Главная » Статьи » Разные

В категории материалов: 53
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Тыңайтқыш шашу технологиясы
Тыңайтқыш түрлері және себу әдістері. Ауыл шаруашылығында негізінен екі түрлі тыңайтқыш органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарға малдың қиы, торф жатады. Оларды жергілікті жерде шаруашылықтың өздері дайындайды. Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде және сұйық түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштарға түйіршіктелген суперфосфат, фосфорит ұны, аммиак селитрасы, калий тұздары жатады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады. Оған әртүрлі известь тектес материалдар жатады. Тыңайтқыштарды екі түрлі мақсат үшін қолданады: біріншісі - топырақ құрылысын жақсартып, оның құнарлылығын арттыру үшін көбінесе известь тектес материалдарды пайдаланады. Сор басып кеткен жерлерге жылма-жыл известь шашып, оны топырақпен араластырады. Ондай топырақ бірте-бірте құнарлы топыраққа айналады.

Разные | Просмотров: 4222 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Көшет отырғызу технологиясы
Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер. Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады.

Разные | Просмотров: 5303 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (1)

Картоп отырғызу технологиясы
Картопты екі түрлі әдіспен: шаршы ұялап және бір-бірлеп отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. Қазіргі өндірістен шығатын картоп отырғызғыштар картоптың қатар аралығын 60, 70 және 90 см етіп отырғызады. Картоп отырғызғыштың технологиялық схемасы 3.8.-суретте көрсетілген. Картоп отырғызғыш мынандай негізгі бөліктерден тұрады: шанақ 1, қозғағышы 11, сіліккіші 12 бар қоректендіргіш 10, шөміштер бекітілген отырғызғыш аппарат 3, сошник 5, көмгіш 6, тыңайтқыш себетін аппарат 4 және беріліс механизмдері. Кейбір картоп отырғызатын машиналар органикалық тыңайтқыштар себетін Ау-4 қондырғысымен жабдықталады. Ол картоп отырғызғыштың артына тіркеледі.

Разные | Просмотров: 5057 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (1)

Себу технологиясына байланысты сеялка тетіктерін реттеу
Сырттай қарап тексеру. Сырттай қарап тексергенде мына механизмдерге: катушкалы себу аппараты, сошниктер, тұқым түтіктері, тұқым науасы, көтергіш және беріліс механизмдерге көңіл бөлінеді. Катушкалы себу аппаратының білігі түзу болуы керек. Қисайған білік подшипниктердің үйкелісін арттырады. Катушка бетінде сынық және өткір қырлар болса, тұқымды жарып ұсақтайды. Катушка кіріп тұратын шайба өз орнында бос айналатындығы тексеріледі. Катушка білікпен бірге көлденең бағытта жеңіл қозғалуға тиіс. Себу аппараттарының қорабына кіріп тұрған катушка ұзындығы бірдей болмаса, себу аппаратының әрқайсысы тұқымды бірдей сеппейді. Осындай кемшіліктер болмас үшін, барлық катушканың қорапқа кіріп тұрған ұзындығы бірдей болатындай етіп, себу аппаратының корабын тиісті жағына жылжытады. Жылжытуға мүмкіндік болу үшін себу аппаратының тұқым ыдысына бекітілген жерінде ұзынша тесік жасалған. Себу аппаратының қорабын жылжытудан бұрын катушка мен муфтаның арасындағы саңылауды тексереді. Сөл саңылау мөлшердегіден көп болған жағдайда да катушкалардың ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін. Егер катушка мен муфтаның арасындары саңылау 0,5 миллиметрден артық болса, компенсаторды (коронды шайбаны) бұрыш, шплинтті жоғарғы тісінің тұсына келтіреді.

Разные | Просмотров: 1070 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Қатарлап егетін сеялкалардың жұмыс технологиясы
Сеялкалардың құрылысы және жұмыс технологиясы алуан түрлі егу жұмыстарын атқарғанымен, олардың бәрінің негізгі жұмыс принципінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сеялкалардың атқаратын жұмысына байланысты жұмысшы мүшелері және қосымша мүшелері деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Жұмысшы мүшелері тікелей технологиялық жұмыстарды атқарады да, қосымша мүшелері сол жұмысшы мүшелерге қызмет етеді. Сеялкалардың негізгі жұмысшы мүшелеріне жататындар: тұқым салатын ыдыс, себу аппараты, тұқым өткізгіш, сошник, тұқым жасырғыш. Бұлардың өздері сеялка түріне қарай әралуан болады. Ал қосымша мүшелеріне жататындар: рама, тіркемелі немесе аспалы жүйе, сеялканы жол жүру қалпына келтіруші автомат немесе гидроцилиндрі бар рычагты жүйе, жүріс дөңгелектер, себу аппаратын жүргізетін беріліс механизмі. Бұл мүшелердің құрылысы да әртүрлі болады.

Разные | Просмотров: 1989 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Тұқым себу және отырғызу әдістері
Дақылдардан алынатын өнімнің саны мен сапасы ол дақылдардың қандай әдіспен себілгендігіне тікелей байланысты. Себебі әрбір өсімдіктің қоректенетін жер көлемі себу тәсілдеріне қарай өзгереді, ал қоректенетін жер көлемінің шамасына байланысты өсімдіктің өсіп дамуы әртүрлі болады. Сол сияқты себу тәсілдері тұқым мен еңбек шығынына және өнімнің өзіндік құнына да әсер етеді. Сондықтан да себетін дақыл түріне байланысты себу әдістері мен оларға керекті машина түрін таңдап алудың маңызы зор. Төменде соларға тоқталамыз. Тұқымды себу мен отырғызудың мынандай түрлері болады: қатарлап егу, тар қатарлап егу, айқас егу, кең қатарлап егу, ленталап егу, шаршы-ұялы егу, ұялап егу, дәл нүктелеп егу, қатарсыз егу және шашып егу әдістері. Бұл әдістердің өзіндік артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Олардың қайсысын таңдау дақыл түріне және жер жағдайларына байланысты болады. Қатарлап егу астық тұқымдары үшін қолданылады. Бұл тәсілмен сепкен кезде тұқым бір қатарда 4-8 см тереңдікте орналасады, ал қатарлардың ара қашықтығы 15 см болады. Қатарлап егілген тұқымдардың қатар аралығы белгілі (15 см) болғанымен, бір қатарда орналасқан тұқымдардың ара қашықтығы әртүрлі болады. Ол – осы әдістің негізгі кемшілігі болып табылады, себебі мұндағы әрбір өсімдікті қоректендіретін жер көлемі бірдей емес.

Разные | Просмотров: 4669 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Өсімдік аралығындағы жер бетін өңдеу технологиясы
Өсімдік қатар аралығын өңдеу үшін де әртүрлі культиваторлар қолданылады. Қатар аралықты өндейтін культиваторлар шаршы ұялап және кең қатарлы етіп егілген өсімдіктерді күту үшін колданылады. Қатар аралықты өңдейтін культиваторлардың да көптеген маркасы бар. Олардың атқаратын жұмысы мен негізгі жұмысшы мүшелерінде басқа культиваторлардан айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек жұмысшы алымында. Жұмыс кезінде культиваторларды жұмысшы алымы бойынша пайдаланады. Өсімдік тұқымын еккен сеялканың жұмысшы алымы қандай болса, культиватордың да жұмысшы алымы сондай болғаны жөн. Егер жүгері алты қатарлы сеялка СКНК-6 мен себілсе, онда қатар аралықты өңдеу үшін КРН-4,2 культиваторын қолдану керек. Картоп СН-4Б отырғызғышымен егілсе, оның қатар аралығын КОН-2,8 культиваторымен өңдейді. Культиваторды осылайша пайдаланудың негізгі себебі мынау: сеялканың бір жүріп өткендегі жұмысшы алымын культиватор бір жүріп өткенде толық өңдеу керек. Егер сеялка алты қатарлы, культиватор төрт қатарлы болса, онда қалған екі қатар культиватордың келесі жүрісінде өнделеді.

Разные | Просмотров: 1171 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Жер бетін тұтас өңдеу технологиясы
Жер беті жұмыс жағдайына байланысты әртүрлі мақсат үшін өңделеді. Сол кезде атқарылатын жұмыстарға жер бетінде пайда болған қабыршықтарды бұзып, сол арқылы топырақ бойындақы ылғалды сақтап қалу, өсіп шыққан арам шөптерді отап жою, топырақгың таяз қабатын аударып, қопсыту сияқты жұмыстар жатады. Осыдан көрініп тұрғандай, бұл кезде атқарылатын жұмыс түріне қарай орындалу технологиясы да әртүрлі болмақ. Олай болса сол топырақ өңдеу технологиясын іске асыратын машиналар мен олардың жұмысшы мүшелері де алуан түрлі болады. Сонымен жер бетін тұтас өңдеу үшін қазіргі кездерде культиваторларды, тырмаларды және сыдыра жыртқыштарды пайдаланады. Енді төменде солардың атқаратын жұмыстары мен жұмыс технологияларын реттеуді қарастырамыз.

Разные | Просмотров: 2055 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Плугтың технологиялық процесін реттеу
Плугтың жұмысшы мүшелерін бекіту. Шолақ түренді (1.З.-сурет) плугке мынандай ретпен бекітеді. 1. Шолақ түрен жұмыс кезінде 10 см тереңдіктегі топырақ қабатын аударуы керек. Сондықтан да ол негізгі корпустан а – 10 см биіктікке бекітіледі (берілген тереңдік). Бұл шаманы негізгі корпус түренінің ұшынан шолақ түрен ұшына дейін тік бағытта өлшейді. Көрсетілген шамаға дәл келмесе, шолақ түренді рама бойында жылжытады. 2. Шолақ түренді негізгі корпустың 25-30 см алдында бекіту керек. Бұл қашықтықты түрен ұштарынан өлшейді. Дәл болмаған жағдайда шолақ түренді рама бойымен жылжытады. Егер шолақ түрен мен негізгі корпус аралығы 25 см шамасынан кем болса, жұмыс кезінде екеуінің арасына топырақ тұрып қалады. Ал шолақ түрен 30 см шамасынан алыс бекітілсе, оның аударған топырағы алдындағы басқа корпусқа ұрылады да аударылып, алғашқы қалпына келеді. Сөйтіп жер жырту технологиясы бұзылады.

Разные | Просмотров: 979 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Топырақты негізгі өңдеудің технологиясы.
Жер жыртудың түрлері. Жер қыртысын қайырмалы плугтармен жыртудың негізінен мынандай екі түрі бар: аударып жырту және текшелеп жырту. Жыртудың мұндай түрлерін қолдану өңделетін жердің физикалық-механикалық қасиетіне байланысты. Жер қыртысының физикалық-механикалық қасиетіне топырақ құрамындағы өсімдік тамыр мен сабақ қалдықтары, осы қалдықтарға байланысты беріктігі және оны ұсақтауға керекті энергия шамасы, т.с.с. жатады. Осындай қасиеттеріне байланысты жер қыртысын тың және тыңайған, мәдени, сортаң жерлер деп бөледі. Осыған қосымша құнарлы қабаттың қалыңдығына байланысты құнарлы немесе құнарсыз топырақтар деп те бөледі. Тың және тыңайған, немесе мәдени топырақтың қыртысын аударып жыртады, ал сор басқан топырақтың құнарлы қабатын қалыңдату үшін текшелеп жыртады.

Разные | Просмотров: 2562 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-53