Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 393
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 39 40 »

ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАЛАРЫ МЕН МҰЗДАТҚЫШТАРҒА 
ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

 

1. Ет және ет өнімдері өндірісінде мұздатып өңдеу мен өнімдерді сақтау үшін арнайы дайындалған тоңазытқыш камералары мен мұздатқыш қолданылады. Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыш көлемі және саны объектілердің өндірістік қуаты мен температураны өнім түріне байланысты минус 30о С-тан 0о С-қа дейінгі және ауаның ылғалдығын 60%-дан 95% дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жағдайды ескере отырып таңдалады.

Тоңазытқыштар камералары мен мұздатқыштардың ішкі қабырғалары және төбелері оларға ет және ет өнімдерін салу алдында санитарлық өңдеуден өтеді.

Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілд


Разные | Просмотров: 1832 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Өндірістік тоңазытқышыштар

Өндірістік тоңазытқыштар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында орнатылады, ал тарату Тоңазытқыштары бөлшек саудада және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында пайдаланылады. Тоңазытқыштар, сондай-ақ пайдалану саласына, сақталатын өнімнің түріне, сыйымдылығына байланысты дайындау Тоңазытқышы, көліктік-экспед., т.б. болып бөлінеді. Тоңазыту қондырғылары тоңазыту машиналарынан, жасанды температуралық ортаны жасайтын, тасымалдайтын аппараттар мен құрылғылардан тұрады.


Разные | Просмотров: 1427 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Өндірістік тоңазытқышыштар

Өндірістік тоңазытқыштар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында орнатылады, ал тарату Тоңазытқыштары бөлшек саудада және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында пайдаланылады. Тоңазытқыштар, сондай-ақ пайдалану саласына, сақталатын өнімнің түріне, сыйымдылығына байланысты дайындау Тоңазытқышы, көліктік-экспед., т.б. болып бөлінеді. Тоңазыту қондырғылары тоңазыту машиналарынан, жасанды температуралық ортаны жасайтын, тасымалдайтын аппараттар мен құрылғылардан тұрады.


Разные | Просмотров: 1624 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Tоңазыту машиналары

Сырттан келтірілген энергия арқылы жасанды салқындату (суыту) процесін тоңазыту машинасы жүзеге асырады. Ол компрессорлық, жылулық, термоэлектрлік болып бөлінеді.

·   Компрессорлық тоңазыту машинасының жұмысы газды немесе буды сығымдау арқылы температураны өзгерту процесіне, жылулық тоңазыту машинасы жылу энергиясына негізделген.

·   Термоэлектрлік тоңазыту машинасында тоңазыту процесі Пельте эффектісіне негізделген. Тоңазыту машиналарындағы сығу процесі тоңазыту агенттерінің көмегімен атқарылады. Фреондараммиаккөмірсутектер (пропанэтанэтилен), аммиактың судағы ерітінділері, бромды литий, су буы тоңазыту агенттері қызметін атқарады. Қазіргі кезде мұздату камерасының сыртында пайда болған мұзды автоматты түрде ерітетін құ-рылғысы бар екі камералы Тоңазытқыштар кеңінен қолданылады


Разные | Просмотров: 2735 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Тоңазытқыштардың типтері

 

Азық-түлік сапасын жоғары деңгейде сақтау үшін міндетті түрде үздіксіз тоңазыту жүйесін жасау қажет, себебі ол азық-түлікті өндіру немесе дайындау кезінен оны қолданғанға дейін төменгі температураны сақтауды қамтамасыз етеді.

Еліміздің әр түрлі аудандарында орнатылган тоңазытқыштар үздіксіз тоңазытқыш жүйесінің тар звеносы болып табылады, олардың арасындағы байланысты тоңазытқыш көлігі жасайды. Тоңазытқыштар белгіленуіне қарай мынандай типтерге бөлінеді: өндірістік, дайындағыш, бөлгіш, сауда, алғашқы және көлікті.


Разные | Просмотров: 1772 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Жоспар:

1.    Жарақат туралы.

2.    Жарақат түрлері

3.    Кәсіби ауру.

4.     Сәтсіз оқиға.

 

 

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);


Еңбекті қорғау | Просмотров: 23344 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Жоспар:

1.     Табиғи немесе жасанды желдеткіш.

2.     Жалпы желдеткіш жайлы

3.     Желдету және оның тарихы

 

Табиғи немесе жасанды желдеткіш.

Табиғи желдетудің өз кемшiлiктері де артықшылығы да болады. Тарихта кім бірінші болып табиғи желдеткішті қолданғанын анықтау қиын. Жүйенiң арзаншылығы, жайғасудың оңайлығы сөз жоқ, үлкен артықшылық болып табылады. Табиғи желдетудiң өнiмдiлiгi мұндай сыртқы және iшкi ауа, бағыт және желдiң лебi, қысымның айырмашылығының температураларының айырмашылық табиғи факторлардан тiкелей бағынышты болады. Бұл тәуелдiлiк табиғи желдетудiң тиiмдiлiгiн өте тұрақты емес қылады.

Жабдық және ауаны жіберуге немесе қажеттi санда оның түбегейлi қашықтықтарына алып тастауға мүмкiндiк беретiн аспапты пайдалану механикалық желдеткіш немесе оны жасанды желдеткіш деп атауға болады.  Тұрғын үй объектiлерінде, әрине, механикалық желдеткіштерді қолдану керек. 


Еңбекті қорғау | Просмотров: 8621 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз етілуі

Кәсіпорынның еңбек ресурстары – кәсіпорынның басшылығы тарапынан қамқорлық жасайтын әрқашан бақыланатын объектісі болып табылады.

Нарықтық қатынастар кезінде еңбек ресурстарының ролі елеулі түрде жоғарылайды. Өндірістің инвестициялық сипаты жоғары ғылымилықты талап етуі, өнімнің сапасы жөніндегі мәселелерді маңызды деп қарауы жұмыскерге қойылатын талапты, оның еңбекке деген қатынасының творчестволық маңыздылығын және жоғарғы біліктілігін күшейтті. Осы талаптар кәсіпорын қызметкерін басқарудағы тәсілдер мен әлеуметтік-психологиялық мәселелердің, принциптердің елеулі түрде өзгеруіне алып келді.

Жақсы іріктелген еңбек ұжымы – кәсіпкердің ең негізгі міндеті болып табылады. Бұл кәсіпорын басшылығының ойлағанын ұғынып, біліп және жүзеге асыруға мүмкіншілігі барп әріптестердің және пікірлестердің тобы болуы тиіс.

Еңбектік қатынастар – кәсіпорын жұмысының ең күрделі жағы, ұжымда пайда болған араздық жағдайларды шешу кезінде, әр адамның жеке бейімділігін, тұлғалық мінезін, психологиялық таңдауын есепке алуы керек. Әрине техникалық немесе технологиялық ақаулықтарды қалпына келтіру әлдеқайда оңай.


Экономика | Просмотров: 3453 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Кәсіпкерліктің классификациясы

Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай. т.б. әртүрлі нышандары бойынша классификациялауға болады.

Кәсіпкерлік істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады.

Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.


Экономика | Просмотров: 6025 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік түсінігі және түрлері

 

1.1. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.   

Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және  т.б.        


Экономика | Просмотров: 22657 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 381-390 391-393