Главная » Файлы » Книги

В категории материалов: 11
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Өмір мектебі - жазушы Сәбит Мұқановтың 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген 3-томдық мемуарлық романы.

  • 1-кітабы «Азапты жолда»,
  • 2-кітабы «Азаттық жолда»,
  • 3-кітабы «Есею жылдары» деп аталады.

Әр кітаптың көлемі 27,32 баспа табақ. Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған.

Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашкы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Онда Қазақстан өміріне қатысты сол кезеңдегі қайраткерлердің (С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев, А.Асылбеков, Ж.Сәдуакасов, О.Жандосов, О.Исаев) еңбегі сөз болады. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды.


         
Книги | Просмотров: 4834 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (1)

С.Мұқанов "Мөлдір махаббат" 
ӨМІРХАН ӘБДІМАНОВ, Ф.Ғ.Д., ПРОФЕССОР: 
С.Мұқанов шығармаларын мен мәңгілік шығармалар деп есептеймін. Өйткені бұл қазақтың екі ғасыр тоғысындағы тарихын толығынан жазып шығуы. Қазақ тұрмысын 19 ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы, ХХ ғасырдың ортасында қазақ деген халық қалай өмір сүрді, қазақ деген халық несімен керемет, қазақ деген халық қандай руханияттық биіктерге жетті? Осыны көргісі келсе Сәбиттің шығармаларынан көреді. Өмір мектебі, «Жұмбақ жалау», «Адасқандар», бұлар қазақ әдебиетінде өзіндік болмысымен, көркемдік ізденістерімен, жазушының қолтаңбасымен қалатын, қазақ тарихынан сызылмайтын шығармалар.

         
Книги | Просмотров: 3692 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (1)

"Менің атым Қожа" - 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы. Авторы Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

         
Книги | Просмотров: 3514 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (2)

Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы)) – ҚР халық жазушысы.Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.МәметоваЫ.СүлейменовТ.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар” романы мен "Ескі дәптер”, "Әсем”, "Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы "Ақиқат пен аңыз” романы мен "Тоғыз толғау”, "Махаббат жыры”, "Ғажап адам”, "Невель түбінде”, "Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың "Адам тағдыры”,П.Павленконың "Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның "Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, "Құрмет белгісі”, "Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

         
Книги | Просмотров: 7244 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (2)

Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясы - Көшпенділер

Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ халқының мүмкіндіктеріне шек келтірушілерге қарсылықтан туған реакция нәтижесі. Өздерін жоғары санайтын «тарихи және тарихи емес» кейбір елдер мен халықтардың «артықшылығы» жайындағы мифтерді күл етіп көкке ұшырады. «Көшпенділерде» кімнің ханы күштірек, кімнің тауы биігірек, кімнің әдет-ғұрпы жақсырақ деген сәуегейшілік атымен жоқ. Романның мақсаты «Біздің де өзгелермен тереземіз тең, бұған куә - тарихымыз»,— міне, І Есенберлин шығармаларының айтпағы осы.

         
Книги | Просмотров: 1695 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (1)

Сей­фул­лин Сәкен. Тар жол, тайғақ ке­шу: Ро­ман-эс­се.

Дәуір ұра­нына сәй­кес қазақ то­пырағын­да та­рихи-ре­волю­ци­ялық тақырыпқа барған тұңғыш ро­ман-эс­се- «Тар жол тайғақ ке­шу». Шығар­ма 1916–1919 жыл­дардың оқиғала­рын қам­ти­ды.
Әри­не, тап­тық ұста­нымға сүйен­ген ав­тордың Ала­шор­да арыс­та­ры жайын­дағы қай­сы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп рет­те қай­шы ке­летіні де рас. «Тар жол, тайғақ ке­шу»- ең ал­ды­мен та­рихи, әде­би факт және көркем мәтін.


Книги | Просмотров: 2765 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (0)

«Қорғансыздың күнінде» Мұхтар Омарханұлының төл асыл сөзі көрінеді. Күшікбай батыр туралы аңызды айтқанда, қазақтың бабалары осындай болған, өлейін деп жатса да елінің намысын қорғап, жанкештілікпен қаза тапқан дегенді меңзейді. Ал сондай батырдың моласы жатқан жерде осындай оқиға орын алды деп, екі дүниені шендестіре суреттейді. Қазіргі тіршілік шыныменде қорғансыздардың күні. 1921 жылы жарық көрген дүние, сол жылы Мұхтар Омарханұлы қазақ әдебиеті тарихын жазып жатқан. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақала жазған. Сонда жазушы Мұхтар Әуезов, «Қорғансыздың күнін» жазып отырған жазушы, не жазғанын өзі анық біліп отыр. Күшікбай батыр бабамыз сияқты елдің намысын, абыройын қорғаған жерде бүгін қорғансыздардың күні қалай болып жатыр? Әңгіменің «Қорғансыздың күні» деп аталуы да тегін емес. Келтірілген мәтіндерде қазақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани жағдайы қыл үстінде тұрғаны бейнеленген, қазақ қорғансыз болып тұрған кез ол. Кеңес өкіметі келіп жатыр, бұрынғы текті бабаларымыздың тарихы жойылып жатыр. Хандық жойылды, одан кейін тіпті Абайдың аты аталмау керек. Текті тарихты алып қалу үшін Күшікбай батыр туралы аңыз келтіріледі де, «содан кейінгі қазақтың атқамінерлері кім еді?» деген сұраққа жауап ізделеді. Мұхтар Әуезов бейнелеген замана шындығы қандай болды? Өз билігі өзінің қолынан кеткен ел иесіз қалғандай болмады ма? Бұл мәтіндерден тарихи мағлұмат та ала аламыз. Классикалық әдебиеттің негізгі қажеттілігі осындайдан.
Книги | Просмотров: 2958 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (0)

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргіқазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».[1] «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»

Книги | Просмотров: 1874 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

Бұлбұл
Андерсен ертегісі бойынша.
Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда Қытай жеріндегі патшаның сарайы дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай деген атақ алыпты. Нәзік, жұқа фарфордан тұрғызылған сарайға, тіпті, жақындауға да, оған қол тигізуге де адам баласы бата алмайды екен.


Книги | Просмотров: 755 | Загрузок: 242 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

Шәкәрімнің Үш анығы
Шәкәрімнің әлем, адам, жаратылыс жайындағы философиялық ой–толғамдары оның «Үш анық» атты философиялық трактатында жүйеленген. Шәкәрім Сәбит Мұқановқа жазған хатында "қырықтан соңғы ойым философия жағына салынып” деген пікірлер айтады. Сондағы философиясы осы "Үш анық” турасында болып отыр. Шәкәрім қырықтан асқан соң отыз жылдай "Үш анықты” жазуға көптеген ізденістер жасап, өмірінің соңында "отыз жылдай жиғаным”– деп өзінің тапқан, анық деп таныған «Үш анығын» жүйелейді.


Книги | Просмотров: 1414 | Загрузок: 481 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-11