Главная » Файлы » Книги

Әзілхан Нұршайықов Махаббат, қызық мол жылдар
30.11.2013, 00:40
Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы)) – ҚР халық жазушысы.Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.МәметоваЫ.СүлейменовТ.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар” романы мен "Ескі дәптер”, "Әсем”, "Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы "Ақиқат пен аңыз” романы мен "Тоғыз толғау”, "Махаббат жыры”, "Ғажап адам”, "Невель түбінде”, "Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың "Адам тағдыры”,П.Павленконың "Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның "Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, "Құрмет белгісі”, "Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

         


     Жүктеу
Категория: Книги | Добавил: admin_ | Теги: Махаббат, қызық мол жылдар оқу, қызық мол жылдар қазақша кітап жүкт, Әзілхан Нұршайықов Махаббат
Просмотров: 7210 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.3/7
Всего комментариев: 2
2 Нурсултан   (10.12.2014 12:24)
)))

1 махабат кызык мол жылдар   (13.11.2014 00:00)
Махаббат кызык мол жылдар

Имя *:
Email:
Код *: