Главная » Статьи » Разные

В категории материалов: 53
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Tоңазыту машиналары

Сырттан келтірілген энергия арқылы жасанды салқындату (суыту) процесін тоңазыту машинасы жүзеге асырады. Ол компрессорлық, жылулық, термоэлектрлік болып бөлінеді.

·   Компрессорлық тоңазыту машинасының жұмысы газды немесе буды сығымдау арқылы температураны өзгерту процесіне, жылулық тоңазыту машинасы жылу энергиясына негізделген.

·   Термоэлектрлік тоңазыту машинасында тоңазыту процесі Пельте эффектісіне негізделген. Тоңазыту машиналарындағы сығу процесі тоңазыту агенттерінің көмегімен атқарылады. Фреондараммиаккөмірсутектер (пропанэтанэтилен), аммиактың судағы ерітінділері, бромды литий, су буы тоңазыту агенттері қызметін атқарады. Қазіргі кезде мұздату камерасының сыртында пайда болған мұзды автоматты түрде ерітетін құ-рылғысы бар екі камералы Тоңазытқыштар кеңінен қолданылады


Разные | Просмотров: 2735 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Тоңазытқыштардың типтері

 

Азық-түлік сапасын жоғары деңгейде сақтау үшін міндетті түрде үздіксіз тоңазыту жүйесін жасау қажет, себебі ол азық-түлікті өндіру немесе дайындау кезінен оны қолданғанға дейін төменгі температураны сақтауды қамтамасыз етеді.

Еліміздің әр түрлі аудандарында орнатылган тоңазытқыштар үздіксіз тоңазытқыш жүйесінің тар звеносы болып табылады, олардың арасындағы байланысты тоңазытқыш көлігі жасайды. Тоңазытқыштар белгіленуіне қарай мынандай типтерге бөлінеді: өндірістік, дайындағыш, бөлгіш, сауда, алғашқы және көлікті.


Разные | Просмотров: 1772 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Комбайн молотилкасының жұмыс технологиясы
Комбайнның негізгі бөлігі молотилка болып табылады. Молотилка мынандай негізгі үш бөліктен тұрады: бастырушы аппарат, сабан сіліккіш және електі тазалағыш. Сол механизмдердің көмегімен молотилка астықтарды, дәнді сабан-топаннан тазартады. Тазартылған дән шанаққа, сабан-топан шөмелелегішке жиналады. Жоғарыда аталған механизмдердің жұмысы өзара тығыз байланысты. Егер бұлардың біреуінің механизмі бұзылса, басқаларының жұмыс сапасы нашарлайды. Бастырушы аппарат жаткадан келген астықты бастырады. Бастыру дегеніміз – масақты үгітіп, дәнді одан бөліп алу. Дәнді масақтан ажыратып бөлу үшін негізінен барабанды аппарат қолданылады. Барабанды бастырушы аппараттардан басқа бастырушы аппараттардың бірнеше түрі бар. Олар қазір ғылыми түрғыдан зерттелу үстінде, сондықтан шаруашылықтарда әлі де кең көлемде қолданыла қойған жоқ. Барабанды бастырушы аппараттар екі түрлі болады: тісті және ұрмалы. Тісті барабанды аппарат ұрма барабанды аппаратқа қарағанда ылғалды астықты жақсы бастырады. Бірақ тісті барабанды аппарат ұрмалы аппаратқа қарағанда дәнді көбірек шағады және сабанды өте ұсақтап жібереді. Ұсақталған сабаннан дәнді ажыратып бөлу қиын. Ұрмалы барабанды аппаратпен, тісті аппаратқа қарағанда, астықтың әр түрін бастыруға болады. Онда барабан астына торлы дека қойылғандықтан бастыру кезінде бөлінген дән сабан сіліккішке бармай-ақ, деканың торы арқылы өтіп бірден тазалағышқа барады. Сөйтіп сабан сіліккіштің жұмысын жеңілдетеді. Ал тісті барабандарға мұндай дека қойылмайды, себебі оларңа да тістер бекітіледі. Декасының тесіктері жоқ, бітеу болғандықтан бөлінген дәндердің барлығы сабан сіліккішке барып, сонда бөлініп шығады. Бұл оның жұмысын ауырлатады.

Разные | Просмотров: 2236 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Десте қабылдағыштың жұмыс технологиясы
Десте қабылдағыштар дестелі жаткамен салынған дестелерді көтеріп, комбайн жаткасының шнегіне беру қызметін атқарады. Мұндай десте қабылдағыштардың екі түрі болады: барабанды және тасымалдағышты. Олардың негізгі жұмысшы мүшелері тістер мен саусақтардан құралады. Барабанға тістер бекітіледі де саусақтар тасымалдағыштың белдіктеріне бекітіледі. Барабанды десте қабылдағыштардың жұмысы тындырымды болады. Себебі серіппелі саусақтар көтеруге қиын дестелерді ала-алады. Бірақ олар тез үгітіліп кететін астықтарда (бұршақ дәнді дақылдар мен шөп тұқымдары) нашар жұмыс істейді. Мұндай дақылдарды комбайн жаткасына орнатылған маталы-планкалы десте қабылдағыштармен жинайды. Бұл жағдайда қалбағай мен кескіш аппарат қолданылмайды. Шнек пен қалғымалы тасымалдағыш ғана жұмыс істейді. Десте қабылдағыштың жұмысшы мүшелері жатканың жетегі арқылы қозғалыс алады.

Разные | Просмотров: 1070 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Жатканың жұмыс технологиясы
Жоғарыда айтылғандай, жатқаның екі түрі бар: комбайн жаткасы және дестелік жатка. Олардың көптеген механизмдері бірдей болады. Сондықтан комбайн жаткасына тоқталып, дестелік жатканың ерекшеліктерін ғана атап өтеміз. Комбайн жатка бөлігі мынадай тораптардан тұрады (3.22.-сурет): А – жатка, В – аралық қондырғы, С – көлбеу камерасы. Осы тораптарда мынандай механизмдер орналасқан: қалбағай, кескіш аппарат, тасымалдаушы механизм, көлбеу транспортер, беріліс механизмдері және теңестіруші механизмдер. Бұлардың барлығы жатка қорабына бекітіледі, ал жатка қорабы көлбеу камера мен теңестіргіш механизм арқылы молотилка қорабына бекітіледі. Қалбағай орылатын астық сабақтарын кескіш аппаратқа жақындатып ұстап тұрады, кесіліп орылғаннан кейін ары қарай тасымалдаушы механизмге жеткізеді.

Разные | Просмотров: 2369 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Астық жинау технологиясы
Астық өнімін жинау – аса жауапты науқан. Жиналатын өнімнің сапасы мен мөлшері жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көп байланысты. Сондықтан астық өнімін жинауға қойылатын негізгі талап еңбекті аз жұмсап, өнім сапасын төмендетпей, ысырапсыз жинап алу. Ал өнімнің сапасы және оның ысырапсыз жиналуы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың негізгісі – жинау технологиясы. Жинау технологиясын жиналатын астық тғріне, жер жағдайына және өнімділігіне байланысты дұрыс ұйымдастырғанда ғана жоғарыдағы талаптар орындалады. Астық өнімін жинау үшін мынандай жұмыстар атқарылуы тиіс: өсімдік сабағын ору, орылған сабақтар мен масақтарды бастырғыш аппаратқа жеткізу, бастырғыш аппаратпен бастырып дәнді бөлу, оларды топан мен сабаннан тазарту, тазаланған дәндерді шанаққа жинау және сабан мен топан қоспасын шөмелеге салу. Осы аталған жұмыстарды орындайтын машиналар астық комбайндары. Комбайндар ауыл шаруашылық машиналары ішіндегі ең күрделі машина болып саналады.

Разные | Просмотров: 6158 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Жүгері жинау технологиясы
Жүгері жинауды бірнеше технологиялық әдіспен жүргізеді. Ол әдіс жүгерінің қандай мақсат үшін пайдаланатындығына байланысты. Егер жүгері мал азығы үшін жиналатын болса, онда оны піспей тұрған көк балауса кезінде сүрлем комбайнымен орып, сабағы мен собығын тұтас ұсақтап турайды да сүрлемге салады.Ал егер жүгеріні дән үшін жинайтын болса, онда оны толық піскеннен кейін жүгері комбайнымен жинайды, ал комбайн жүгері сабақтарын сүрлемге турап, собықтарын бөліп алады да сыртындағы орамдарынан тазартады. Тазаланған собықтарды арнаулы молотилкаларда бастырып дән алады. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде астық комбайндарын да қолдануға болады. Ол үшін комбайнға арнаулы жүгері жинайтын кондырры орнатылады. Ондай қондырғымен жабдықталған комбайндар собықты бөліп, дәнге бастырып, бірден тазалап шығарады. Сүрлем дайындауға байланысты технологиялық жұмыстарды сүрлем комбайндары атқарады. Олар жиналатын дақылдың сабақтарын орады, турайды және ұсақталған массаны көлікке тиейді. Осы сүрлем комбайндарының КС-2,6; КСГ-3,2; КС-1,8 сияқты маркалары және арнаулы жүгері жинайтын қондырғымен жабдықталған астық комбайндары қолданылады.

Разные | Просмотров: 3619 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Шөп шөмелегіштің жұмыс технологиясы
Орылған шөпті жалдардан жинап шөмелелеу үшін жинағыш-шөмелелегіш машиналар қолданылады. Жинағыш-шөмелегіш машинасы барабан типтес жинағыштан, көлбеу орнатылған элеватордан, жиналған шөпті түсіріп қалдыруға арналған механизмнен және жүру дөңгелектерінен тұрады. Машинаның жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен, тісті және шынжырлы берілістер арқылы іске қосылады. Серіппелі саусақтары бар жинағыш механизм екі тірек табанға сүйенген бүйірге орнатылған. Бүйірге орнатылған подшипниктерде білік айналып тұрады. Оған серіппелі саусақтары бар штангалар табақтар арқылы орналастырылған. Штангалардың бір басындағы кривошипте орналасқан өз осінде бос айналатын, роликтер арнаулы жолмен қозғалады. Осы жолдың бағытына қарай серіппелі саусақтар өз жағдайын өзгертіп отырады. Саусақтар жерден шөпті көтеріп жинағыштың үстіне жеткізгенше штанганың ролигі арнаулы жолда шеңбер бойымен жүреді де одан кейін роликтер басқаша жолға түсіп, штанганы бұрады. Бұл кезде серіппелі саусақтар, шөпті өзімен бірге алып кетпейтіндей болып, қалақтардың арасына сүңгиді. Ал шөп қалақтардан жылжып элеваторға келеді.

Разные | Просмотров: 1035 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Шөп тырмаларының жұмыс технологиясы
Шабылған шөпті шамалы күн кептіргеннен кейін жинау үшін тырмалар пайдаланылады. Олар атқаратын қызметіне және құрылысына қарай бүйір тырма, көлденең тырма болып бөлінеді. Бүйір тырмалардың өзі барабанды және дөңгелек саусақты болып жіктеледі. Көлденең шөп тырмасы көлемді үлкен шабындықгарда шабылған шөпті тырмалап, жалға жиюға арналған. Оның негізгі тораптары мен механизмдері: рама, тістер бекітілген бұрыштамалар, жүріс дөңгелектері, автоматты көтеру механизмі. Тырмалау аппараты тістер бекітілетін бұрыштамалардан, тазалаушы сымдардан құралады. Тырманың бүкіл ұзындығы бойынша жер бедеріне икемді жұмыс істеу үшін тырмалау аппараты үш бөлімнен құралған. Осы бөлімдерді өзара жалғастыратын топсалар шеткі бөлімдерін көлденең бағытта бұруға мүмкіндік береді.

Разные | Просмотров: 1296 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

Шөп шабатын машиналардың жұмыс технологиясы
Шөп шабатын машиналар табиғи шөптерді, бір жылдық және көпжылдық екпе шөптерді орып дестелеуге арналған. Олар тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы болып жасалынады. Шөп шабатын машинаның негізгі жұмысшы мүшесі - оның кескіш аппараты (3.15.-сурет). Ол саусақты брустан 5 және ілгері кейін қозғалып тұратын шалғыдан тұрады. Шыңдалғыш шойыннан жасалған саусақтар болат брусқа болт арқылы бекітіледі. Саусақтың ішкі бетіне тойтармалы шеге арқылы қарсы кескіш шастинка 7 бекітілген. Шалғы арқалықтан 8 (көлденең қимасы 20x5 мм) және оған тойтармалы шегемен бекітілген сегменттерден 2 тұрады.

Разные | Просмотров: 2060 | Добавил: admin_ | Дата: 27.10.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-53