Главная » Файлы » Книги

Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні»
30.11.2013, 00:26
«Қорғансыздың күнінде» Мұхтар Омарханұлының төл асыл сөзі көрінеді. Күшікбай батыр туралы аңызды айтқанда, қазақтың бабалары осындай болған, өлейін деп жатса да елінің намысын қорғап, жанкештілікпен қаза тапқан дегенді меңзейді. Ал сондай батырдың моласы жатқан жерде осындай оқиға орын алды деп, екі дүниені шендестіре суреттейді. Қазіргі тіршілік шыныменде қорғансыздардың күні. 1921 жылы жарық көрген дүние, сол жылы Мұхтар Омарханұлы қазақ әдебиеті тарихын жазып жатқан. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақала жазған. Сонда жазушы Мұхтар Әуезов, «Қорғансыздың күнін» жазып отырған жазушы, не жазғанын өзі анық біліп отыр. Күшікбай батыр бабамыз сияқты елдің намысын, абыройын қорғаған жерде бүгін қорғансыздардың күні қалай болып жатыр? Әңгіменің «Қорғансыздың күні» деп аталуы да тегін емес. Келтірілген мәтіндерде қазақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани жағдайы қыл үстінде тұрғаны бейнеленген, қазақ қорғансыз болып тұрған кез ол. Кеңес өкіметі келіп жатыр, бұрынғы текті бабаларымыздың тарихы жойылып жатыр. Хандық жойылды, одан кейін тіпті Абайдың аты аталмау керек. Текті тарихты алып қалу үшін Күшікбай батыр туралы аңыз келтіріледі де, «содан кейінгі қазақтың атқамінерлері кім еді?» деген сұраққа жауап ізделеді. Мұхтар Әуезов бейнелеген замана шындығы қандай болды? Өз билігі өзінің қолынан кеткен ел иесіз қалғандай болмады ма? Бұл мәтіндерден тарихи мағлұмат та ала аламыз. Классикалық әдебиеттің негізгі қажеттілігі осындайдан.


            Жүктеу
Категория: Книги | Добавил: admin_ | Теги: Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» қ, Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» о
Просмотров: 2939 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: