалыпты жүрісі; ВАЗ автомобильдерінде 140 мм шамасында, «Москвич» автомобилінде 150+5 мм, ЗАЗ автомобилінде 90-95 мм. Тежеуіш педалінің жұмыстық жүрісінің ұзарып кетуі, қоректендіргіш қалбырдағы сұйықтық деңгейінің төмендеп кетуінен; тежеу жүйесінің герметикасының бұзылуы; жүйеге ауаның кіруінен; колодка мен тежеу барабанының арасындағы саңылаудың өсуімен; колодкалардың фрикциялы жапсырмасының көп желінуінен; негізгі тежеу цилиндріндегі резиналы нығыздағыштардың желінуінен болады.

Разные | Просмотров: 904 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Тежеу жүйесіне ТҚ көрсету
Күнделікті жолға шығар алдында сұйықтықтың тамбағанын, тежеудің жүріс кезіндегі әсерін тексеру керек. Жүйеде герметиканың бұзылуына жол беруге болмайды, шұғыл тежегенде ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Толық тежелу педальға бір рет басқанда шамамен жарты жүрісінде іске асуы керек; жүргізуші педальдың жүрісі біткен кезде айтарлықтай кедергіні сезуі керек. Егер кедергі және тежелу педальдың жүрісі кезінде үлкен болса, онда ол тежеуіш механизмдеріндегі саңылаудың үлкейіп кеткенінің белгісі. Егер де педальдың кедергісі әлсіз болса, ол серпіледі және еденге жеңіл қысылады, толық тежелу болмайды, бұл жүйеге ауа кіргенін көрсетеді. Тежелу тез және толық болуы керек, ол тежеу педаліне әсер ету тоқталғаннан кейін автомобильдің жақсы домалуымен анықталады. Тежеудің тораптары мен бөлшектеріне ТК көрсетілген кезде бензин, керосин және басқа органикалық қорытқыштар - олар резинаны бұзады және қатты өткір құралдарды қолдануға болмайды. Спиртке немесе тежеу сұйықтығына малынған таза шүберекті және кесілген шөркені қолдану керек.

Разные | Просмотров: 1781 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Тежеу жүйелерінің ақаулары
Автомобильдер жүргiзу қауiпсiздiгi тежеуiштердiң түзулiгiне және оны шебер пайдалана бiлуге байланысты болады. Пайдалану барысында жиi әрi кенеттен тежеуден аулақ болу керек, өйткенi ол тежеу колодкаларының фрикциялық жапсырма мен тежеуiш барабандарының жылдам тозуына соқтырады. Тежеуiш жүйелерiнiң түрлi ақаулары толық, бiрмезгiлде болмай немесе мүлде тоқтамауына әкеледi. Толық емес тежелу мынадай себептерден болады: гидравликалық және пневматикалық жетектердiң герметикалық болмауы; гидравликалық жетек жүйесiне ауаның енуi, ондағы тежеуiш сұйығының, тежеуiштiң пневматикалық жетегiндегi ауаның жеткiлiксiздiгi, тежеуiш механизмдерiн реттеудiң бұзылуы, тежеуiш колодкалары мен барабандар жапсырмасының тозуы және майлануы. Қосылыстардың герметикалық болмауын гидравликалық жетекте сұйықтың ағуынан немесе двигатель жұмыс iстемей тұрғанда пневматикалық жетектi жүйеде ауа қысымының төмендеуiнен байқауға болады. Ауаның сыртқы шығуын құлақ тосып есiту арқылы немесе сабынды көбiк көмегiмен анықтауға болады, ол үшiн ауа өткiзгiштерiнiң қосылысын сулап тығыз емес жерiн анықтайды. Егер ауа қысымы тек двигатель жұмыс iстеген кезде ғана төмендейтiн болса, онда бұл компрессордың ақаулы екендiгiн көрсетедi.

Разные | Просмотров: 2281 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

Пневматикалық жетектi тежеуiш механизмдерi.
Пневматикалық жетектi тежеуiш жүйесi автомобильдердiң бiрқатарында қолданылады. Ол дөңгелек тежеуiшi механизмдерiнен (тежеуiштер) және пневматикалық жетектен тұрады. Дөңгелек тежеуiш. Автомобильдердiң дөңгелектері пневматикалық жетектi колодкалы тежеуiштермен жабдықталған. Ол жүрiп келе жатқан автомобильдiң жылдамдығын баяулату немесе мүлде тоқтатуға арналады. Жалпы пайдаланылатын жүк автомобильдерiнің дөңгелек тежеуiшi пневматикалық жетегiнiң конструкциясының ешқандай айырмашылығы болмайды.
Пневматикалық жетек. 3.10-суретте автомобильдiң пневматикалық жетегiнiң құрамында бөлiктерiнiң орналасуы көрсетiлген. Пневматикалық жетек дөңгелек тежеуiшi мен әйнек тазалауыштың жұмысын қамтамасыз етедi. Сығылған ауа запасын жасау үшiн ауа баллондары (3) пайдаланылады. Тежеу кезiнде ауа баллоннан камераларға (4 және 9) өтедi де, дөңгелекты тежейдi. Дөңгелекты тракторларда пневматикалық жетек iлiнiстi ажырату механизмiнiң қосымша жұмысын қамтамасыз етедi, ауаны шинаға жел айдау және отын багына май құю үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Разные | Просмотров: 2088 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

Гидравликалық жетектi тежеуiш механизмi.
Гидравликалық жетектi барабанды тежеуiш механизмi автомобильдерде (3.7-сурет) қолданылады. Ол тiрек дискiсiне (2) орнатылған екi колодкадан (13), доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнен (3), тiрек саусақтарынан және реттеуiш эксцентриктен тұрады. Колодканың сыртқы бетiне фрикциялық жапсырма тойтарылған. Алдыңғы жапсырма артындағысына қарағанда ұзындау, өйткенi тежеген кезде ол доңғалақтың тежеуiш барабанына үлкен күшпен қысылады. Бұл оның бiркелкi тозуын қамтамасыз етеледi. Колодкалар бiр-бiрiмен серiппе арқылы тартылған. Олардың төменгi шеттерi тiрек саусақтарына (11) кигiзiлген эксцентриктiң шайбасына, ал жоғарғысы – доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнiң поршень сухариктерiне терiледi. Колодка мен доңғалақтың тежеуiш барабаны арасындағы саңылау тiрек дискiсiндегi колодка астына орналасқан эксцентрик (1) көмегiмен ретке келтiрiледi.

Разные | Просмотров: 1886 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Тұру тежеуiшi.
Автомобильдердiң қозғалыс жылдамдығын баяулату, жүрiсiн тоқтату және қозғалмайтын қалыпта ұстау үшiн олар тежеуiш жүйелерiмен жабдықталады. Тежеуiш жүйелерiнiң мынадай түрлерi болады: машина қозғалысының жылдамдығын реттеуге және оны жайлап тоқтатуға қажеттi жұмыстық тежеуiшi, машина еңiске жүргенде оны ұстап тұруға арналған тұру тежеуiшi мен кiлт бұрылысын жүзеге асыратын тежеуiш. Тежеуiш жүйесi тежеуiш механизмiнен және оның жетегiнен тұрады. Т е ж е у i ш м е х а н и з м i автомобиль қозғалысына өздiгiнен кедергi жасау үшiн қызмет етедi. Фрикциялық тежеуiш кеңiнен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын бөлшектер аралығындағы үйкелiс күшi есебiнен жасалады. Фракциялық тежеуiш барабанды, шкивтi және дискiлi болып келуi мүмкiн. Барабанды тежеуiшiнде үйкелiс күшi айналыстың цилиндр бетiнде, шкивтiде – сыртқы, ал дискiлiде – айналмалы дискiнiң бүйiр бетiнде пайда болады.

Разные | Просмотров: 837 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Тежеуiш түрлерi. Тұру тежеуiшi.
Автомобильдердiң қозғалыс жылдамдығын баяулату, жүрiсiн тоқтату және қозғалмайтын қалыпта ұстау үшiн олар тежеуiш жүйелерiмен жабдықталады. Тежеуiш жүйелерiнiң мынадай түрлерi болады: машина қозғалысының жылдамдығын реттеуге және оны жайлап тоқтатуға қажеттi жұмыстық тежеуiшi, машина еңiске жүргенде оны ұстап тұруға арналған тұру тежеуiшi мен кiлт бұрылысын жүзеге асыратын тежеуiш. Тежеуiш жүйесi тежеуiш механизмiнен және оның жетегiнен тұрады. Т е ж е у i ш м е х а н и з м i автомобиль қозғалысына өздiгiнен кедергi жасау үшiн қызмет етедi. Фрикциялық тежеуiш кеңiнен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын бөлшектер аралығындағы үйкелiс күшi есебiнен жасалады. Фракциялық тежеуiш барабанды, шкивтi және дискiлi болып келуi мүмкiн. Барабанды тежеуiшiнде үйкелiс күшi айналыстың цилиндр бетiнде, шкивтiде – сыртқы, ал дискiлiде – айналмалы дискiнiң бүйiр бетiнде пайда болады. Орнатылу бойынша доңғалақ және орталық (трансмиссиялы) тежеуiштер болып бөлiнедi. Оның бiрiншiсi доңғалақтың күпшегiне, ал екiншiсi – трансмиссияның бiлiктерiнiң бiрiне әсер етедi. Доңғалақ тежеуiшi жұмыстық тежеуiш жүйесiнде қолданылады.

Разные | Просмотров: 2813 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (0)

Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы
Тежегiш жүйенiң құрылысы негiзiнен екi тораптан тұрады: бiрiншiсi тежегiш торап, екiншiсi оның жетегi. Тежегiш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискiлi болып екiге бөлiнедi, ал жетек торабының құрылысына қарай гидравликалық немесе пневматикалық жетек болып бөлiнедi. Ендi төменде солардың бiр түрiн қарастырып, басқаларының ерекшелiктерiне тоқталамыз. 3.3-суретте гидравликалық жетегi бар колодкалы тежеу механизмiнiң құрылысы көрсетiлген. Мұндай жүйе автомобильдiң әрбiр жүрiс дөңгелектерiнде қойылған колодкалы тежегiш қондырғылар (4) мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргiзушi педалiнен (1), басты гидроцилиндрден (2), таратқыштан (3), вакуумдық күшейткiштен (5) және керi клапаннан (6) құралады.

Разные | Просмотров: 4489 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

АВТОМОБИЛЬДІҢ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ
Автомобильдiң тежеу жүйесi, басқару жүйесi сияқты, негiзгi бiр жүйелердiң қатарына жатады. Себебi автомобильдiң жүрiс қауiпсiздiгi, динамикалық сипаттамасы т.с.с. көптеген көрсеткiштерi осы тежеу жүйесiнiң қызметiне көп байланысты. Жалпы автомобильдi тежеу дегенiмiз оның массасының кинетикалық энергиясын тежеу түрiне қарай азайту немесе мүлде жою болып табылады. Ал автомобильдердi тежеудiң екi түрi болады: бiрi қызметтiк тежеу, екiншiсi авариялық тежеу. Автомобильдi қызметтiк тежеу кезiнде оның жүрiс жылдамдығы белгiлi бiр шамаға дейiн азайтылады, ал авариялық тежеу кезiнде автомобильдiң жүрiс жылдамдығын нольге дейiн жеткiзiп, оны тоқтатады. Қызметтiк тежеу кезiнде тежеу жүйесiнен басқа двигательдiң де кедергiсiн пайдалануға болады. Оны двигательмен тежеу деп атайды. Ол кезде жүрiс жылдамдығының төмендеуi өте баяу болады. Ал авариялық тежеу үшiн тек қана тежегiш жүйенi пайдаланады.

Разные | Просмотров: 6700 | Добавил: admin_ | Дата: 26.10.2013 | Комментарии (1)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-53