Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 33
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 »

Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясы - Көшпенділер

Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ халқының мүмкіндіктеріне шек келтірушілерге қарсылықтан туған реакция нәтижесі. Өздерін жоғары санайтын «тарихи және тарихи емес» кейбір елдер мен халықтардың «артықшылығы» жайындағы мифтерді күл етіп көкке ұшырады. «Көшпенділерде» кімнің ханы күштірек, кімнің тауы биігірек, кімнің әдет-ғұрпы жақсырақ деген сәуегейшілік атымен жоқ. Романның мақсаты «Біздің де өзгелермен тереземіз тең, бұған куә - тарихымыз»,— міне, І Есенберлин шығармаларының айтпағы осы.

         
Книги | Просмотров: 1695 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (1)

Сей­фул­лин Сәкен. Тар жол, тайғақ ке­шу: Ро­ман-эс­се.

Дәуір ұра­нына сәй­кес қазақ то­пырағын­да та­рихи-ре­волю­ци­ялық тақырыпқа барған тұңғыш ро­ман-эс­се- «Тар жол тайғақ ке­шу». Шығар­ма 1916–1919 жыл­дардың оқиғала­рын қам­ти­ды.
Әри­не, тап­тық ұста­нымға сүйен­ген ав­тордың Ала­шор­да арыс­та­ры жайын­дағы қай­сы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп рет­те қай­шы ке­летіні де рас. «Тар жол, тайғақ ке­шу»- ең ал­ды­мен та­рихи, әде­би факт және көркем мәтін.


Книги | Просмотров: 2765 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (0)

«Қорғансыздың күнінде» Мұхтар Омарханұлының төл асыл сөзі көрінеді. Күшікбай батыр туралы аңызды айтқанда, қазақтың бабалары осындай болған, өлейін деп жатса да елінің намысын қорғап, жанкештілікпен қаза тапқан дегенді меңзейді. Ал сондай батырдың моласы жатқан жерде осындай оқиға орын алды деп, екі дүниені шендестіре суреттейді. Қазіргі тіршілік шыныменде қорғансыздардың күні. 1921 жылы жарық көрген дүние, сол жылы Мұхтар Омарханұлы қазақ әдебиеті тарихын жазып жатқан. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақала жазған. Сонда жазушы Мұхтар Әуезов, «Қорғансыздың күнін» жазып отырған жазушы, не жазғанын өзі анық біліп отыр. Күшікбай батыр бабамыз сияқты елдің намысын, абыройын қорғаған жерде бүгін қорғансыздардың күні қалай болып жатыр? Әңгіменің «Қорғансыздың күні» деп аталуы да тегін емес. Келтірілген мәтіндерде қазақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани жағдайы қыл үстінде тұрғаны бейнеленген, қазақ қорғансыз болып тұрған кез ол. Кеңес өкіметі келіп жатыр, бұрынғы текті бабаларымыздың тарихы жойылып жатыр. Хандық жойылды, одан кейін тіпті Абайдың аты аталмау керек. Текті тарихты алып қалу үшін Күшікбай батыр туралы аңыз келтіріледі де, «содан кейінгі қазақтың атқамінерлері кім еді?» деген сұраққа жауап ізделеді. Мұхтар Әуезов бейнелеген замана шындығы қандай болды? Өз билігі өзінің қолынан кеткен ел иесіз қалғандай болмады ма? Бұл мәтіндерден тарихи мағлұмат та ала аламыз. Классикалық әдебиеттің негізгі қажеттілігі осындайдан.
Книги | Просмотров: 2958 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 30.11.2013 | Комментарии (0)

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргіқазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».[1] «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»

Книги | Просмотров: 1874 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

Бұлбұл
Андерсен ертегісі бойынша.
Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда Қытай жеріндегі патшаның сарайы дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай деген атақ алыпты. Нәзік, жұқа фарфордан тұрғызылған сарайға, тіпті, жақындауға да, оған қол тигізуге де адам баласы бата алмайды екен.


Книги | Просмотров: 755 | Загрузок: 242 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

Шәкәрімнің Үш анығы
Шәкәрімнің әлем, адам, жаратылыс жайындағы философиялық ой–толғамдары оның «Үш анық» атты философиялық трактатында жүйеленген. Шәкәрім Сәбит Мұқановқа жазған хатында "қырықтан соңғы ойым философия жағына салынып” деген пікірлер айтады. Сондағы философиясы осы "Үш анық” турасында болып отыр. Шәкәрім қырықтан асқан соң отыз жылдай "Үш анықты” жазуға көптеген ізденістер жасап, өмірінің соңында "отыз жылдай жиғаным”– деп өзінің тапқан, анық деп таныған «Үш анығын» жүйелейді.


Книги | Просмотров: 1414 | Загрузок: 481 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

Орыс халық ертегілері.
Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша - тұңғышы. Иван - кенже баласы.
Бірде балалардың әке-шешесі қалаға аттанады. Кетерінде олар Машаға:
- Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша - өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған сеніп кетіп барамыз, жарай ма? Біз сендерге қаладан базарлық ала келеміз, - деп қатаң ескертеді де, қоштасып жолға шығады.

Книги | Просмотров: 855 | Загрузок: 243 | Добавил: admin_ | Дата: 27.11.2013 | Комментарии (0)

фотошоп бейне сабақ қазақша

Бейне сабақтар | Просмотров: 1241 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

ip адресті білу қазақша бейне сабақ

Бейне сабақтар | Просмотров: 680 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Ойын жасау қазақша бейне сабақ  FPS creator 10x

Бейне сабақтар | Просмотров: 957 | Загрузок: 0 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-33