Главная » Файлы » Книги

Сәбит Мұқанов "Өмір мектебі"
30.11.2013, 00:53

Өмір мектебі - жазушы Сәбит Мұқановтың 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген 3-томдық мемуарлық романы.

  • 1-кітабы «Азапты жолда»,
  • 2-кітабы «Азаттық жолда»,
  • 3-кітабы «Есею жылдары» деп аталады.

Әр кітаптың көлемі 27,32 баспа табақ. Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған.

Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашкы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Онда Қазақстан өміріне қатысты сол кезеңдегі қайраткерлердің (С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев, А.Асылбеков, Ж.Сәдуакасов, О.Жандосов, О.Исаев) еңбегі сөз болады. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды.


         


     Жүктеу
Категория: Книги | Добавил: admin_ | Теги: Өмір мектебі қазақша кітап жүктеу, Сәбит Мұқанов Өмір мектебі жүктеу
Просмотров: 4789 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.8/5
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: